Тарих

1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жарлығымен Алматы қаласында Қазақстан мен Орта Азия республикаларының өнеркәсіп мекемелеріне арналған алаңнан тыс сумен жабдықтау, канализация және солармен байланысты гидротехникалық құрылыстарды жобалау бойынша «Союзводоканалпроект» Қазақ бөлімін ашу туралы шешім қабылданды.

1968 жылы КСРО МемҚұрылыс 18 қаңтар 1968 ж. №3 бұйрығы бойынша «Союзводоканалпроект» Қазақ бөлімі «Союзводоканалниипроект» бірлестігіне кіретін «Казводоканалпроект» жобалау институты болып қайта құрылады.

Институт РСФСР –дің кейбір өндірістік мекемелеріне (Орынбор газ өңдеу кешені, Орск Мұнай өңдеу заводы, Краснодар химзаводы және басқа) жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Бұдан басқа институт Монғол Халық Республикасында «Эрдонэт» тау-байыту мыс-молибден комбинатының алаңнан тыс сумен жабдықтау және канализация құрылысын жобалау және авторлық бақылау жұмыстарын жүргізді, оның бірінші кезегі 1977 жылы пайдалануға берілді.

Қазақстан мен Тәжікстанның барлық ірі қалаларының сумен жабдықтау және канализация жүйелері «Казводоканалпроект» жобаларымен жасалған.

Өзінің өндірістік және техникалық қызметінде институт ұжымы бірыңғай техникалық саясатқа, жобалық-сметалық құжаттама сапасын арттыруға, жобалаудың техникалық және экономикалық деңгейін көтеруге, жаңа алдыңғы қатарлы техникалық шешімдерді кең түрде енгізуге және жобалау арқылы сумен жабдықтау мен канализация жүйелерінің құрылысының құнын төмендетуге бағытталған КСРО МемҚұрылыс-тың, Басөнеркәсіпқұрылысжоба-ның және Союзводоканалпроект Бірлестігінің басқару жарлықтарын басшылыққа алды. Дайындалған жобаларда су ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны өндіріс қалдықтары мен ластауларынан қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013