Сала жаналықтары

18.12.2013

Қызылорда облысында су құбырын жөндеу үшін миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Тереңөзек ауылында Қызылорда облысындағы ең қымбат коммуналдық жоба жүзеге асуда, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық әкім баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «10 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда су құбырлары жүйесін жаңарту жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды. Жөндеу жұмыстары кешенді түрде „Ақ бұлақ“ бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жобаның жалпы құны 1180,7 млн теңгені құрайды. 2013 жылы республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 192,342 млн теңге жұмсалды, 11 айдың қорытындысы бойынша ол соманың 152,756 млн теңгесі игерілген», — деп көрсетілген хабарламада. Сондай-ақ баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тереңөзек ауылында су құбырлары жаңарып қоймай, кәріз жүйесі де іске қосылмақшы. Сырдария ауданының орталығы болғанына қарамастан, бұл өңірде тұрғындарға коммуналдық жағдай қарастырылмай келген. Орталық жылыту жүйесі де, кәріз жүйесі де болмаған. Облыстың Сырдария ауданында келесі жылы өнеркәсіп дамуының жаңа белесі басталады.. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша 2014 жылы күрішшілерге арналған МТС, мұнай қалдықтарын өңдейтін цех, құрама жеп-шөп шығаратын зауыт, ірі қара мал борадақылайтын алаң, шлак блоктары шығарылатын кәсіпорын сияқты 16 кәсіпорын бірден іске қосылады. www.bnews.kz (Қазақстан).

18.12.2013

Жаңа су құбыры БҚО екі ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз етеді.

Батыс Қазақстан облысы Пугачев ауылында су құбыры пайдалануға берілді. Ол Пугачев мен Аралтал ауылдарындағы 169 үйдің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Аталмыш нысанның құрылысын мердігерлік компания – «Тілмаш» ЖШС 2011–2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізді. Оған республикалық бюджеттен 483997670 теңге бөлінді. Құрылыс 3 ұңғымадан (олардың бірі резервті), сыйымдылығы 160 және 50 текше метр таза суға арналған 2 резервуардан тұрады. Су құбырының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі М. Түсіпқалиев, Пугачев ауылдық округінің ардагерлер кеңесі төрағасы А. Симиненко тұрғындарды құттықтады. Аудан әкімі мен тиісті қызмет басшылары еңбек ардагері, көркемдік ансамбльдің жетекшісі София Меңдіғалиеваның үйінде болып, таза ауыз судың дәмін татты. http://www.infoportal.kz/news/novosti-uralska-i-zko/novyy-vodoprovod-obespechit-pitevoy-vodoy-zhiteley-dvuh-sel-v-zko

14.12.2013

Іске қосылған объектілер бақылауда /Ғабит Ғимаев

Кеше Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Министр Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қайта құрылған су құбыры жүйесінің жұмысымен танысты. Теміртау қаласында Болат Жәмішев «Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде салынған жылумен қамтамасыз ететін сорғы станциясына барды. Саран қаласында Болат Жәмішев «ККК Бетон» ЖШС қызметімен танысты, онда ағымдағы жылғы желтоқсанда үй құрылысы комбинаты іске қосылмақ. Сонымен, енді келесі жылы Қарағанды қаласында үй құрылысы комбинаты шығаратын материалдарды пайдалана отырып, жаңа жоба «Жанұя» тұрғын үй кешені іске асырылатын болады. Қарағандыда министр «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жүзеге асырылған жаңа энергия тиімділікті тұрғын үйді қарап шықты. Сонымен қатар, энергия тиімділігі бойынша қосымша іс-шаралар БҰҰДЖ жобасымен қаржыландырылған. Іссапар қорытындысы бойынша өткен мәжілісте «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылу барысы мен 2013 жылы «Қол жетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында өңірде несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражатты игеру жағдайына қатысты бірнеше мәселе қаралды. Казахстанская правда (Астана), № 337 (27611).

14.12.2013

Сумен жабдықтау – халық қамтамасыз етілуге тиіс әлеуметтік қажеттіліктің ең маңызды бөлігі — Б. Жәмішев /Ольга Петренко/

Қарағанды облысының әкімдігінде Өңірлік даму министрі Болат Жәмішевтің қатысуымен өткен мәжілісте осы облыста «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды. "Осы жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша «7,4 млрд. теңге сомасының 27 жобасын іске асыру жоспарланған. Оның 21-ін аяқтаймыз, ал 6-ы келесі жылға өтеді», – деп айтты Қарағанды облысы әкімнің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов. Ол 2020 жылы Қарағнда облысының қала тұрғындарын жүз пайызын, ал ауыл тұрғындарының 80%-ын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетінін атап өтті. «Жалпы облыста „Ақ бұлақ“ бағдарламасы іске асырылып жатыр. „Ауыз су“ деп аталатын алдыңғы бағдарламадан қалған жобалар да бар, Әрине, сумен жабдықтау – халық қамтамасыз етілуге тиіс әлеуметтік қажеттіліктің ең маңызды бөлігі. Сондықтан аяқталмаған жобалар бойынша барлық мәселелердің шешімін табу керек», — деді Б. Жәмішев. Ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтаудың жергілікті көздерін пайдаланудың мүмкіндіктерін талдау керек, деп атап өтті ол. Министр сондай-ақ 2014 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік бекітілген жоспарларды әзірлеп, ұсынуды тапсырды. ҚР Өңірлік даму министрі 13 желтоқсан күні жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. Облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру барысымен танысу мақсатында Б. Жәмішев бірқатар объектілерге барды. Осакаров ауданының Қарағайлы ауылында ол «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қайта құрылған су құбырлары жүйесін қарады. Осы жобаға 296,6 млн. теңге бөлінген. Су құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 16 км-ге жуық. Су оған жерасты көздерінен беріледі. Министр іссапардың қорытындысы бойынша облыс әкімдігінде облыстың даму мәселелері талқыланған мәжіліс өткізді. http://www.inform.kz/rus/article/2613633, т

15.11.2013

Қазақстанда жыл соңына дейін 50-ден астам ауыл сумен қамтамасыз етіледі «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін 52 қазақстандық ауыл сумен қамтамасыз етілетін болады.

Бұл туралы ҚР Өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин primeminister.kz сайтына берген интервьюінде айтты. «Ағымдағы жылы 126 сумен жабдықтау объектісін пайдалануға беру және осылайша 52 ауылды сумен жабдықтау жоспарланып отыр», — деді Нокин. Сондай-ақ ол ағымдағы жылы бағдарламаның 168 жобасының іске асырылатынын, оның 67-де жаңа құрылыс салу, ал 101-де– жөндеу жүргізу көзделгенін хабарлады. Вице-министрдің айтуынша, жалпы 2013 жылы 4176 километр сумен жабдықтау және су бұру желісін, оның ішінде 841 км қалаларда және ауылдарда 3335 км салып, жөндеу жоспарланған. Сөйтіп, сумен жабдықтау жүйесін қайта құру шеңберінде 74 ауылда көрсетілетін қызметтің сапасы жақсартылатын болады". 2013 жыл «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыруға жалпы 113 млрд. теңге бөлінген. www.today.kz

14.11.2013

Өңірлік даму министрлігі құрылыс салу кезеңіндегі жобалау құжаттамасына өзгеріс енгізуге тыйым салуды жоспарлап отыр

Қазақстанда салынып жатқан әлеуметтік объектілердің жобалау құжаттамасына тапсырыс берушілердің өзгеріс енгізуіне тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлады Өңірлік даму министрі Б. Жәмішев «Өз өкілеттігімізді пайдалана отырып, біз тапсырыс берушілердің жобалау шешімдерге өзгеріс енгізуіне жол бермеу үшін шара қолданатын боламыз», – деді ол Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен баспасөз конференциясында. Б. Жәмішевтің айтуынша, аталмыш жоспар осы жылдан бастап іске асырылады, алайда өзгерістер бұрын жоспарланған объектілерге таратылмайды. «Егер осы жобалар типтік жобалардан арзан болса– бұл жақсы, ал егер одан қымбат болса– әр бір жағдайда жоба қаржыландыру үшін жеке қарастырылатын болады. Яғни, 2014 жылы жобаларды іске асыру кешеуілдемеу үшін, олар жан-жақты қаралатын болады», — деп түсіндірді министр. Сондай-ақ Б. Жәмішев атап өткендей, құрылыс материалдарының жобалардың қымбаттауына әсер етпеу үшін «базистік-индекстік әдістен ресурстық әдіске көшу концепциясы» дайындалды". «Біз осы ресурстық әдісті қайсы бір шартты есептер емес, нақты бағаларға негіздейміз», — деді ол. www.interfax.kz11.11.2013 Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ ауылында су пайда болды. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Болашақ ауылында су пайда болды. Аудан облыс орталығынан 350 километр шалғай жерде орналасқан. Таза ауыз судың тапшылығы ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан түйінді мәселе болған еді. Ауылға орталықтандырылған су құбырын тарту жұмыстары басталғаннан кейін, ауыл тұрғындары жобаның аяқталуын тағатсыз күткен еді. Ауыз су тапшылығы әбден титықтатқандықтан, жастар Болашақтың болашағы жоқ деп өзге жаққа көшіп те кетті. Ауылдың маңайында табиғису қоймалары жоқ. Таза ауыз су тапшылығының проблемасы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында шешілді. Су құбыры ауылдан 40 километр қашықтықа орналасқан Үлкен Өзен өзенінен тартылды. Мүтиғолла Халелов, Болашақ ауылының тұрғыны: — Біздің жерімізде табиғи өзен-көлдер жоқ. Сондықтан, көп заманнан бері ауыз су мәселесі де, техникалық су мәселесі де шешілмей келе жатқан болатын. Біз қардың суын, құдықтың тазартылмаған суын пайдалануға мәжбүр болдық. Міне, бүгін сол қиындықтардың барлығы артта қалып, үлкен қуанышқа бөленіп жатырмыз. Жұпар Досжанова, Болашақ ауылының тұрғыны: «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша бізге су келгеніне өте қуаныштымыз енді. Бұрын малға да су бере алмайтынбыз. Енді тұщы су ішіп, рахаттанып жатырмыз енді. Барлығына да рахмет! «. Болашаққа су құбырын тарту үшін „Ақ бұлақ“ бағдарламасы бойынша 570 миллион теңге бөлініп, игерілді. Құрылысшылар суды сапалы тазарту үшін жергілікті зауытта шығарылатын арнайы сүзгіні қолданды. Қазір таза ауыз су Болашақтағы 220 үй мен 8 әлеуметтік нысанның барлығына кіріп тұр. Каримолла Жақыпов, бас мердігердің өкілі: — Бұл судың сапасына келетін болсақ, оның сапасы дүкеннен алып ішіп отырған судан бір де кем емес, артық болмаса. Енді тұрғындар бау-бақша салып, азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз ете алады. Бұл өте игі іс деуге болады». Нұрлан Бекқайыр, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімі: «Енді бізде қазір өзекті болып тұрғаны су жоқ Талдыапан, Талдықұдық және Тереңкөл ауылдары бар. Тереңкөл ауылының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Ақша келесі жылы бөлінеді. Ауылдан 32 км қашықтықта су көзі бар, сол жерден су құбыры тартылатын болады» Келер жылы Талдыапан мен Талдықұдық ауылдарына тартылатын су құбырының жобалық-сметалық құжаттары жасалады. Оған 36 миллион теңгедей қаржы кетеді екен. Алдағы екі-үш жылда бұл ауылдарға да ауыз су жеткізілетін болады. «Жаңалықтар», 11.11.2013, 21:00, ТВ 24.kz

16.09.2013

Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек.

