Басшылар мен құрылымдық бөлімшелер туралы мәліметтер

Президент

Қазиев Ілияс Асанұлы, Алматы энергетика институтын электрондық техника инженері мамандығы және Алматы менеджмент академиясын (ХБА) іскерлік әкімдік ету магистрі дәрежесі (МВА) бойынша аяқтаған. IPMA стандарттары бойынша жобаларды басқару жөніндегі маманның халықаралық сертификатының иегері.

2012–2015 жж. –өнеркәсіптік кәсіпорындарды кешенді жобалаумен және автоматтандыру жүйелерін енгізумен айналысатын Verbulak компаниясы директорының кеңесшісі, 2013 жылдан бастап директоры.

2007–2012 жж – қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және игеру жөніндегі «Дата майнинг» ЖШС директоры. «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі- Тәуелсіз директор.

2005–2006 жж. Ертіс химия-металлургия зауыты Директорлар кеңесінің төрағасы. Стратегиялық даму жне инвестиция тарту мәселелерін шешуге жетекшілік етті.

2001–2005 жж. — мұнай-газ секторында автоматтандыру жүйелерін енгізуге мамандандырылған «Zeinet» ЖШС компаниясы бас директорының орынбасары, кейін бас директоры.

Техникалық директор

Салахитдинов Андрей Кадырбекович. 1981 жылы Ленинград политехникалық институтының радифизикалық факультетін радиофизика және электроника мамандығы аяқтаған. Жолдама бойынша Алматы қаласындағы С. М. Киров атындағы машина жасау зауытына жіберілген. Зауытта ол алдымен тәжірибелік-конструкторлық бюрода IIIсанаттағы инженер-конструктор, содан кейін механикаландыру және автоматтандыру бөлімінің II санаттағы инженер-конструкторы болып жұмыс істеді. 1981- 1984 жылдар аралығында стандартты емес радио-электрондық жабдықтар жасаумен және енгізумен, робот-технологиялық кешендер мен желілерді басқару жүйелерін жобалаумен, құрастырумен және реттеумен айналысты. 1985 жылдан бастап 1989 жылға дейін «Проектмонтажавтоматика» МЖИ Қазақ бөлімшесінің конструкторлық-технологиялық бөлімінде аға, содан кейін жетекші инженер лауазымдарын атқарып, автоматты желілер мен тетіктерді басқару жүйелерін жобалады. 1989–1994 жж. және 2000–2004 жж. «Казгипромаш» Қазақ МЖИ («Казгипромаш институты» ЖШС) КИП және А (технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерін жобалау) секторының бастығы, жобаның бас инженері болып жұмыс істеді (машина жасау, қара және түсті металлургия кәсіпорындарын жобалауға басшылық жасады). 1994 – 2000 жж. Қазақстан кәсіпорындарына электр жабдықтарын, станок, сорғы, өнеркәсіптік жабдық жеткізу жөніндегі қызметпен айналысты. 2004 жылдан бастап «ZeinetCAD» ЖШС-де жоба менеджері, жобалау департаменті директорының орынбасары, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Өндірістік мәселелер жөніндегі Вице-президент

Балкенов Берік Қайдарұлы, 1960 жылы туған, білімі жоғары. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау мамандығы бойынша, экономист деген біліктілік алып аяқтады. Жалпы еңбек өтілі 29 жылы, салада 8 жыл еңбек етіп келеді.

Президенттің кеңесшісі

Пан Светлана Викторовна, 1947 жылы туған, білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік институтының «Сумен жабдықтау және кәріз» факультетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша аяқтаған. Жалпы еңбек өтілі 36 жыл. Пан С. В. — сумен жабдықтау, кәріз және олармен байланысты гидротехникалық имараттар бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау саласындағы танымал сарапшы, жобаларды қоғамдық негізде сараптауды жүзеге асырады. Пан С. В. 2010 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылғы тамыз айында- «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төс белгісімен марапатталды.

Аты-жөні, тегі Лауазымы Жұмыс телефоны Электрондық адресі
Қазиев Ілияс Асанұлы Президент 8 (727) 276–11–01 
Салахитдинов Андрей Кадырбекович Техникалық директор 8 (727) 276–52–40 
Балкенов Берік Қайдарұлы Өндірістік мәселелер жөніндегі Вице-президент 8 (727) 276–94–16 
Пан Светлана Викторовна Президент кеңесшісі 8 (727) 226–91–75 
Хайнарбаев Тимур Темирбайұлы Корпоративтік хатшы 8 (727) 276–26–75 
Мырзағали Индира Құрмантайқызы Кеңсе меңгерушісі (Хатшы) 8 (727) 276–09–98 
8 (727) 276–29–26 

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013