Біздің серіктестер

Бүгінгі күні «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы мынадай алыс және жақын шетелдермен: Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қытай, Венгрия, Германия, Италия, Франция, Бельгия, Австрия, Түркия елдерінің салалық компанияларымен серіктестік қатынас орнатқан.

«Қазақ Су арнасы жобасы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Су Арнасы» Ассоциациясының мүшесі болып табылады.

ҚР «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және тасымалдау бойынша мекемелері Ассоциациясының қызметі туралы қысқаша ақпараттық анықтама

«Қазақстан Су Арнасы» Ассоциациясы 2002 ж. сумен жабдықтау және тасымалдау қызметін көрсету мәселесімен айналысатын 64 мекеме мен ұйымдардың өкілетті органы ретінде құрылған, Ассоциацияның қызметінің негізгі бағыты салалық нормативтік-құқықтық базаны дамыту, ұйымдастыру мәселелерін шешу, сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелерінің қызметін жетілдіру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

2002 ж. бастап Ассоциация Президенті В. В. Сюндюков болып табылады. Ассоциация қызметі сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған. Ассоциацияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы территориясындағы және одан тысқары жерлердегі мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа ұйымдарда сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау болып табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін Ассоциация мынадай шараларды жүргізбек:

● сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелерін дамытудың маңызды бағыттары мен бағдарламаларын жасау;

●Су арнасы шаруашылығы мекемелерінің нормативтік-құқықтық базасын жасауға және жаңартуға қатысу;

●Қазақстан Республикасында сумен жабдықтау және тасымалдауды дамыту мәселелерін ғылыми-практикалық тұрғыдан зерттеу;

●Судың қолданылуын есептейтін қазіргі заманғы құрылғылармен қамтамасыз етуге ықпал ету;

●Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шетелдерде желілер мен ғимараттар салу және қайтадан салуға байланысты сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелерінің, өндірушілер мен тауар берушілердің, қаржы институттары мен инвесторлардың арасында шарт негізінде делдалдық қызметті жүзеге асыру;

●Ассоциация мүшелерінің практикалық жұмысына қажетті мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын құру және пайдалану;

●Ассоциация қызметін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаржылық, мүліктік және басқа қорлар құру;

●Жәрмеңкелерде, аукциондарда, биржалық және басқа саудаларда, жабдықтар мен технологиялар көрмелерінде Ассоциация мүшелерінің ортақ мүдделерін білдіру;

●Тәжірибе алмасуға байланысты семинарлар, конференциялар, көрмелер, іскерлік кездесулер өткізу;

●Баспа қызметін жүзеге асыру;

●Ассоциация мүшелеріне құқықтық мәселелерде, бірдеңемен қамтамасыз етуде, жарнамада көмек көрсету.

Ассоциация атынан «Водные ресурсы и водопользование» арнайы журналы айына бір рет басылып шығады. Басылым мақсаты оқушыға су дайындау, сумен жабдықтау және тасымалдау саласы бойынша барынша толық, жан-жақты ақпарат беру болып табылады. Негізгі назар сумен жабдықтау және тасымалдау жүйесін пайдалану мен құрылысын салу, су ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау, оларды басқарудың алдыңғы қатарлы тәсілдері мен оларды пайдалану практикасына аударылады.

2003 ж. бастап ҚР «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелері Ассоциациясы республикалық мемлекеттік органдардың қолдауымен екі жылда бір рет "Су Арнасы «Водопользование: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы» атты Халықаралық көрме мен конференция өткізеді. Көрмеде су дайындау мен ағын су тазалаудың қазіргі заманғы технологиялары, құбырлық-су тоспалық шаруашылыққа арналған жаңа материалдар мен жабдықтар көрсетіледі. Конференцияда республика қалалары мен тұрғылықты жерлерін сумен сенімді қамтамасыз етуге байланысты, тұтынушыларды сумен сапалы түрде жабдықтау мен тасымалдауға байланысты мәселелер талқыланады.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013