Алматы облысы Ақсу ауданының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу керек. Бірнеше шалғай ауылдың тұрғындарына жеткізілетін сумен немесе ашық су көзімен пайдалануға тура келеді. «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы мәселе шешіле бастады, алайда су құбыры тек 4 елді мекенде тартылатын болады. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі «Таза су» бағдарламасы бойынша шешіле бастаған болатын, сол уақытта өңірдің бірқатар ауылында су құбыры желісі салына бастады. Аталмыш бағдарлама «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасында жалғасын тапты. Бағдарлама бойынша су құбыры желісі әр бір үйге тартылады. Осы барлық жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен биылғы жылы 700 млн. теңге бөлінді. Жұмахан Сериев, мердігерлік ұйымның бас инженері: «Бұрын су шүмектері көшеде орналасқан, ал тұрғындардың үштен бірінде су мүлдем болмаған. Енді әр бір қожайын суды үйіне кіргізеді. Техника жеткілікті, ауа-райы қолайлы болған жағдайда, осы жұмысты ертерек аяқтаймыз». Аудан орталығының –Ілияс Жансүгіров атындағы ауылдың тұрғындары да ауыз судың үйде болғанын ұзақ уақыт күтті, олардың армандары орындалып, су әр бір үйге жетті. Жамалхан Асылбекова, Ілияс Жансүгіров атындағы ауылдың тұрғыны; «Біз суды көрші көшеден тасып іштік. Қазіргі әр бір үйде су бар, енді үйлерге тұрмысқа қолайлы етуге, санитарлық торап жабдықтауға болады». Ақсу ауданында барлығы 49 елді мекен бар. Су құбырларының басым бөлігі қараусыз қалған еді. Бағдарлама жұмыс істей бастағаннан бері олардың жартысы жергілікті коммуналдық шаруашылықтың балансына алынды. Үстіміздегі жылы олардың қатарына Қопа, Таусамалы, Тамай ауылдарының және Ілияс Жансүгіров ауылының су құбырлары қосылады. Қайрат Исаев, Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары: «4 ауылдық округ бойынша сметалық-жобалау құжаттамасы әзірленуде. Оларды да келешекті жоспарға қосуды және „Ақбұлақ“ бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін ауданның барлық елді мекендерін сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз». Мемлекеттік бағдарламаның іске асуының арқасында ауылда өмір сүру деңгейі айтарлықтай жақсарды. Сапалы ауыз су адамдардың өмір сүру деңгейін жақсартады, демек, өңір картасында келешегі жарқын елді мекендердің қатары артады деп толық сеніммен айтуға болады. 21:00, ТВ 24.kz

21.08.2013

Жамбыл облысының 48 елді мекенінде ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы шешілген

Жамбыл облысының 48 елді мекенінде ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы шешілді. Жамбыл облысының барлық дерлік елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік проблеманы шешуге ойдағыдай қатысқан Нұротандықтар «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының өзінің тиімділігін көрсетті деп атап өтті деп хабарлайды «Астана» телеканалы. Бүгінгі күні ауыз су проблемасы өңірдің 48 елді мекенінде шешілді. «Аса-Рахат-Құмтиын» бағытында мемлекет есебінен труба құбыры жүргізілді. «Нұротан» ХДП бағдарламаның іске асу барысын бақылауды жалғастыруда. Бақытбек Иманбеков, Жамбыл ауданы мәлихатының депутаты: «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының тиімді іске асырылуы бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр. Біздің әріптестер, депутаттар, әр бір адам өңірдің дамуына ойдағыдай үлес қосуы тиіс. Бар кемшіліктерді жою керек. www.zakon.kz (Қазақстан)

15.08.2013

Алматы облысында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда.

Елді мекендерді сапалы, орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мемлекеттік бастамасы Жетісудың барлық бұрыш-бұрышында белсенді түрде жүзеге асуда, деп хабарлады BNews.kz тілшісі облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына сілтеме жасай отырып. Бұған мысал ретінде Ескелді ауданы Көкжазық ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстарды келтіруге болады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша сумен қамтамасыз ету жүйелері қайта жөнделіп, жаңа жүйелер де салына бастады. Ауыз су ауыл тұрғындарына жерасты суларынан беріледі. Көкжазық ауылындағы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту мен жаңғыртуға жүз отыз миллион теңгеден астам сомада облыстық бюджеттен мақсатты трансферт бөлінді. Мердігерлер елді мекенде жаңа су резервуарларын, құдықтар, гидранттар орнатып, бірнеше километр труба құбырын төседі. Ауылда жерасты су жүйелерінің жалпы ұзындығы он жарым мың шақырымды құрайды. Құрылысшылар жұмыс барысында отандық өндіруші-зауыттардың басқа объектілерде пайдаланылған, пластик құбырларын қолданады. Жақын арада мердігерлер су жинайтын құрылыстар мен сағатына жүз кубометр су беретін қуаты бар сорғыларды орнатуды аяқтайды. Жоспарланған жұмыстар келесі жылы аяқталуы тиіс. Мердігерлер ауыз сумен қамтамасыз етумен қатар, ауыл тұрғындарына су бұру қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Ол жалпы білім беретін мектепті, ауыл Әкімдігін, онға жуық дүкен, Мәдениет үйін, сондай-ақ үш жүзден астам жеке меншік үй сияқты бірқатар әлеуметтік объектіні қамтиды. Олардың әрқайсысында су есептейтін аспаптар орнатылатын болады. Көкжазық ауылы тұрғындарының сумен жабдықтау және су бұру қызметтерімен пайдаланатын жалпы саны екі мыңнан астам адамнан асады. Ауылда тәулігіне бір жарым мың кубометр суды зарарсыздандыратын бактерицидтік қондырғы да пайда болады. www.bnews.kz (Қазақстан),

31.07.2013

Жамбыл облысының басшылығы өңір тұрғындарын таза сумен жүз пайыз қамтамасыз етуге сөз беріп отыр.

Жамбыл облысының басшылығы өңір тұрғындарын 2019 жылға дейін орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге сөз беріп отыр деп хабарлады облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Облыстың құрылыс ведомствосының басшысы Рахманқұл Байтелиевтің айтуынша 2013 жылдың басында облыстың 373 ауылдық елді мекенінің 197-і немесе 51,7 пайызы ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. Мұның өзінде 174 елді мекен орталықсыздандырылған сумен жабдықтау көздерімен (ұңғыма, құдық) қамтамасыз етілген, ал сегіз елді мекенге су жеткізіледі. 2012 жылы 26 елді мекенде су құбыры желісі пайдалануға берілді, 213 км су құбыры желісі жүргізіліп, 140 км желі қайта жаңғыртылды деді Р. Байтелиев. 2013 жылы үйлестірушісі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы болып табылатын «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 3,23 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатқа жоспарланған 22 объектінің тоғызын немесе 183 км су құбыры желісін іске қосу, сондай-ақ 26,3 км желіні қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Мұның өзінде 13 объектінің құрылысы келесі жылы жалғасады. 2013 жылдың соңында халықтың 55,5 пайызын орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту жоспарда бар. 2013–2015 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасы ауқымында Тараз, Жаңатас және Қаратау қалаларын қоса алғанда, облыстың 45 елді мекенінде 43 сумен жабдықтау және су бұру объектісін салып, қайта жаңғырту жоспарланған, осы мақсатқа республикалық бюджетте 17,3 млрд, теңге көзделген. Осының нәтижесінде 2015 жылы облыс тұрғындарының 77,9%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізеді. «Ақ бұлақ» бағдарламасы осындай қарқынмен іске асырылған жағдайда, 2019 жылы облыс ауыз сумен жүз пайыз қамтамасыз етілуі мүмкін. Халықтың сапалы ауыз сумен жабдықталу деңгейі өңірдің дамуының маңызды әлеуметтік көрсеткіші болып табылады деп атап өтті ведомство. www.zakon.kz (Қазақстан)

30.07.2013

Алматы облысының тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту екі жылдан кейін 74%-ға жетеді.

Аталмыш ақпарат «Мемсараптама» РМК облыстық филиалының базасында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жобалау ұйымдары мен жобалау-сметалық-құжаттамаға тапсырыс берушілер үшін оқыту семинары өткен Талдықорған қаласында айтылды. Жетісу өңірінің мемлекеттік сарапшылары семинарға қатысушыларға арнайы жабдықтармен жұмыс істеу қағидаларын және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің мән-жайын түсіндірді. «Мемсараптама» РМК- жергілікті өкілдігінің директоры Нұрлан Шымбаев жиналғандарға 2020 жылға дейін бекітілген «Ақ бұлақ» бағдарламасында қазіргі уақытта бар сумен жабдықтау жүйелерін кеңейту және жаңа жүйелер салу көзделгенін айтты. Осының арқасында, ең шалғай елді мекендерде тұратын адамдар қажетті көлемдегі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Бүгінгі күні Жетісудың 77 елді мекенінің ішінде 528 елді мекенге сумен орталықтандырылып, 234 елді мекенде орталықсыздандырылып қамтамасыз етілген және 9 елді мекенге ауыз су автокөлікпен жеткізіледі. Жетісу өңіріндегі 350 объектіде «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмыстар 2015 жылға дейін кезең-кезеңмен аяқталады, барлығы 55 миллиард теңге игеріледі. Екі жылдан кейін орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамту 74%-ды құрайды. Бұл үшін барлық мердігерлік ұйымдар өздеріне алған уақытылы жұмыс жүргізу міндеттемесін сапалы орындауға тиіс. «Бүгінгі күні инженерлік инфрақұрылым объектілерін жобалаудың, сараптау мен салудың деңгейін арттыру керек» деп санайды семинарды ұйымдастырушылар. Шараға қатысушылар Жетісу өңірінің жобалау-құрылыс салу кешенінің барлық өкілдерінің өзара ықпалдасу процестерн жақсарту және олардың қызметін жетілдіру деген ортақ пікірді құптады. Мұның өзінде ең алдымен «Ақ бұлақ» бағдарламасын өңірлік деңгейде іске асыруда үйлестіру жұмысын жолға қоюды, келешекті міндеттерді айқындауды, бағдарламаны жаңа нысандары мен механизмдерін енгізуді қарастыру керек. www.zakon.kz (Қазақстан)

30.07.2013

Қазақстанда су арналарын жеке меншікке беру көзделіп отыр

26 шілдеде Өңірлік даму министрлігінде су арналарын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) механизмдерін пайдаланып мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру жөнінде ұсыныс әзірлейтін жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. «Осы жұмыс тобы премьер-министр Серік Ахметовтың 2013 жылғы 24 маусымдағы №17–5/07–162 хаттамалық тапсырмасының 4-тармағын орындау үшін құрылды. Осы тапсырмаға сәйкес Өңірлік даму министрлігі табиғи монополияларды реттеу агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде су арналарын МЖӘ механизмдерін пайдаланып мемлекеттік меншіктен жеке меншікке беру қарастырылатын бағдарламаның жобасын әзірлеуге тиіс», –деп хабарланады «Атамекен» одағының сайтында. Жұмыс тобына қатысушыларға мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін қолдана отырып сумен жабдықтау секторын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерделеу ұсынылды. www.total.kz (Қазақстан)

20.06.2013

ҚР Өңірлік даму министрлігі Ертіс өзенінің арнасын өзгертіп, оны орталық Қазақстан аумағына бұруды ұсынды Өңірлік даму министрлігі еліміздің дамуының бас схемасын әзірледі.

