Табыс тарихы

Қазақ Суарнажоба" АҚ (бұдан әрі –Қоғам) Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және су бұрудың алаңнан тыс жүйелері бойынша мемлекет 100% қатысатын жалғыз салалық жобалау институты болып табылады. Оның жобалары бойынша Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясы Орал аймағының ішінара оңтүстік бөлігі, Орта Азия мен Моңғолияның ірі, орта және шағын қалаларының табиғи және ағынды суларды тазарту, зарасыздандыру жүйелері мен имараттарын, су тартқыш имараттарын қоса алғанда, барлық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері салынған. «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ жобалары бойынша салынған және салынып жатқан қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері барлық уақытта үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінетін объектілер болған және болып қала береді, өйткені олар еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі үшін тек экономикалық және әлеуметтік маңызды ғана емес, сонымен бірге стратегиялық маңызды болып табылады.

1957–2010 жж. ішінде «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ жобалары бойынша салынған сумен жабдықтау мен су бұру негізгі объектілері Жұмыс істеген жылдары «Қазақ Суарнажоба» АҚ мамандары орындаған аса маңызды жұмыстар: • Орта Азия аймағы ірі қалалары бойынша аралық кескіндемелері. Қарағанды-Теміртау аудандық су құбыры бойынша жобалау тапсырмасы және жұмыс сызулары. Орынбор газ өңдеу кешенінің алаңнан тыс сумен жабдықтау мен тоспалау құрылыстарының барлық кезектері бойынша жұмыс сызбаларымен қоса алғанда жобалау құжаттамасы. • Шымкент, Павлодар, Чарджоу және Орск қалаларындағы мұнай өңдеу заводтарының сумен жабдықтау мен тоспалау бойынша барлық жобалау құжаттамасы. • Павлодар, Алға, Самарқанд, Жамбыл, Алмалық қалалық химия заводтарындағы сумен жабдықтау мен тоспалау бойынша алаңнан тыс құрылыстар. Қарағанды металлургия комбинаты, Қашар және Бощыкөл тау-кен байыту комбинаттары бойынша да осындай. • «Қазақ Суарнажоба» жұмыс сызбалары бойынша Тобол өзенінде ауа райына байланысты су лақтыру шығындылығы 1440 мЗ/сек болатын Қызылжар гидротармағы салынды. Торғай және Арқалық бокситтік кен орындары сумен жабдықтау жүйелері үшін Ақжар және Ащытас су қоймасы салынған. • 1979 жылы Краснодар химия заводына «Фосфогипс гидроукладкасын гидрожою» жұмыс сызбалары әзірленді. КСРО-да алғаш рет қоршаған бөгеттерді жууға фосфогипс пайдаланылды. • МХР-ндағы «Зрдэнэт ТКБК үшін» сыртқы және алаңнан тыс сумен жабдықтау мен тоспалауға жұмыс сызбаларын қоса жобалау құжаттамасы әзірленді. • «Қарашығанақ НГКМ көркейту» құрылыс объектісіне, алаңнан тыс сумен жабдықтау мен тоспалауға жобалау құжаттамасы берілді. • Ташқұмыр жартылай өткізгіш материалдар заводы және басқа объектілер қатары сыртқы шаруашылық — ауыз суы бойынша сумен жабдықтау құрылысын салу. • 2005 ж. «Суарна» МКМ тапсырмасы бойынша Алматы қалалық «Су құбырлары мен тоспалау тізбектерін қайта құру» ЖЭБ әзірлеу жұмыстары (I кезең – апат жағдайындағы тізбектерді ауыстыру) жүргізілді. • 2006 ж. Алматы қ. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Департаменті тапсырмасы бойынша «Алматы тоспалау тазалау құрылыстарының қолда бар технологиялық кескіндемелерін жаңарту ПСД»жұмыс жобасы әзірленді. • 2007 ж. «Алматы қ. Су құбырлары тізбектерін қайта құру» (I кезең -– апат жағдайындағы тізбектерді ауыстыру) жұмыс жобасы әзірленді, оның ішінде санация тәсілімен. • 2008 ж. Алматы «Сайран тұрғындар ауданының сумен жабдықтауы мен тоспалауы» жұмыс құжаттамасы әзірленді.

Сумен жабдықтау бойынша тазалау құрылыстары кешені, «Медеу», Алматы

Сумен жабдық тау мен су бұру жүйелерін қайта құру, Көкшетау,2010 ж.

Алматытоспалаутазалау құрылыстары Аэротенкалары, Алматы қ.

