Қазақстан Республикасы мемлекетінің Елбасы жолдауын жүзеге асыру

«Қазақ Суарнажоба» АҚ Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен және су тасымалдау қызметімен қамтамасыз етудің Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 28 қаңтар 2011 жылғы «Болашақты бірге құрамыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі әлеуметтік маңызы бар Қоғам қызметі бағыттарымен байланысты екі Мемлекеттік бағдарлама дайындап, қабылдады: сумен жабдықтау және тасымалдау саласы бойынша 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы жалпы қаржыландыру көлемі 1273 млрд теңге және «2011–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту» бағдарламасы жалпы қаржыландыру көлемі 1099 млрд теңге.

Осы тапсырмалар аясында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі, оның атынан «Қазақ Суарнажоба» АҚ еліміздің жедел индустриалды инновациялық дамуы бағдарламасын жүзеге асырудың мынадай бағыттары бойынша қатысады:

1. Қазақстанның сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін салу мен қайта құру жобаларын жүзеге асыруда қазақстандық үлесті көтеру.

2. Сумен жабдықтау және тасымалдау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат әзірлеу және жүргізу.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013