Онда көп әрі тосын жаңашылдықтар ұсынылады. Атап айтатын болсақ, құжатты әзірлеушілер Ертістің арнасын өзгертіп, өзеннің ағысын Орталық Қазақстанға қарай бұруды ұсынады, – деп хабарлайды YK-news.kz. корреспонденті. Өскеменде Өңірлік даму министрлігі мен «КазНИИССА» АҚ-ның (Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты) Астана филиалының делегациясы болды. Делегация мүшелері елдегі аумақтарды ұйымдастырудың бас схемасының жобасын ұсынды. КазНИИССА" АҚ Астана филиалының директоры Тұрлыбек Мұсабаевтың айтуынша Шығыс Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде көші-қонның теріс сальдосы қалыптасып отыр. Оның үстіне 2030 жылға дейін халық саны тағы алты пайызға қысқаруы мүмкін екені болжанады. Облыс ішінде де халықтың көшіп-қонуы жалғасуда, адамдар ауылдардан қалалар мен қала маңайындағы аймақтарға қоныс аударуда. Соңғы 15 жылда облыста 27 кент пен 141 ауылдың жойылғаны айтылды. Мамандарды ішкі көші-қон процестерінің өздігінен, ешқандай жоспарсыз белең алуы толғандырады. – Бас схеманың ауқымында біз ірі қалалардың өсу проблемасын қала құрылысы шараларын ескеріп шешуді ұсынамыз, Ол үшін ірі елді мекендердің негізінде контрмагнит-қалалар салу керек. Олар халықтың ірі қалаларға қоныс аудару процесіне оң ықпал етеді. Облыстың атап өтілген проблемасын шешу үшін еліміздің басқа өңірлерінен қоныс аударатын халықтың бөлігін Шығыс Қазақстанға қарай бағыттау керек, –деді Мұсабаев мырза. Облыста 50 негізгі ауыл белгіленді. Бас схеманы әзірлеушілер осы ауылдардың негізінде агроқалашық құру ұсынып отыр. Ол жерде ауыл шаруашылығы өнімін сақтап, өңдейтін орта және ірі кәсіпорындар дамуы тиіс. Бас схемада шағын ауылдардың халқының неғұрлым ірі ауылдарға бірте-бірте қоныс аударуы қарастырылады. Ал шағын ауылдардың орнында адамдар жұмысты вахтамен жұмыс істейтін фермалар пайда болады. Схемада моноқалалар проблемаларын (Шығыс Қазақстанда оларға Зыряновск, Серебрянск, Риддер, Курчатов жатады) ірі қала құрайтын кәсіпорындардың қызметін ұзартудың, атап айтқанда, пайдалы кен қазбалар орнын қосымша барлаудың арқасында шешу жоспарланады. Жаңа схемада сондай-ақ Ертіс өзенінің арнасын өзгерту де ұсынылады. Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, Шығыс Қазақстанның ең ірі өзенінің суын Орталық Қазақстанның аумағына бағыттау керек. Бас схеманың жобасы тамыз айында Үкіметке жеткізілетін болады. Өңірлік даму министрлігі осы маңызды құжаттың жыл соңында бекітіліп, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енетініне сенім артады. Жоспар бойынша барлық жаңашылдықтар алдағы 25–30 жылдың жүзінде іске асуы тиіс. www.yk-news.kz

10.06.2013

Қазақстанда ҚР Өңірлік даму министрлігінің ресми сайты іске қосылды

ҚР Өңірлік даму министрлігінің www.minregion.gov.kz. атты ресми интернет-ресурсы іске қосылды деп хабарлады ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі. Онлайн-ресурс дизайнын әзірлегенде озық технологиялық жетістіктер пайдаланылды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылымдарының ресми веб-сайттарын рәсімдеуге байланысты мемлекеттің ішкі міндетті талаптары ескерілді. Қазіргі уақытта minregion.kz веб-ресурсының функционалдық тиімділігі сайтты пайдаланушыларға өздерінің сұрақтарын қоюға, оларға жауап алуға, сонымен қатар веб-сайт контентін толықтыруға жағдай жасауға да мүмкіндік бере алады. Мәселен, сайттың қонақтары Министрліктің аптадағы негізгі жаңалықтарын, қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдарын ғана біліп қана қоймай, сонымен қатар ой-пікірлерін және ұсыныстарын қалдыра алады. Бұл үшін «Бүгінгі күн сауалы» атты арнайы бөлім мен онлайн-чат бар, ол жерде сайтты пайдаланушылар ескертулерін қалдырып, сұрақтарын қоя алады. Оларға міндетті түрде құзырлы жауаптар берілетін болады. ҚР Өңірлік даму министрлігінің сайты келешектегі үш жылда үнемі жетілдіріліп отырады. Пайдаланушыларға сайттың iOS, Android сияқты ұялы-ұтқыр құрылғыларды қолдану қолжетімді болады. Сайттың технологиялық тиімділігі олардың қызметін едәуір жеңілдететін ақысыз ақпараттық қамсыздандыруда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сайттың эксклюзивті жаңалық таратуы жаңалықтарды қажет ететін барлық пайдаланушыларға e-direct қағидаты бойынша жеткізілетін болады. Министрлік сайтының контентін тарату үшін толық арада әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері қолданылатын болады, олар: твиттер- трансляциялары, блог-турлар, топтардағы талқылаулар, әлеуметтік желілердегі онлайн-трансляциялар және т. б. 2014–2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді келешектегі ҚР Өңірлік даму министрлігі сайтында өңірлік іс-шараларды жарыққа шығаруға айрықша мән берілетін болады, мысалы: жеке бейне блогтарды құру, республика облыстарындағы Елбасының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы жүйелі түрде ақпараттық қамтамасыз ету және т. б. Жалпы, ҚР Өңірлік даму министрлігінің сайты мынадай келесі мақсатты көздейді: мемлекеттік органның, ғаламторды пайдаланушы және БАҚ өзара тиімді іс-қимыл жасауына жағдай жасау, сонымен қатар, Министрліктің әзірлеген бағдарламаларын іске асыруға бағытталған іс-шараларды толықтай жарыққа шығаруға жағдай жасау. www.today.kz

14.05.2013

Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету /Бейбіт Мәмлеев/

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары– Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау жөнінде селекторлық мәжіліс өткізді. Алматы облысынан селекторлық мәжілістің жұмысына облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков пен облыстық басқармалардың бастықтары қатысты. Жұмыс тобының өкілі–Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ерлан Нысанбаев өз баяндамасында жобаны Қазақстанның су саласының жетекші сарапшыларының қарағанын және оның мемлекеттік органдардың, жұмыс тобы мүшелері мен облыс әкімдерінің ескертпелеріне сәйкес пысықталғанан атап өтті. Оның айтуынша, депутаттармен кездесулер және қоғамдық ұйымдармен «дөңгелек үстелдер» өткізу жоспарланып отыр. Ерлан Нысанбаев сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаның негізгі мән-жайына тоқталды. Ол жобаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттің, сыртқы қарыздардың, банктердің, бюджеттен тыс көздердің қаражатының тартылатынын және қаржыландыру көлемі есептеліп жатқанын айтты. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі өз сөзін «Жобаны Премьер-министрдің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі мақұлдағаннан кейін жұмыс тобы оны егжей-тегжей қарап, толықтыруды жоспарлап отыр», – деп қорытындылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Қазақстан су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөнінде атқарылған қанағаттанған жоқ. Бақытжан Сағынтаев жұмыс тобына жоба әзірлеудің сапасын қолданыстағы «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын ескере отырып арттыруды жүктеді. Облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков ҚР Үкіметімен селекторлық байланыс аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи зілзалалардың алдын алу және жою басқармаларына Қазақстан су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының жобасымен танысып, жобаның жұмыс тобына өз ұсыныстарын дайындауды жүктеді. Огни Алатау (Талдықорган), № 58 (16707), 14.05.2013

06.05.2013

Облыстық прокуратурада «Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету» тақырыбына арналған бейнеконференция өтті.

Тақырыпты онлайн-режимінде қадағалау ведомствосының жергілікті өкілдері ғана емес, сонымен бірге астаналық прокурорлар, мәжіліс депутаттары мен ОБСЕ орталығының қызметкерлері де талқылады. ОБСЕ орталығының өкілдері прокуратура органдарының «Ақ бұлақ» бағдарламасының мақсатқа сай іске асырылуына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. ОБСЕ орталығы басшысының орынбасары халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үдерісі ашық болуы тиіс екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, біздің сайтта ОҚО аудандарында ауыз су жүргізуге бағытталған миллиондаған теңгенің талап-таражға түскені жөнінде ақпарат жарияланған болатын. Таза ауыз су қорлары жылдан-жылға азайып келеді, сол себептен бүгінгі күні сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің маңызы артып отыр. Әр адам ертеңгі күннің қамын ойлауға тиіс, осы орайда семинарға қатысушылар Қазақстанда суда барынша үнемдеуге шақырды. «Жаңалықтар», 06.05.2013, 20:00, ТВ Отырар

22.04.2013

Қазақстанда ауыл тұрғындарына ауыз судың құнының 96% субсидияланып беріледі

Қазақстанда ауыл тұрғындарына ауыз судың құнының 96% субсидияланып беріледі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, егер ауыл тұрғындары ауыз судың нақты құнын төлейтін болса, оның құны әлденеше қымбат болады екен. Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап республиканың сегіз облысында суық су тарифтерінің қымбаттағаны байқалады. Су есептейтін құралдары бар абоненттер 1000 литр үшін 3–25 теңге аралығында, ал су есептейтін құралдары жоқ тұрғындар үшін 1000 литр судың бағасы 7–77 теңге аралығында. Сумен қамтамасыз етудің тарифтерін қымбаттатудың басты себебі — электр қуатының бағасының өсуіне байланысты, оған химиялық қоспалардың, материалдардың қымбаттауы, жөндеу жұмыстарының шығыны және т. б. қосылады. www.inform.kz

16.04.2013

Суды тарифтерді қымбаттату арқылы емес, жаңғыртылған су құбырлары желілерінің көмегімен үнемдеу керек

Республика қалаларында тұратын және Саяси шешімдер институты жүргізген сауалнамаға қатысқан қазақстандардың көпшілігі суды тарифтерді қымбаттату арқылы емес, жаңғыртылған су құбырлары желілерінің көмегімен үнемдеу керек, деп санайды деп хабарлайды институттың баспасөз қызметі. «Елімізде су үнемдеудің қандай тиімді тәсілі бар?» деген сұраққа респонденттердің 26 пайызы «оған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы құбырлар желісін жөндеу арқылы қол жеткізуге болады» деп жауап береді. Әрбір бесінші респондент (20,9%) суды үнемдеу үшін ауыз су мен техникалық мақсаттағы суды бөлу қажет деп есептейді. Ал, 11,9%-ы «ағынды суларды сапасыз тазартқан өнеркәсіп орындарының жауапкершілігін күшейту қажет» деген пікірде. Респонденттердің 7,5 пайызының пікірінше, үнемдеу үшін «суды қайталап пайдалану» қажет. Ал, 7,2 пайызы «жерасты суларын пайдалану қажет» деп есептейді. Респонденттердің 4,9 пайызы ғана тарифті қымбаттату арқылы ғана суды үнемдеуге болады деген пікірде. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын суды аз қажет ететіндерге ауыстыру» деген бағанды респонденттердің 4,4%-ы таңдаған, ал 17,2%-ы жауап беруді қиынсынды. Қоғамдық пікірді зерттеу 2013 жылдың наурызында 16 қалада (14 облыс орталығы мен Астана және Алматы қалаларында) жүргізілді. Барлығы 2300 дам сұратылды. Олар қалалар географиялық өңірлерге, қалалар кездейсоқ көп сатылы топтарға бөлініп жүзеге асырылды. 5 қадамдық бағдарлық іріктеу әдісі. Face-to-Face, сұратылғандар тұратын жерде. Статистикалық қателік ±1%. www.zakon.kz