Алматы қ. тоспалау тазалау құрылыстары тұндырғышы

90-жылдардан бастап жұмыс көлемінің жоқтығына байланысты Қоғам әжептәуір қаржылық қиыншылықтарды басынан кешірді, негізгі қаражат физикалық жағынан тозды және моралдық жағынан ескірді, кадрлардың көбі кетіп қалды. 2008 ж. нәтижелері бойынша Қоғам 7,9 млн теңгеге зиян шекті, несиелік қарыз бастан асты, жалақының төмендігіне байланысты жас мамандар болмады, ал қалған мамандар зейнеткерліктің алдындағы және зейнеткерлік жасындағылар болды. 2009 жылдың басында «Қазақ Суарнажоба» АҚ-н терең қаржылық және ұйымдық дағдарыстан шығару үшін Қоғам басшылықты жаңа командаға берді. Жаңа команда келу қарсаңында Қоғамда жұмыс көлемі болмады, жалақы төлеуге, салық міндеткерліктерін, несие қарыздарын және мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстарға қатысу үшін кепілдік міндеттемелерді төлеуге айналыс қаржысы және қаржылық ресурс болмады. Қоғам Президенті болып бұрын Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтау мен су бұру бойынша ең ірі эксплуатациялық мекеме – «Алматы Суарна» МКМ басқарған В. Г. Галиев сайланды. «Алматы Суарна» МКМ басшысы болған В. Г. Галиев Алматы қаласы әкімшілігінің көмегімен қысқа мерзім ішінде «Алматы Суарна» МКМ-н дағдарыстан шығарды, мекеме жұмысын тұрақтандырып және оны жоспарлы түрдегі шығынды ұйымнан тұрақты қаржылы жағдайы бар мекемеге айналдырды. Ол ресурсты сақтау және ауыз су үнемдеу мәселелерін шешті, бұл туралы 09.04.2009 ж. Алматы қаласында болған мәжілісте еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміздің басқа аймақтарының қару ретінде қабылдауға көңілін аударуға лайықты оң тәжірибе ретінде атап өтті. «Қазақ Суарнажоба» АҚ жаңа басшылығы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі қолдауымен ұйымның қаржылық және ұйымдық қайта құрылуына байланысты көптеген жұмыстар атқарды. «Қазақ Суарнажоба» АҚ-нда ұйымның өндірістік және жобалық әлеуеті қайтадан қалпына келтірілді. Қоғам шығынмен жұмыс істегенді тоқтатты, техникалық даму мен техникалық қызметті үйлестіру бойынша және атқарылған жұмыстар арқылы Қазақстан Республикасы салалық мекемелері мен ұйымдарының сумен жабдықтау мен су бұру саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат жүргізу бойынша салмақты міндеттерді жүзеге асырушы табысты мекемеге айналды.2009 жылғы нәтижелердің өзінде-ақ Қоғам орындалған жұмыстар көлемін ұлғайтты, 10,5 млн теңге көлемінде кіріс кірді, жаңа компьютерлік жабдықтар мен қазіргі заманғы ақпараттық бағдарламалар сатып алына бастады. 2010 жылы Қоғам тұрақты қаржылық жағдайға қол жеткізді, жыл қорытындысы бойынша кіріс 22,9 млн теңгені құрады. Бұл Қоғам қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға көбейтуге, техникалық базаны жаңалауды жалғастыруға және жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік берді. Қоғам жобалау жұмыстарын жүргізу конкурстарында жеңіп шыға бастады, алыс және жақын шетелдердегі жетекші жобалау институттарымен байланыс орната бастады.2010 жылы «Қазақ Суарнажоба»

АҚ 2011–2020 жылдарға арналған Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша «Ақ бұлақ» мемлекеттік салалық бағдарламасын әзірлеуге қатысты.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ кірістері мен шығыстары динамикасы

«Қазақ Суарнажоба» АҚ шығындары мен табыстары динамикасы «Қазақ Суарнажоба» АҚ жұмысын тұрақтандырып, 2011 жылғы қараша айында В. Г. Галиев Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасы орынбасары болып тағайындалды. 07.11.2011ж. № 139-л бұйрық бойынша «Қазақ Суарнажоба» АҚ Президенті болып Қоғам Вице-Президенті болып 2 жылдан аса уақыт қызмет істеген Валиев Рустам Максумович тағайындалды. Қазіргі уақытта Қоғам аяғымен нық тұрды және өндірістік мекемелер мен қалалардың алаңнан тыс сумен жабдықтау мен тоспалау жүйелері бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын табысты жүргізуде.


Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013