Стратегия

right

●Сумен жабдықтау мен тасымалдау саласын кешенді дамыту мақсатында Институтты елге қажетті деңгейге және мүмкіндікке дейін сақтау және қайта құру, сондай-ақ, оны сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйелерін қайта құру мен жаңарту бөлігі бойынша «Ақ бұлақ» және «2020 жылдарға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту» бағдарламаларының операторы деп анықтау;

● Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігіне қарасты «Қазақ Суарнажоба» АҚ-ның аздаған күрделі шығындармен, қазіргі заманғы жабдықтар мен материалдардың алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерін қолдану арқылы ҚР қалаларының сумен жабдықтау және тоспалау жүйелерінің кешенді дамуы бойынша бірыңғай мемлекеттік ғылыми негізделген тұжырымдама (саясат) дайындау және жүргізуге арналған бас маманданған жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу ұйымы ретінде мәртебесін қайтару;

●Қазақстандық мөлшер үлесін көбейту – істеп тұрған өндірістерді дамыту және қолдау, жаңа көп қаражатты қажет ететін жоғары технологиялы жабдықтар, материалдар, технологиялар өндірісін құру, отандық нано- және энергия үнемдейтін технологиялар жасау, бәсекелестікке қабілетті орта құру;

●Кадрлар даярлау және қайта даярлау, жұмыс орындарын көбейту;

●Ұзақ мерзімді негізде сапалы эксплуатация – сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйелерінің сенімділігі, тиімділігі;

●Халық пен өндірістерді кепілдендірілген сапалы сумен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйелерін құру мен жаңалау бойынша жаңа баптар дайындау;

● Сумен жабдықтау мен тасымалдау саласында қызмет істейтін отандық және шетелдік ұйымдардың, мекемелердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтау және тарату;

●Сумен жабдықтаудың қосымша көздерін дамыту;

●Еліміздің су және энергетикалық ресурстарын үнемді және ұтымды пайдалану;

●Жұмыстың барлық түрлері бойынша міндеттерді шешуге кешенді көзқарас: іздестіру -техника-экономикалық негіздеу — жұмыс құжаттамасы;

●Жобалауда жоғары технологиялық және қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдалану;

●Тарифтік бағаларды сәйкестендіру (ретке келтіру) (есепке алу, негізгі қаржы, шығындар);

● Сумен жабдықтау мен тасымалдау бойынша қазақстандық жобалау жұмыстарының сапасын қажетті деңгейге көтеру.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013