04.04.2013

Әр үйге– таза су /Б. К. Қапасов, «Орталық Қазжерқойнауы» ММ ӨД басшысының геология жөніндегі орынбасары

Тұрғындарды ауыз сумен қажетті мөлшерде қол жетімді бағамен қамтамасыз ету және усмен қауіпсіз пайдалану мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеті болып табылады. Бүгінгі күні республика халқының басым бөлігі тиісті сападағы сумен және жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеген. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешімін таппай отыр. Бүгін әр бір төртінші ауыл тұрғыны ішуге және шаруашылық –тұрмыстық мақсатта тасылатын суды не болмаса сапасы бірқатар көрсеткіштер бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларға сай емес аула ішіндегі және қоғамдық құдықтардан, жер үсті көздерінен алынатын суды пайдалануға мәжбүр. Жалпы республика бойынша халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын 1 санаттағы ашық су қоймаларының суының сапасы 2009 жылмен салыстырғанда нашарлап кетті. Ашық су қоймаларының суының сапасына су бұру желілеріндегі авариялар мен шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіпте пайдаланылған суды тазартпай ағызу әсер етеді. Қазақстанда сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды әрі көкейкесті проблемаға айналып отыр. Осы орайда «Ауыз су» салалық бағдарламасы бойынша біршама іс атқарылғанын атап өту керек. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, 2011–2020 жылдары іске асырылуға тиіс, халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге тиіс жаңа «Ақ бұлақ» бағдарламасы бұрын жол берілген қателіктерді, пайдаланылмаған әлеуетті ескеріп іске асырылуда. Бағдарлама пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімді әрі ұтымды жұмыс істеуін, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Аталмыш проблеманың маңыздылығын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті. «Ақ бұлақты» әзірлеушілер Мемлекет басшысының жеке бақылауында, олар өздерінің іс-қимылдарын тараптардың осал және мықты қырларын ескеріп үйлестіреді. Осы орайда жер асты сулары қорының жеткілікті екені, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні қуантады. Сонымен бірге жеке меншік сумен жабдықтайтын кәсіпорындардың жеткілікті деңгейін, қолайлы инвестициялық ахуалды және шетелдік қаржы институттарының сумен жабдықтау нысандарын жаңғыртып дамытуға қызығушылық танытуын да ескермеуге болмайды. «Ақ бұлақ» бағдарламасы сонымен бірге техникалық нысандарды жаңғырту және дұрыс тариф белгілеу арқылы су шаруашылығы секторының дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ бағдарламада еліміздің жер қойнауы бай, сапасы өте жоғары жерасты суларын пайдалану көзделген. Бүгінгі күні осы әлеуетті де пайдалану керек. Бағдарламада ауылдар мен қалаларды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын барынша пайдалану жөніндегі ұсыныстары толық шамада ескерілген. 2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасына кірген 53 елді мекенді, 5 кен орнын, және гидрогеологиялық толық зерттеу жөніндегі 14 нысанды жерасты суларының қорымен қамтамасыз ету үшін «Өңірлік, геологиялық суретке түсіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» 040 республикалық бюджеттік бағдарламаның нысандары бойынша іздестіру-барлау жұмыстары басталды. Қарағанды облысы бойынша іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы сомасы 489 889 280 теңгені, оның ішінде 2012 жылға арналған шарттардың сомасы – 391 442 280, 2013 жылдың шарттарының – 87 958 000, 2014 жылдың шарттарының – 10 489 000 теңгені құрайды. 2012 жылғы өңірлік іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстарының қорытындылары бойынша бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді. Алдын-ала бағалау бойынша, осы ауылдық елді мекендерінің ауыз су проблемасы шешімін табады. Ауылдық жерлерді су құбыры суымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2013–2014 жылдары тағы 55 ауылдық елді мекенде, оның ішінде Қарағанды облысының Жаңарқа, Нұра, Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарының 20 ауылын сумен жабдықтау мақсатында геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. «Ақ булақ» бағдарламасында мемлекет пен бизнестің қоян-қолтық жұмыс істейтіні көзделген. Аталмыш бағдарламада тіршілік ету үшін өте маңызды мәселе, ең бастысы әр бір үйде тәулігіне 24 сағат бойы су болуы тиіс деген міндет қойылған. 2020 жылы бағдарлама бойынша жүз пайыз көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланып отыр. Демек, «Ақ бұлақ» бағдарламасы қазақстандықтардың өмірінің барлық қырларын, яғни халықтың бақуатты өмір сүруін, оның денсаулығын, әл-ауқатын, экономикалық тыныс-тіршілігін қамтиды. Сондықтан «Ақ бұлақ» бағдарламасы қаладағы да, ауылдағы да әр бір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттырады деуге сенім мол. Кәсіби мереке қарсаңында барлық геологтарды құттықтап, олардың тәуелсіз Қазақстанды көркейту жолында жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.. Индустриальная Караганда (Караганда), № 42 (21375) -43 (21376)

30.03.2013г.

Сумен жабдықтау – ортақ мәселе /Валентина Теплякова/

Бейсенбіде Көкшетауда облыс мәслихатының кезекті сессиясы өтіп, оның жұмысына облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов қатысты. Депутаттар өңірде 2011–2012 жылдар «Ақ бұлақ» бағдарламасының іс асырылу барысын талқылады. Осы мәселе бойынша облыстық құрылыс басқармасының бастығы Михаил Косачев баяндама жасады. Депутаттар өз округтарындағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің мән-жайын зерттеп, сессияға тыңғылықты дайындалып келіпті. Облыстық мәслихаттың депутаты, «Атбасар ЖМЗ» ЖШС бас директоры Сағат Рақышевтің өзінің қосымша баяндамасында осы тексерістердің қорытындыларын талдап, анықталған проблемалардың шешіміне қатысты ұсыныстар айтты. 2011–202 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» іске асырыла бастаған екі жыл ішінде облыста осы мақсатқа 14 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Осы кезең ішінде ауылдық елді мекендерде 45 жоба іске асырыла бастады, 595,7 км су құбыры желісі, 10 су мұнарасы, 15 сорғы станциясы мен 8 резервуар жөнделді. Осы бағдарламаның мақсатты индикаторына сәйкес 2020 жылға дейін облыстағы ауылдық елді мекендердің 80%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізуге тиіс. Жыл басында осы көрсеткіш ауыл тұрғындары үшін 55,2%-ды, ал қала тұрғындары үшін – 80%-ды құрайды. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізудің төмен деңгейі Бурабай (29,6%), Зеренді (17,7%), Ерейментау (15,2%), Енбекшілдер (11,1%) аудандарында байқалады. Сессияда облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов өз сөзінде бұның Әкімдіктердің келешекке ЖСҚ әзірлеудегі нашар жұмысының салдары деп атап өтті. Осы тұрғыда жақсы және Шортанды аудандарының жұмысын мақтады. Бағдарламаны іске асыру кезінде тасымалданатын суды тұтынатын ауылдық елді мекендерге ерекше назар аударылады. Бүгінгі күні облыс бойынша мұндай ауыл саны 32, олардың 18-де ауыз сумен орталықтандырылып қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Тек Зеренді және Еңбекшілдер аудандарында осы мәселенің шешімін таппай отырғаны қынжылтады. 2013 году жылы 18 жобаны іске асыру көзделіп отыр, осы жылдың Бағдарламасына 40 ауылдық елді мекен енгізілді. Сессия қабылдаған шешімде облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде айтарлықтай жұмыс атқарылғаны аталды. Алайда баяндамашылар, пікірталасқа қатысушылар, облыс әкімі осы мәселенің өңірде әлі де өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанына тоқталды. Саланың басты кемшілігі ретінде су құбырлары иелерінің ауысуы, авариялардың жиілеуі, пайдаланушы ұйымдардың материалдық- техникалық жағынан нашар жабдықталуы, білікті мамандардың жетіспеуі, су дайындау технологиясының бұзылуы аталды. Атап өтілген себептердің салдарынан жыл сайын 40%-ға дейін су пайдаланылмайды. Жергілікті жерлерде кәріз желісінің, сорғы станцияларының, тазарту құрылыстарының әбден тозуы сүзгі алаңдарында тазартылмаған судың жиналып, су сапасының нашарлауына әкеп соқтырады. Су құбырларының қараусыз қалу мәселесін де шешу керек. Бүгінгі күні жету ауданда осындай 24 су құбыры бар. Ал осы су құбырлары өздері орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін сумен жабдықтаудың жалғыз көзі болып табылады. Ауыз сапасына өндірістік бақылау жасау проблемасы дашешімін таппай отыр, бақылауды кәсіпорындардың 21%-ы ғана жүзеге асырады. Жобалау-сметалық құжаттама бұрмаланып орындалған су шаруашылықтары нысандарын Мемлекеттік қабылдау актісіне қол қоймай пайдалануға қабылданатын жағдайлар кездеседі. Нысандарды сапасыз салу, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері де жиі орын алады. Мәселен, жобалау-сметалық құжаттаманың болмауынан және су қорларын растамаудың салдарынан өткен жылы Жақсы және Зеренді аудандарында 170 млн. теңге игерілмей қалды. Қорғалжын және Егіндікөл аудандарының халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіс Нұра топтық су құбырында қалыптасқан жағдай түбегейлі шешімді қажет етеді. Осы нысанның жалпы тозуы 95%-ды құрайды, 208 км магистралдық су құбырын қайта құру керек. Облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов сессияға қатысушылардың алдында сөйлеген өз сөзінде барлық ақмолалықтар үшін талқыланатын мәселенің маңыздылығын атап өтіп, МЕҰ өкілдерінің мәжіліске қатысқаны орынды екенін айтты. Сумен жеткілікті әрі сапалы қамтамасыз ету су құбырларының құрылысы мен қайта құруға ғана емес, сонымен бірге ақмолалықтардың оларды қалай пайдаланатынына, су мен кәріз үшін төлемді уақытында төлеуіне, олардың үнемділігі мен ұқыптылығына байланысты. Осы орайда облыс басшысы су есептеу аспаптарын орнатуға ерекше тоқталып, сондай-ақ барлық деңгейдегі депутаттарды, «НұрОтан» ХДП мен басқа партиялардың, МЕҰ өкілдерін «Ақ бұлақ» бағдарламасыны уақытында және сапалы іске асыруға қатысуға шақырды. Сонымен бірге облыста сүт өндірісі мен оның өңдеуді тұрақты дамыту үшін экономикалық және технологиялық жағдай жасау мақсатында сессияда Сүтті мал шаруашылығын дамытудың 2013–2015 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді; облыс әкімдігі жанындағы кейбір консультативтік-кеңес органдарының құрамдарына өзгерістер енгізілді; Акмолинская правда (Көкшетау), № 34 (18802)

2013 жылғы 20 наурыз

ҚР Үкіметі сәулет, қала құрылысы саласында қызметті жүзеге асыруға арналған құжаттардың тізбесін бекітті

АСТАНА. 20 наурыз. ҚАЗИНФОРМ – ҚР Үкіметі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және осы қызметті жүзеге асыруға арналған құжаттардың тізбесін бекітті деп хабарлайды ресми БАҚ. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 89 ҚаулысыСәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін. 3. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 162 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 393-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі С. Ахметов Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі республикалық БАҚ-да жарияланды. www.inform.kz

