Біліктілігін көтеру курстары

Біздің жоспарларымыз!

«Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы біліктілікті көтеру курстарына маманданған оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Онда Сіз жаңа қызықты білім ала аласыз, инженерлік жүйе бойынша жобалау, монтаждау және қызмет көрсету саласында ең үздік бола аласыз. Біздің мақсатымыз — Сіз кәсіби маман болу үшін және мансабыңыздың өсуі үшін қандай сұрақтарды жете меңгеруіңіз керек, Сіздің қандай сұрақтарды шеше алатын болуыңыз керек, біз дәл сол сұрақтарды терең меңгертеміз.

Теориялық және практикалық сабақтарды күнделікті өз білімдерін практикада қолданып жүрген жоғары білікті мамандар жүргізеді.

Оқу барынша қазіргі заманғы қолайлы жағдайларда интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы жүргізіледі. Оқу әдістемесі қазіргі заманғы талаптар мен ағымдарға сәйкес бағытта болады.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ осы оқу орталығына келем деушілердің талап-тілектерін ескере отырып, оны жеделдетіп ашу үшін белсенді қимыл жасайды.

Семинардың әр қатысушысына:

-оқу соңында және аттестациядан өтерде қысқамерзімді біліктілікті көтеру туралы Сертификат беріледі;

-оқу-әдістемелік материал беріледі;

-басқа жақтан келген қатысушыларға қонақ үйден броньдау қызметі көрсетіледі.

«Сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйесін жобалау және оның құрылысы» атты семинар

Семинарға жоспарланған тақырыптар:

1. Сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйесін жобалауға байланысты нормативтік құжаттарға қойылатын қазіргі заманғы стандарттар мен талаптар. Жобалаудың бірізділігі. Жобалауға қатысты кең таралған қателіктердің талдауы.

2. Жобалық құжат тарауларының құрамына қойылатын талаптар. Жобалық құжат дайындау, келісу және бекіту ретіне байланысты практикалық ұсыныстар.

3. Жылы сумен жабдықтау жүйесінің схемасын дайындау және ол жүйені есептеу. Жылу желісін жылы сумен жабдықтау жүйесіне қосу схемалары.

4. Сумен жабдықтау жүйесі қондырғысы және оның жабдықтары.

5. Суды тасымалдаудың ішкі және сыртқы жүйесін жобалау.

6. Жер үстіндегі ағын суларды тасымалдау және ретке келтіру. Техникалық шешу мысалдары.

7. Құбыр жүйелерінің, арматуралардың, жылу өткізбейтін материалдардың қазіргі заманғы материалдарының физико-техникалық сипаттамалары. Әр түрлі материалдардан жасалған құбырларды қолданудың экологиялық мәселелері. Құбыр салудың, арматура, сүзгі қондырғыларын орналастырудың әдістерін таңдау.

8. Қазіргі заманғы су сору қондырғылары. Су тазалау жүйелері, тазалау құрылыстары. Оларды таңдау мен қондыру принциптері.

9. Көпқызметті кешендерге, зәулім ғимараттарға арналған сумен жабдықтау мен канализация желілері мен жүйелерін жобалау ерекшеліктері.

10. Тізбектерді төсеу мен жөндеудің қазіргі заманғы әдістері. Жабдықтары мен технологиялары.

11. Өртке қарсы тұру нормативтері. Өртке қарсы тұру тізбектерін салу. Қолданылатын жабдық.

12. Объектілердің біріне бару.

Өзіңізбен байланысу ақпаратын және мекемеңіз туралы ақпаратты көрсетуіңізді өтінеміз.

Қосымша ақпарат мына телефон бойынша 8 (727) 226–91–76


Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013