Ресми сөйленген сөздер

2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» және «ТҮКШ жаңарту» бағдарламаларын жүзеге асыру барысында қазақстандық мөлшер үлесін көбейту механизмі (04.07.2011ж. Астанада өткен «Қазақстандық мөлшер 2011» қазақстандық мөлшерді дамыту мәселелеріне арналған Форумда «Қазақ Суарнажоба» АҚ Президенті В. Галиевтің жасаған баяндамасынан)

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қазақстандық мөлшер үлесін көбейту бұл тек қана Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің міндеті емес, барлық салалық министрліктер мен ведомстволар міндеті де болып табылады. Осы тапсырма аясында Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі, оның атынан «Қазақ Суарнажоба» АҚ, және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның атынан «NADLoC» АҚ, «Ақ бұлақ» және «Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту» бағдарламаларын жүзеге асыру барысында қазақстандық мөлшер үлесін көбейту механизмін әзірлеп шығарды.

Салалық әлеуметтік бағдарламаларға мемлекеттік инвестициялар арқылы бұл механизмді орындау нәтижесінде өндірістерді құру бойынша индустриялық бағдарламаларға жеке меншік инвестициялар тартылады және мемлекет жұмыс істеп тұрған және құрылатын жаңа жоғары технологиялы бәсекеге қабілетті мекемелер мен технологиялар құруға алғышарттар мен жағдайлар жасайды.

Механизм қосымша мемлекеттік шығынсыз жүйелі түрде рынокты зерттеуге және бағалауға, қажетті жаңа өндірістер тізімін бекітуге, жоба алдындағы (ТЭО, инвестициялар негіздемесі) және жоба бойынша жұмыстарды әзірлеуде осы заводтардың өнімін кепілдікпен пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сумен жабдықтау мен су бөлу және ТҮКШ құрылыстары барысында оның пайдаланылуын тапсырыс берушілер мен мердігерлік ұйымдардың бақылауына мүмкіндік береді.

Бұл инвесторларды ынталандыруға мүмкіндік береді және 1,7 млрд аса АҚШ доллары сомасында инвестиция тарта алады және сумен жабдықтау мен су бұру және ТҮКШ басқа өндірістері үшін құбырлар, су сорғыштар, тиекті арматураларды, тазалау құрылғыларын өндіру сияқты жабдық, материал, технология түрлері бойынша өндірістер құра алады. Бұл жағдайда 5 мыңға тарта қосымша жұмыс орындары құрылады, елге импорт әкелу азаяды және ҚР-нда шамамен 765 млрд теңге салық, жалақы түрінде қалады. Сондай-ақ, мекемелерге де, мемлекетке де 243 млрд қосымша табыс әкелетін еліміздің экспорттық күші де өседі. Механизмге енгізілген материалдар, жабдықтар мен технологиялар қолдану ыңғайы қызмет көрсетуді жақсы жолға қоюға, олардың жөндеуге жарамды жағдайда болуына және ақырында ТҮКШ объектілерінің сенімділігіне қол жеткізеді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазақстандық мөлшерді дамытудың ұсынылған сызбасы

2011–2013 жылдарға «Ақ бұлақ» Бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп тұрған және алдағы уақытта құрылуы мүмкін жаңа өндірістердің бекітілген тізімін ескере отырып ҚР 56 қаласының инвестицияларының (ТЭО) негіздемесін бір орталықтан әзірлеу (ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі) мыналарды қамтамасыз етеді:

ең аз күрделі шығындармен қазіргі заманғы жабдықтардың, материалдардың алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерін қолдана отырып сумен жабдықтау мен кәріздер жүйесін кешенді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік концепция (саясат) әзірлеу және жүргізу, мұндағы технологиялық шешімдерде мынадай мәселелерді кешенді және жүйелі шешудің негізі бекітіледі:

•Бекітілген тізімге сәйкес жұмыс істеп тұрған және құрылатын жаңа отандық мекемелердің өнімін ұзақ мерзімді кепілді пайдалануды қамтамасыз ету;

• халықты жұмыспен қамтамасыз ету, кадрларды даярлау және қайта даярлау, жаңа мекемелер мен өндірістер ашу, отандық нано- және энергия үнемдейтін технологиялар әзірлеу, бәсекеге қабілетті орта құру;

•Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне аймақ инфрақұрылысын алдағы уақытта дамытуға зиян келтірмейтіндей етіп сумен жабдықтау мен су бұру саласындағы жергілікті мәселелерді шешу;

•Су ресурстарын ұтымды пайдалану;

•Сумен жабдықтау мен су бұрумен байланысты болатын аймақтарда қазіргі және алдағы уақыттағы экологиялық жағдай мәселелерін шешу;

• Тариф қалыптастыру мәселелерін (есепке алу, негізгі қаржы, шығындар) реттеу;

•Жобалау жұмыстарының сапасын тиісті дәрежеге келтіру;

• қойылған міндеттерді ұтымды да тиімді шешу, сумен жабдықтау мен кәріздер жүйесін жөндеу мен қайта құруға жұмсалған және жоспарланған ақшаның негізгі қаражатын үнемдеу.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013