14.03.2013

Ауылдарға су келді /Жұбаныш Байғұрынов/

Облыста жаңа мемлекеттік бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері 260 км су құбыры желісі салынып, қайта құрылды. Бұл 10 мың адамды сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің айтуынша жұмыс ағымдағы жылы жалғастырылатын болады. Атап айта кететін болсақ, Әйтеке би ауданының Құмқұдық, Алға ауданының Маржанбұлақ, Байғанин ауданының Жарлы, Мәртөк ауданының Родниковка, Саржансай, Темір ауданының Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Саркөл және Шұбарши, Шалқар ауданының –Жылтыр, Ақтөбе қаласының Қызылжар және Пригородный ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жалпы 2013 жылы ұзындығы 216 км-ды құрайтын сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салып, қайта құру жоспарланып отыр. Бұл тағы 10,4 мың адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесін 90,5%-ын жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге үстіміздегі жылы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласының бүкіл кәріз жүйесін қайта құру жөніндегі жұмыстар аяқталады. Казахстанская правда (Астана), № 93 (27367),

2013 жылғы 05 наурыз

Жамбыл облысының 373 елді мекенінің 197-сі ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген /Скрипник Галина/

ТАРАЗ. 5 марта. КАЗИНФОРМ — Жамбыл облысында елді мекендер тұрғындарының тек жартысы ғана орталықтан берілетін ауыз суды пайдалана алады, деп хабарлады облыс әкімдігінен. Бүгінде аймақта 373 елді мекеннің 197-сі ғана орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 51,7 пайызды құрайды. Бұл ретте, 174 елді мекен (45,9 пайыз) сумен қамтудың орталықсыздандырылған көздерінен (ұңғымалар, құдықтар) қамтамасыз етілуде, сегізі сырттан көліктермен жеткізілетін суды пайдалануда. Сумен қамтамасыз ететін 29 нысанның құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Өткен 2012 жылы облыстың 26 ауылдық елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар аяқталды. 2013–2015 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында облыстың 45 елді мекенінде сумен қамтамасыз ететін 43 нысанды салу және қайта жөндеу жоспарлануда, соның ішінде Тараз, Жаңатас және Қаратау қалалары бар. Бұл мақсаттарға республикалық бюджетте 17,3 млрд. -қа жуық теңге қарастырылды. 2013 жылы 13 елді мекенде сумен қамтамасыз ететін 15 нысанды іске асыру аяқталады. Облыс әкімдігінде 2015 жылға қарай аймақ тұрғындарының 77,9 пайызы орталықтандырылған жүйеден келетін суға қол жеткізетініне сендірді. www.inform.kz (Казахстан).

2013 жылғы 24 ақпан

Қарағанды облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша биылғы жылы 11 сумен жабдықтау нысаны іске қосылады

Биылғы жылы Қарағанды облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 11 сумен қамтамасыз ету нысаны іске қосылады. Бұл туралы аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев тұрғындар алдында есеп беру кезінде мәлімдеді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі. «2012 жылы „Ақ бұлақ“ бағдарламасы бойынша 11 сумен қамтамасыз ету нысаны іске қосылады. Осы жобалардың жүзеге асуы отыз мыңға мыңға жуық халықтың сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етілуіне септігін тигізді. Биылғы жылы да осыншама су нысаны іске қосылады», — деді облыс әкімі тұрғындар алдында есеп беру кезінде. Ол сапалы ауыз сумен жабдықтау халықтың денсаулығын жақсарту ісіндегі басымды мәселе екенін атап өтті. Қазіргі уақытта бірқатар аудандар мен қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйесін ауқымды жөндеу жұмыстары мен олардың құрылысы жүргізілуде. «2012 жылы „Ақ бұлақ“ бағдарламасы аясында 256,5 километр су құбыры желісі жөнделді, ал үстіміздегі жылы тағы 232 километр су құбырын жөндеу жоспарланып отыр. Барлығы 2013 -202 жылдар аралығында сумен жабдықтау саласында 298 жоба іске асыру көзделіп отыр», – деп атап өтті Б. Әбдішев. Сонымен бірге облыс әкімі 3 елді мекенінің, оның ішінде Бұқар жырау және Осакаров аудандарының орталықтандырылған сумен жабдықтамағанын айтты. Мәселен, Асы ауылында тұратын 334 адам 3 км жердегі Қаражар ауылынан әкелінетін суды пайдаланады, 2013 жылы жергілікті бюджеті есебінен ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама– BNews.kz агенттігінің ескертпесі) жасалады, ал жоба «Ақ бұлақ» бағдарламасының есебінен іске асырылатын болады. Қарағанды қаласында облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің тұрғындармен кездесуінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Төлеген Исмаилов, ел Парламенті депутаттары, сондай-ақ, қалалар мен аудандар делегациялары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың, діни конфессиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бейнеконференция байланысы арқылы Балқаш, Приозерск, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра және Ұлытау аудандарының 3600-ге тарта тұрғыны қатысып отырды. www. BNews.kz (Қазақстан).

20.02.2013

Барланған су көздерінің саны «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру үшін жеткіліксіз — Меруерт Казбекова

ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәжілістің бүгін өткен пленарлық отырысында Парламент депутаты Меруерт Қазбекова ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовке депутаттық сауал жариялады. «Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәліметіне сәйкес жер асты суларының 1282 кен орны барланған. Алайда, барланған кен орындарының саны „Ақ бұлақ“бағдарламасын іске асыру мақсатында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Осы орайда, кеңес заманы кезінде жүргізілген республиканың 80% елді мекенінде іздестіру-барлау жұмыстарының жүргізілгенін және қосалқы жер асты суларының есебі жасалып, қазіргі уақытта олардың геологиялық қорларда сақталып жатқанын естен шығармау керек»– деді депутат. Бірақ, Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес елді мекендерді ауыз сумен қамтуда бюджет қаржысын қалыптастыру барысында бұрын жүргізілген барлау жұмыстары назарға алынбайды. Геологиялық қорларда сақтаулы геологиялық мәліметтің барына қарамастан, жыл сайын жер асты су көздерін ісдестіру мен барлауға қаржы бөлінген. Мысалы, 80 – 90 жылдары Ақмола облысының кейбір ауылдарында жер асты сулары іздестіріліп, арнайы мекемелер су құбырларының жобалау жұмыстарын жоспарлауды бастаған болатын. Жұмыс аяқталмай қалса да, аудандардың құжаттары мен сызбалары сақталған. Соған қарамастан, 2012 жылғы бюджеттік бағдарламада барланған кейбір ауылдардағы жер асты суларын іздестіруге қайта қаржы бөлініп отыр. Сондай-ақ, кейбір жер асты суларының көзі жоғалып, басқа сулармен ластанып кеткен. Қазақстан Республикасының аумағында жүз мыңдаған иесіз, бірақ пайдалануға жарамды гидрогеологиялық ұңғымалар бар. Бұл ұңғымалар тек шарауашылыққа және ауыз суға жарамды су көздерін ғана емес, минералды, геотермальды және өнеркәсіптік-техникалық қажет суларды аша алады. Сонымен бірге осы ұңғымалардың халықты ауыз сумен қамтуда, мал шаруашылыған қалпына келтіруде, өнеркәсіптік инфрақұрылымдарды дамытуда маңызы зор. Гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялап, коммуналдық немесе жеке меншікке берген жағдайда ғана оларды қазіргі уақытта және болашақта пайдалануға болады, сондай-ақ жер беті суларының араласып кетуінен сақтайды. Осыған байланысты ол Үкімет басшысын мына мәселелер бойынша ақпарат беруді сұрады. 1. Гидрогеологиялық ұңғымалар туралы мәліметтерді қалпына келтіру және картографияландыру жөнінде үкіметтік деңгейде қандай жұмыстар атқарылуда? 2. Бұрын пайдаланылған жарамды ұңғымаларды қалпына келтіруде қандай шаралар жүргізіліп жатыр? 3. Гидрогеологиялық ұңғымаларды тиімді пайдалану мақсатында коммуналдық немесе жеке меншікке жаппай беру жоспарланып отыр ма?

Осы сауалға сондай-ақ Мәжіліс депутаттары А. Перуашев, Е. Никитинская, А. Әбілдаев, Т. Ерғалиев, Н. Жазылбеков, С. Сәрсенов, А. Тұртаевқол қойды. www.zakon.kz (Қазақстан)

19.02.2013

Өңірлерге ерекше назар аудару қажет /ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі /

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауында белгіленген міндеттер ҚР Өңірлік даму министрлігінің алқа мәжілісінде талқыланды. Өңірлік даму министрлігі ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Ведомство кәсіпкерлікті өңірлерді дамыту, қолдау және соның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік бірлестіктердің қызметін үйлестіру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруда салааралық және өңіраралық үйлесімдікті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Жаңа министрліктің құрамына Өңірлік даму комитеті, Кәсіпкерлікті дамыту комитетінен басқа Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, сондай-ақ Жер ресурстарын басқару агенттігі кірді. ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың мәлімдеуінше, министрлік Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы міндетін орындауға және өңірлік даму саласындағы жұмыстың үйлестірілуін күшейтуі, сондай-ақ өңірлердегі барлық мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын үйлестіруі тиіс. Қазіргі уақытта «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасына сәйкес шоғырландыруды дамытудың өңіраралық және салаларалық мүдделерінің үйлестірілуін, олардың аумақтарының бұдан да нақты аймақтандырылуын, ядро-қала, қала маңындағы жерлер және тартылыс өңірлері инфрақұрылымының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ететін Астана және Алматының шоғырландырылуын дамыту бойынша өңіраралық іс-шаралар жоспарын дайындау жұмыстары басталды. Облыс әкімдіктері Шымкент, Ақтөбе және Ақтаудың шоғырландырылуы бойынша шаралар жоспарын қарастыруда. Барлық шоғырландыруларды дамыту бойынша шаралар жоспарын әзірлеу биылғы жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін министрлік шағын қалаларды дамытудың ұзақ мерзімдік болатын, шағын қалалардағы бірқатар индустриялық жобаларды құратын Бағдарламаны жасауда. Аталған бағдарламаның міндеті – өңірлердің салалық мамандану жүйесін қалыптастыруға көмектесу, ірі шоғырландырулардың индустриялық-өндірістік серік қалаларын құру, жергілікті тұрғындардың өмір деңгейін арттыру және ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы министрлік, сондай-ақ Ресей Федерациясымен, Орталық Азия және Қытай елдерімен шекаралас аудандарды дамыту бойынша қосымша шаралар кешенін дайындауды көздеп отыр. Елбасының Жолдауда белгілеген өңірлік саясат аспектілерінің біріне басқарманың сауатты орталықсыздандырылуын өткізу, орталық және өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктерді жіктеу бойынша нақты шараларды қолдану, жергілікті атқарушы билік көздерін күшейту жатады. Қоғамдық бақылауды, азаматтардың жергілікті жерлердегі жағдайға ықпал етуін күшейту үшін ауылдық әкімдіктерді мәслихаттар арқылы сайлау шешімі қабылданды. ҚР жергілікті өзін өзі басқару мәселелері бойынша Заңының жобасы ауылдық әкімдерді сайлаумен бірге әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісуге жіберілді. Заңды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың маусымына белгіленді. Алқа мәжілісінде сондай-ақ өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту, «Ақ бұлақ», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламаларын және тағы басқаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Кешкі Астана (Астана), № 23 (2944)

14.02.2013

"Қызылордада мемлекеттік бағдарлама аясында 196 км су құбыры желісі қалпына келтірілді «Таза су» және «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламалары аясында Арал маңында 196 километр су құбыры желісі қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2007–2012 жылдар аралығында 112 километр су құбыры желісі төселді. Қазір қаладағы су құбырлардың 60%-ы жақсы жағдайда. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Қызылордада заманауи сүзгіш станция салынған. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қала маңындағы Тасбөгет және Белкөл ауылдарындағы су құбыры желілері қалпына келтірілген. Қызылордаға жақын орналасқан Абай, Ақсуат, Қараөзек, Айнакөл, Ақжарма ауылдық округтері де осы тектес жұмыстар бойынша кезекте тұр. Айта кетерлігі, мемлекеттік бағдарламалар аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде соңғы жылда халықтың коммуналдық проблемаларға қатысты шағымы екі есе азайған. www.bnews.kz (Қазақстан).

14.02.2013

Алматы облысында «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру кезінде бұзушылықтар анықталды

Алматы облысы Іле ауданының прокуратурасымен «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында салынып жатқан екі нысанды тексеру барысында «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» заңнамасының бұзушылықтары анықталды. Тапсырыс берушілер Еңбек және Боралдай ауылдарында сумен жабдықтау жүйесін қайта қалпына келтіру және оның құрылысы кезінде тиісті аумақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын өткізуге рұқсат алу үшін қажетті шараларды қабылдамаған. Аудан прокуратурасының талабымен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама рәсімдеп, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды.www.zakon.kz (Қазақстан)

2012

18.12.2012

Кеншілер қаласы Қаратау ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады – ҚР вице-премьерінің Жамбыл облысы бойынша жұмыс сапары

ТАРАЗ. 12 желтоқсан. КАЗИНФОРМ – Кеншілер қаласы Қаратау (Талас ауданы) енді ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады, Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары Қырымбек Көшербаев моноқала тұрғындарына осылай уәде берді.

Вице-премьермен кездесуде жақында ғана облыстағы депрессиялық деп есептелген Талас ауданының тұрғындары қордаланған мәселелер қатарында ауыз су жетіспеушілігін атады. Тұрғындар саны жиырма мыңнан асатын қалада су күніне екі реттен шамалы уақытқа ғана беріледі.

Қ. Көшербаевтың айтуынша, Үкімет «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға бюджетке қаржы салған, соның ішінде тек Қаратау қаласы «ауыз су» мәселесін шешуге бір миллиард теңге алады.

ҚР вице-премьері Қаратау моноқаласын аралау барысында «Игілік» КММ коммуналдық мекемесінің жұмысымен танысты, қазандықта және кеншілер қаласы Қаратауды дамыту бағдарламасы бойынша қалпына келтіріліп жатқан көппәтерлі тұрғын үйде болды.

Жергілікті өкіметтің сендіруі бойынша, Қаратауда жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр.

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары Қырымбек Көшербаев Жамбыл облысы бойынша жұмыс сапары барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы объектілерімен, сондай-ақ, аймақтағы жылыту маусымы барысымен танысатынын естеріңізге саламыз. www.inform.kz (Қазақстан)

14.12.2012 

Жерасты көздерінен шыққан мөлдір су /Т. Корецкая/

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазығұрт ауданында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірден үш объект тапсырылды.

Екі жарым мыңдай тұрғыны бар Қарабау селолық округінің Сынтас аулында салтанатты жиынға ауылдың жартысы жиналды. Әсия Аманжолова Сынтаста туған, жергілікті мектепте 30 жыл қазақ тілінен сабақ берген, қазір зейнеткерлікте. «Әйтеуір қаладағыдай, бізде де су құбыры пайда болды-ау-, дейді ол. Және де биылғы жылғы сыйлық жалғыз бұл емес. Қазан айында бізде құрылысын „Камеко Қазақстан“ ЖШС салған тамаша спорттық кешен ашылды. Ауыл еңбеккерлеріне жасаған қамқорлығы үшін Президентіміз Н. Назарбаевқа рахмет».

Сынтаста таза суды 90-метрлік тереңдіктегі үш скважинадан айдайды. Су сыйымдылығы 150 кубтық екі резервуарға түседі. Ал одан пайдаланушыларға келіп түседі. Мердігер «СМК және Ж-7» ЖШС 461 абоненттің әрқайсысына есептегіш құрал орнатты. Сумен жабдықтау жүйесінің жалпы қашықтығы — 29 км. Жоба құны -256,4 млн теңге, ақшаны республикалық бюджет бөлген.

Сол күні аудан орталығына жақын орналасқан Шарбұлақ селолық округінің Ащыбұлақ және Кезеңбұлақ ауылдарында да су құбырын іске қосу салтанаты болып өтті. Тендер жеңімпазы «Жол Энерго Курылыс» ЖШСне 145-метрлік тереңдікте скважиналар бұрғылауға тура келді. Екі мыңдай тұрғыны бар Ащыбұлаққа республикалық бюджет шығыны 168 млн теңге, ал 900 тұрғыны бар Кезеңбұлаққа 139 млн теңгені құрады.

Көптен армандап жүрген ойларының орындалғанына шын жүректен қуанған жұрттың бақытты жүздерін көрудің өзі бір ғанибет болды, өйткені су мәселесін шешу – ұрпақ денсаулығын нығайтудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ал бүгін аудандағы 64 елді мекеннің 42-сі орталықтанған сумен жабдықтау қызметін пайдаланады, бұл дегеніміз аймақ тұрғындарының 83 пайызы. Жыл соңына дейін тағы төрт сумен жабдықтау объектісі іске қосылады.

Барлық үш объектінің ашылуына да облыс әкімі орынбасары С. Тұяқбаев қатысты.

Өз сөздерінде ол Қазақстанның барлық салалардағы табыстарын ерекше атап көрсетті, қазығұрттықтарды табиғи байлық болып табылатын жерасты суларына ұқыптылықпен қарауға, республикамыздың күш-қуатын өнімді еңбекпен нығайтуға шақырды.

Ауыл өмірінің сапасын көтеру туралы мемлекет пен Президентіміздің қамқорлығына айбарлы қаржылық тасқындар куә бола алады.

Қазығұрт ауданында аймақты дамыту бағдарламасы бойынша биылғы жылы қаржыландырудың барлық көздерінен рекордты сома – 8 млрд теңге 72 объектінің құрылысына бөлінді. Мұндай нәрсе бұрын-соңды болмаған. Оңтүстік Қазақстан (Шымкент), № 147 (19169)

13.12.2012 

Арал өңіріндегі Шиелі ауданында «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 500 млн. жұмсалды.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 500 млн. жұмсалды, деп хабарлайды облыс әкімшілігі баспасөз қызметі.

Арал өңіріндегі Шиелі ауданында биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруға 500 млн. теңге жұмсалды. Нәтижсінде тағы да тоғыз елді мекен ауыз суға қол жеткізді. Оның үстіне су құбыры «Ақ бұлақ» бағдарламасында талап еткендегідей, әр үйге жүргізілген. Үйлерде суөлшегіштер орнатылған", — деп хабарлады Шиелі ауданы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бейсенбі күні.

Оның айтуынша, Шиелі поселкесінің өзінде басты су сору стансасының реконструкциясы жасалған, су резервуары, трансформатор жаңартылған, су сору қондырғылары ауыстырылған.

«Бұл тұрғындарды ауыз сумен қажетті мөлшерде және кепілді сапада тәулік бойы қамтамасыз етуге көшуге мүмкіндік берді», -деп көрсетті әкім.

Аудан тұрғындарының айтуынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асырғанға дейін олар «құдықтан су тасып, әбден қолайсыздық көрген». Енді, олардың айтуынша, «бұндай қажеттілік жоқ». www.zonakz.net (Казахстан)

13.12.2012 

Мемлекеттік бағдарлама аясында Қарағанды облысының Ақбұлақ селосында жаңа су құбыры салынды.

Қарағанды облысының Осакаров ауданы Ақбұлақ селосында құны 172 млн. жаңа су құбыры қатарға қосылды, деп хабарлайды аудандық әкімшілікте. «Ақ бұлақ селосында желтоқсанда жаңа су құбыры қатарға қосылды. Оның құрылысына „Ақ бұлақ“ мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 172 млн теңге бөлінді. Осылай, селолықтар сапалы ауыз суға ие болды», -деді Осакаров аудандық әкімшілігінде бейсенбі күні.

Өкіметтегілер айтқандай, бұған дейін Ақ бұлақ тұрғындары ауыз судан тапшылық көріп келді.

«Тың көтеру жылдары салынған су құбыры өз мерзімін баяғыда өткеріп тастаған. Апат мұнда жиі болып тұрды. Соңғы жылдары су тәулігіне бірнеше сағатқа беріліп тұрды, және тұрғындар бұлақ суын пайдалануға мәжбүр болды», — деп түсіндірді аудандық әкімшіліктегілер. www.zonakz.net (Казахстан)

21.11.2012

Қостанай облысында 2012 жылы «Ақ бұлақ» бойынша 3,5 млрд теңгеден артық бөлінді.

Қостанай облысында 2012 жылы «Ақ бұлақ» бойынша 3,5 млрд теңгеден артық жіберілді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қостанай облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығының орынбасары Ғазиз Бекмұхаметов хабарлады. « 2012 жылы „Ақ бұлақ“ бағдарламасын іске асыруға облыстың жеті ауданы — Алтынсарин, Денисовский, Жангелді, Қарасу, Қостанай, Наурызым, Ұзынкөл – жұмылдырылды. Бағдарлама жұмысы Қостанай, Арқалық, Лисаковскіде жүріп жатыр. „Ақ бұлақ“ бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттің трансферттері есебінен ағымдағы жылы сумен жабдықтаудың 16 объектісінің құрылысы мен қайта құрылуына 3,65 млрд теңге жұмсалды, оның ішінде сумен жабдықтаудың ауылдық объектілерінде 2,23 млрд теңге және қалалық бойынша – 1,42 млрд теңге», — деп сендірді аймақтың Энергетика және ТҮКШ бастығы. Оның сөзі бойынша, жергілікті бюджеттен сумен жабдықтау объектілеріне 555,6 млн теңге бөлінген. Ақша толық игерілген. www.bnews.kz (Казахстан), 21.11.2012

16.11.2012

«Қорытынды жаңалықтар»,

«Қазақ Суарнажобаға», сумен жабдықтау жүйелерін жобалаумен айналысатын ұйымға биыл 55 жыл толады. Бүгінгі күні оның қызметкерлері өткен 10 жылдық тәжірибе мен заманауи технологияны табысты үйлестіріп келеді. Бүгінгі күні институт еліміздің 54 қаласының сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін жаңғырту бойынша бас жобалаушы болып табылады. /Жазира Сайдахмедова/

«Қазақ Суарнажобаға», сумен жабдықтау жүйелерін жобалаумен айналысатын ұйымға биыл 55 жыл толады. Бүгінгі күні оның қызметкерлері өткен 10 жылдық тәжірибе мен заманауи технологияны табысты үйлестіріп келеді. Жалғыз салалық институттың мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар келді. Альберт Крашевский – алғашқы 10 қызметкердің бірі, онда әлі «Союзводоканалпроектінің» Қазақ бөлімшесінің, мұнда жарты ғасыр жұмыс істеді – қатардағы техниктен бөлім бастығына дейін. Ардагер өз уақытында Самарадан Алматыға бөлу бойынша келіп, ол кезде қазақ қалалары мен ауылдарының сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін жобалау оның бүкіл өмірінің мәнін құрайтынын ойламаған да еді. Ал еңбек кітапшасындағы жазу солай жалғыз болып қалды. Бұл туралы ол ешқашан да өкінген емес. Бірақ институттың жарты ғасырлық өмірінде бәрі оп-оңай болған жоқ. Жарты ғасырдан артық тарихы бар институттың жоспарлары көп. Бірақ мақсат бұрынғы болып қала береді –Қазақстан халқын таза да пайдалы сумен қамтамасыз ету.. – обеспечение казахстанского народа самой чистой и полезной водой. Бүгінгі күні институт еліміздің 54 қаласының сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерін жаңғырту бойынша бас жобалаушы болып табылады. 16.11.2012, 21:00, Алматы ТВ

15.11.2012

Веселыйда көңілдірек /Чингиз Ташенов/

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Ақмола облысында ауыл елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүріп жатыр. Сандықтау ауданы Веселый селосында су құбыры 1968 жылы салынған, содан бері ол бір- де- бір рет күрделі жөндеуден өтпеген еді, сондықтан ол әбден тозған және іс жүзінде жарамсыз болып қалған. Енді міне, селолықтардың үлкен қуанышына ол «Ақ бұлақ» бағдарламасына кіргізілген екен. Қайта құруға 70 млн теңге бөлінген. Бұл ақшаға шойын құбырлар ауыстырылды, су құбырлары құдықтары, колонкалар, өртке су себетін су крандары салынды, екі суайдауыш мұнара, сору станциясы орнатылды. Жақында барлық осы жүйе пайдалануға берілді, ал Веселыйдағы өмір, селолықтардың өздері айтқандай, әжептәуір көңілдірек болып қалды. Сандықтау ауданындағы сумен жабдықтау мәселелерін шешуге биыл барлығы 78 млн теңгеден артық бөлінді. Осы қаражат есебінен 1 231 адам тұратын екі елді мекенде жағдай түбірімен өзгерді. Қазір Хуторок селосында су құбырына күрделі жөндеу басталды. Казахстанская правда (Астана), № 396 (27215), 15.11.2012

05.11.2012

Елімізде судың тарифі өзгеруі мүмкін

Қазір еліміздегі сумен қамтамасыз ету жүйелерінің 70%-ы тозған. Бұл біріншіден, су сапасын төмендетсе, екіншіден, тіршілік нәрін ысырап етуде. Елімізде тәулігіне 1 адамға жұмсалатын су көлемі Еуропа елдерімен салыстырғанда 3 есе көп. Қазір бұл сала «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында қалыпқа келтіріле бастады. Бұл туралы Алматыда су арналарының проблемаларына арналған кеңесте айтылды. Басқосуда сумен жабдықтау желілерін кешенді жаңарту, қайта құрылымдау мәселесі де талқыланды. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша бюджеттен 2020 жылға дейін 1 трл-нан астам теңге бөлінбек. Алайда мамандар «тарифтерді өзгертпейінше, су арналарын толықтай қалыпқа келтіру мүмкін емес» дейді. Осы ретте суға дифференцалдық тариф енгізу ұсынылды. Бұл арқылы суды үнемдеуге мүмкіндік туады. Владислав ГАЛИЕВ, ТҮКШ және құрылыс істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары: — Әрине, су бағасы бірден шарықтап кетпейді. Бірақ саланы толық қалыпқа келтіру үшін қомақты қаржы қажет. Сондықтан біз тарифті кезең кезеңмен көтеруді жоспарладық. Бұл халыққа жеңілдеу болады. Мұнымен қоса тариф белгілі мөлшерден асатын болса, оның бір бөлігін не жергілікті, не республикалық бюджет жабатын болады. ТВ 24.kz, 05.11.2012

17.10.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында өз жемісін берді. Бірінші болып сапалы ауыз суға Таушық аулының тұрғындары қол жеткізді, онда су құбыры әр үйге тартылған. Су құбыры 3 км жердегі жер асты тұщы суынан тартылған. Бұған мемлекеттік бюджеттен 205 млн теңге бөлінді. (Әлия Құжағалиева).

«Ақ бұлақ» бағдарламасы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында өз жемісін берді. Бірінші болып сапалы ауыз суға Таушық аулының тұрғындары қол жеткізді. Таушық аулының тұрғындары өркениеттің барлық табыстарына қол жеткізіп отыр. 2 жыл бұрын ауылға көгілдір отын кіргізілді, енді міне, сапалы ауыз суға қолдары жетті. Көп балалы ана, ауыл тұрғыны Балкүміс Нұрымованың айтуынша, жыл өткен сайын Таушық аулы көріктеніп, ауылда тұру қолайлырақ бола түсуде. Таушық аулының тұрғыны Балкүміс Нұрымова: «Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Біз енді алыстан су тасымаймыз, әр үйге таза суы бар су құбыры кіргізілген. Міне, көріңіздер, суы бар құбыр үйдің ішінде, өте ыңғайлы. Біз сөзсіз қуаныштымыз және Президентке бізді ойлап, қамқорлық жасағаны үшін және жыл сайын өз Жолдауларында халықты толғандыратын мәселелерді көтергені үшін ризамыз.»Өткен жылы қабылданған «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдан 3 км жердегі жер асты тұщы суынан су құбыры тартылды. Бұған мемлекеттік бюджеттен 205 млн теңге бөлінді. Ортақ су құбырынан ауылдықтар әрқайсысы өз үйіне өз есебінен құбыр тартты. Аудандық биліктегілер жиырма аз қамтылған отбасына тегін құбыр жүргізіп берді. Енді мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аудан орталығы – Форт-Шевченко қаласында жалғасады. Әли Аманафесов, «Түпқараған су жүйесі» МКК директоры: "Форт-Шевченко қаласында ішкі су құбыры жүйесі көрші Баутино поселкесінің су құбырымен, сондай-ақ, кәріз жүйесімен бір уақытта жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы 2013 жылы аяқталады. Түпқараған ауданы Каспий жағалауы бойында орналасқан. Оның тұрғындарының 80% осы уақытқа дейін суды тасып ішіп отыр. Ауданның екі аулында ғана орталық сумен жабдықтау жүйесі бар. Сондықтан ауылдықтар ауылдағы сумен жабдықтау мәселесін шешетін «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асуын асыға күтеді. Жаңалықтардың күндізгі топтамасы, 14:00 Хабар ТВ

12.10.2012

Сумен жабдықтау кәсіпорындарының жыл сайынғы өз әрекеттерінен болған шығындары 4 млрд теңгені құрайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында «2011–2020 жж. арналған „Ақ бұлақ“ бағдарламасын іске асыру барысы туралы» мәселені қарастыру бойынша «Өңір» депутаттық тобының кеңейтілген отырысында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасы С. Нокин айтты. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерін талқылау барысында С. Нокин «Ақ бұлақ» бағыттарының бірі сумен жабдықтау және су бөлу кәсіпорындарын мемлекеттік-меншіктік серіктестікке көшіру болып табылады, деп атап өтті. «Сумен жабдықтау кәсіпорындарының жыл сайынғы өз әрекеттерінен болған шығындары 4 млрд теңгені құрайды. Осымен байланысты негізгі міндеттердің бірі суарналарды тиісті техникалық және экономикалық жағдайларға келтіру болып табылады. Кәсіпорындарға қаржылық-экономикалық сауықтыру жүргізу керек, пайдалануға кететін шығындарды жабатын және инвестициялық бағдарламалар көздейтін тиімді тарифтер белгілеу керек», — деп атап көрсетті Агент басшысы. www. zakon. kz (Казахстан)

05.10.2012

«Қолжетімді баспана-2020» және «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғасады Премьер-Министр/

«Қолжетімді баспана-2020» және «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Бұл туралы Астанада «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысында Премьер-Министр Серік Ахметов сөйлеген сөзінде хабарлады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының дамуы жаңа бағыт алады. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру мен «Ақ бұлақ» жалғасады. 2012 жылдың аяғына қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту Бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы бір мың километрге жуық коммуналдық тізбектің жаңғыртылуын жүзеге асыру жоспарлануда, "- деп хабарлады Премьер-Министр. 2012 жылдың аяғына дейін «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қалалардағы тұрғындардың орталық сумен жабдықтауға қолжетімділігін 84%-ға дейін, ауылдық жерлерде -43 %-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Мақсатты трансферттер аймақтарға толық көлемде аударылды, «-деді С. Ахметов. www. bnews. kz (Казахстан)

11.09.2012

8 өңірде суға 2 деңгейлі сараланған тариф енгізілді — АРЕМ

8 өңірде суды тұтыну мөлшеріне қарай 2 деңгейлі сараланған тариф енгізілді, деп хабарлады ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің төрағасы Мұрат Оспанов. „Суды үнемді тұтыну мәселесін шешу мақсатында, еліміздің барлық өңірлерінде тұтынушылардың барлық топтарын сумен қамтамасыз етудің сараланған тарифтері енгізілді“, — деп атап өтті Мұрат Оспанов. Республиканың 8 өңірінде суды тұтыну мөлшеріне қарай 2 деңгейлі сараланған тариф енгізілді. Сонымен қатар, 2 деңгейлі тарифтен 3 деңгейлі тарифке көшу және суды тұтыну көлемі деңгейінде пайдаланып, ақы төлейтін тұтынушылар үшін тарифртер деңгейі арасындағы айырмашылықты алшақтатуға көшу мүмкіндігі де қарастарылуда. Бұл кәсіпорындар арасында да, халық арасында да суды үнемдеп тұтынуды ынталандыратын болады. „Осылайша, су есептеу құралдарын пайдаланбайтын тұтынушыларға қарағанда, өлшеу құралдарына сүйеніп суды үнемді пайдаланатын тұтынушылар үшін су ақысының күрт көтерілуі болмайды“, — деп аяқтады сөзін М. Оспанов. http://www.pm.kz/program/event/view/2704

05.09.2012

„Ақ бұлақ“ бағдарламасы бойынша 3 жылға 214 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған

Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2013–2015 жылдарға 214,3 млрд теңге көлеміндегі қаржы қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі. «2013–2015 жылдарға 214,3 млрд теңге көлеміндегі қаржы қарастырылған, оның ішінде 2013 жылға – 100,6 млрд теңге», — делінген ведомство хабарламасында. Аталған қаражат сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға, ауылдық елді мекендер мен кішігірім қалаларды су қорымен қамтамасыз ету үшін жер асты су көздерін іздестіру-барлау жұмыстарына жұмсалады. http://www.pm.kz/program/event/view/2673?lang=kz

24.08.2012

«Ақ бұлақ — 2020» бағдарламасы бойынша 800 км шамасындағы су құбыры желісі қайта жөнделді

«Ақ бұлақ — 2020» бағдарламасы бойынша 800 км шамасындағы су құбыры желісі қайта жөнделді, деп хабарлайды Құрылыс және ТКШ агенттігінің баспасөз қызметі. «Ақ бұлақ — 2020» бағдарламасы бойынша 465 км қалалық және 360 ауылдық елді мекендер су құбыры желісі қайта жөнделді, — делінген ведомство хабарламасында. Қазіргі кезде сумен жабдықтаудың кепілдендірілген стандарттары мен желілер мен коммуналдық сектор нысандарының жағдайы туралы жалпыұлттық мәліметтер базасы әзірленуде. Құрылыс және ТКШ агенттігінің ақпарына қарағанда, үстіміздегі жылы қалалық сумен жабдықтау мен су бұрудың 43,3 млрд теңгенің 104 жобасы және ауылды сумен қамтамасыз етудің 33,9 млрд теңгенің 238 жобасын жүзеге асыру көзделген. Үстіміздегі жылдың соңына дейін қаладарда орталықтандылырған сумен жабдықтауды 84% және су бұруды 75% ұлғайту жоспарлануда. Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау 43%, су бұру қызметі 9 % қол жетімді болады. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

09.08.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін ауыз сумен жабдықтаудың 15 нысаны іске қосылады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың 23 нысанының құрылысын жүргізуде, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген сұхбатында комитет төрағасының орынбасары Марғұлан Марайым. «Біз ауыз сумен жабдықтаудың 23 нысанының құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Үстіміздегі жылы 15 нысанды іске қосуды жоспарлап отырмыз, қалған 8-і 2013 жылы аяқталады», — деді М. Марайым. Сонымен қатар ол биыл тағы да 26 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатқанын айтып өтті. Комитет басшысының орынбасарының айтуынша, топтық су құбыры бойынша 6 ай ішінде 3 143 506,1 мың теңге игерілген. Жыл ішінде жаңа нысандардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарына барлығы 19 776 768 мың теңге бөлінбекші.

06.08.2012

«Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша 35 су көзінің қорын қайта бағалау 2013 жылы аяқталады

«Ақбұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 35 су көзін қайта бағалау жөніндегі іздеу-барлау жұмыстары 2013 жылы аяқталады, деп хабарлайды ҚР ҚТКША баспасөз қызметі. «341 ауылдық елді мекенді жерасты сулары қорымен қамтамасыз етуге арналған іздеу-барлау жұмыстары мен 35 жерасты су көздерінің қорын қайта бағалау жөніндегі қосымша барлау жұмыстары 2013 жылдың 4-тоқсанында аяқталады», — делінген агенттіктің хабарында. Іздеу-барлау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп те қойылды. Ақпаратта айтылғандай, 341 ауылдық елді мекенді жерасты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге 4,1 млрд теңге, ал 35 жерасты су көздерінің қорын қайта бағалау жөніндегі қосымша барлау жұмыстарына 683,8 млн теңге қарастырылған. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

02.08.2012

ҚР «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыратын бірыңғай техникалық саясат әзірленуде

«Ақ бұлақ-2020» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесін жақсартудың бірыңғай техникалық саясаты әзірленуде, деп хабарлады ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігінің Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Ольга Титова Pm.kz сайтына берген сұхбатында. Жүйелік тәсілдеме аясында «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасының бірыңғай техникалық саясаты анықталып, еліміздің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жақсарту шаралары әзірленетін болады", — деді Ольга Титова. Департамент директорының айтуынша, осы тәсілдеме шеңберінде іріктеу өлшемі мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың басымдығы анықталатын 55 қала бойынша негіздеме әзірленіп, ол бірыңғай техникалық саясатты анықтаудың негізі болады. Ақпаратқа сай, жүйелік тәсілдеме үйлестірілген бірқатар шараларды жүзеге асыруды көздейді, оның ішінде 256 ауыл мен 27 қаладағы сумен жабдықтау мен су бұру желілері нысандарын тексеру көзделген. ҚТКША мәліметтеріне қарағанда, қазіргі күні 230 елді мекен тексерілген. Сонымен қатар, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 5,1 млрд теңгеге іздеу-барлау жұмыстарын жүргізбекші. Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті де 16,1 млрд теңгеге топтық су құбырларын қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізеді. «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үстіміздегі жылы барлығы 116 млрд теңге бөлу қарастырылған. Қалалар бойынша құны 44,3 млрд теңге болатын 108 жоба, ауылдар бойынша құны 33 млрд теңге болатын 238 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда", — деп аяқтады сөзін О. Титова. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

18.07.2012

Маңғыстау облысының 35 мың тұрғыны «Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады

Маңғыстау облысында 2012 жылы «Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша 22 жоба жүзеге асырылып, 35 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігі. «2012 жылы қалалар бойынша 938 млн теңгенің 5 жобасын, ауылдар бойынша 1,6 млрд теңгенің 17 жобасын жүзеге асыру жоспарлануда», — делінген ведомствоның хабарында. Сонымен, 2013 жылға қалалар бойынша 6,9 млрд теңгенің 16 жобасы және ауылдар бойынша 1,9 млрд теңгенің 9 жобасына тапсырыс берілген. Жалпы, «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020 жылға дейін 1,3 трлн теңге қаржы бөлу жоспарлануда. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

16.07.2012

Қостанай облысында «Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша 21 жоба жүзеге асырылады

Үстіміздегі жылы Қостанай облысында «Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша 21 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады ҚР Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы Агенттігінің баспасөз қызметі. «Үстіміздегі жылы 4 мың адамды ауыз сумен қамтамасыз ететін 21 жобаны жүзеге асыру көзделуде», — делінген ведомствоның хабарламасында. Сонымен қатар, 2013 жылға қалалар бойынша 2,3 млрд теңгенің 8 жобасына, ауылдар бойынша 4,1 млрд теңгенің 15 жобасына тапсырыс берілген. Жалпы, «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2020 жылға дейін 1,3 трлн теңге бөлу жоспарланған. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

13.07.2012

«Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысының 89 мың тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі

«Ақбұлақ-2020» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында 22 жоба жүзеге асырылып, 89 мың тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлады ҚР Құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы агенттігінің баспсаө қызметі. «2012 жылы қалалар бойынша 3 млрд теңгенің 6 жобасы, ауылдар бойынша 2,7 млрд теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылатын болады», — делінген ведомствоның хабарында. Сонымен қатар, 2013 жылы қалалар бойынша 6,9 млрд теңгенің 7 жобасына, ауылдар бойынша 2,8 млрд теңгенің 15 жобасыны тапсырыс берілді. Жалпы, «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру үшін 2020 жылға дейін 1,3 трлн теңге бөлу жоспарлануда. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

11.07.2012

Батыс Қазақстанда «Ақбұлақ -2020» бағдарламасы бойынша 19 жоба іске асырылады

«Ақбұлақ — 2020» бағдарламасы бойынша үстіміздегі жылы Батыс Қазақстан облысында 19 жоба іске асырылады, деп хабарлады ҚР Құрылыс және Тұрғын үй шаруашылығы агеттігінің баспасөз қызметі. «Үстіміздегі жылы 7,3 мың адамды ауыз сумен қамтамасыз ететін 19 жобаны іске асыру жоспарлануда», — делінген ведомствоның хабарламасында. Сонымен қатар, 2013 жылы қалалар бойынша 1,6 млрд теңгенің 8 жобасына, ауылдар бойынша 1,5 млрд теңгенің 11 жобасына тапсырыс берілген. Жалпы, алғанда, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2020 жылға дейін 1,3 трлн теңге бөлу жоспарлануда. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

28.06.2012

2012 жылы 480 мыңнан астам қазақстандық ауыз сумен жабықтау жүйесіне қосылады

Қазақстанда халықты ауыз сумен толыққанды қамтамасыз етуге бағытталған «Ақ бұлақ» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Осы бағдарламаның аясында 2012 жылы 480 мыңнан астам қазақстандық ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қосылады деп күтілуде. «2017 жылға қарай барлық қалалар 90 пайызға орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етіледі, 30 мыңнан астам коммуналдық желі қайта жаңартылады», — деп атап көрсетті Елбасы Н. Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XIV съезінде сөйлеген сөзінде. «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру нысандарын қайта жаңғырту және жаңа нысандар салу, сондай-ақ су шаруашылығы скторына жекеменшік инвестициялар тарту қарастырылған. Жаңадан жүзеге асырыла бастаған 2011 жылы қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі 103 жоба, ауылдық жерлерде 257 жоба іске асырылды. Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің мәліметі бойынша, 2012 жылы қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде жалпы сомасы 43,3 млрд. теңгенің 104 жобасы жоспарланса, ауылдық жерлерде 33,9 млрд. теңгенің 238 жобасы жоспарланып отыр. Қазақстанның жер астындағы тұщы судың мол қорына ие екенін айта кету керек. Осыған орай 2012 жылы 28 шағын қаладағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тексеруге 350 млн. теңге және 356 ауылдық елді мекендегі су жүйелерін техникалық тексеруге 500 млн. теңге қарастырылуда. Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасының арқасында әр облыста өңірлік бөлініс бойынша 1,5 мыңнан 186 мыңға дейін адам ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қосылады. Тек қана Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 35 жоба жоспарланып отыр, олар іске асырылғаннан кейін жылдың қорытындысы бойынша 186 мыңдай адам ауыз сумен жабдықтау жүйесіне қосылады. Қарағанды облысында 2012 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 22 жоба жоспарланған, олардың арқасында өңірдің 89 мың тұрғыны ауыз сумен қамтылатын болады. Қызылорда облысында бұл көрсеткіш 40 мың адамға жететін болады. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

22.06.2012

Су үнемдеуші технологиялардың арқасында Ақмола облысында 70 мың текшеметр су үнемделді

Ақмола облысында су үнемдеуші технологияларды қолданысқа енгізу мәселелеріне арналған семинар өтеді, деп хабарлады БҰҰ Даму бағдарламасының баспасөз қызметінен. «Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Арнасай ауалының тұрғындары су үнемдеу технологияларын қолданып отыр, осының арқасында олар үй жанындағы учаскелерін суару кезінде жылына 70 мың текшеметрдей суды үнемде алған», — делінген БҰҰ Даму бағдарламасының хабарламасында. Семинарға осынау технологияны қолдануға ықылас білдіріп отырған Алматы облысы мен Өзбекстанның фермерлері де қатысты. Қатысушылар тамшылап суару технологиясын қолданып отырған Арнасай ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың тәжірибелерімен танысты. Семинар БҰҰ Даму бағдарламасы қолдау білдіріп отырған жобаның аясында өтті. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

11.06.2012

Астанада 24 шақырымның сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылады

Ағымдағы жылы Астанада жалпы ұзындығы 24 шақырымның сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады «Астана су арнасы» МКК-ның директоры Уәлихан Досаев. «Ағымдағы жылғы маңызды міндет — 24 шақырымның су құбыры желілерін жаңарту болып отыр», — деді У. Досаев. Оған қоса, бағдарлама аясында ағымдағы жылы 31 дана көлік және арнайы механизмдер сатып алу, тозығы жеткен энергетикалық жабықтар мен траншеясыз коммуникация төсеуге арналған жабдықтарды ауыстыру қарастырылуда. http://www.pm.kz/program/event/view/2153?lang=kz

01.06.2012

Назарбаев мемлекет қаржысын талан-таражға салумен күресуге шақырды Материал 2012 жылғы 25 мамырдағы МИР баспасынан алынды 22:03 Қазақстан

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Президент талан-таражға салушыларды аямауға уәде берді. Астана, 25 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев талан-таражға салушыларды аямауға, басын кесуге дейін баруға уәде берді. Міндетіне салақ қарайтын шенеуніктерді осындай қатал жаза күтіп тұр. Бұл туралы бүгін оларға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескертті. Елбасы Жамбыл облысында республиканың оңтүстігін дамытуға байланысты кеңес өткізді, деп хабарлайды «Мир» МТРК. «Ақша бөлінді. Ескертемін, дағдарыс кезіндегідей – әр теңге үшін бастарыңмен жауап бересіңдер. Сосын өкініп жүрмеңдер. Барлық қаржы мақсатқа сай жұмсалуы керек. Органдар мен әкімшіліктерді тексеретін мәслихаттардың міндеті – қыспаққа алмау, кедергі келтірмеу, бірақ қаржының жұмсалуын қатаң бақылауда ұстау», Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, әңгіме бес мемлекеттік бағдарлама туралы: халықты жұмыспен қамту, индустриализация, бизнесті қолдау, ТҮКШ жаңғырту және ауыз су. Қаржының жұмсалуын арнайы республикалық комиссия бақылайтын болады.

10.05.2012

2012 жылы ТКШ жаңғырту және «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша 4,5 мың шақырым инженерлік желі қайта жаңартылмақ

ҚР Үкіметі Елбасының тапсырмасы бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыруда. Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша, 2012 жылы «Ақ бұлақ»бағдарламасының аясында жалпы сомасы 43,2 млрд. теңгеге — қалалық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің 104 жобасын, 33,9 млрд. теңге сомаға -ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің 235 жобасы жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ТКШ жаңғырту және «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша 4,5 мың шақырым инженерлік желі қайта жаңартылмақ http://www.pm.kz/program/event/view/2028

04.05.2012

2012 жылы сумен жабдықтаудың баламасыз көздеріндегі ауыз судың құнын субсидиялау жоспарлануда

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын аса маңызды топтық және локальды жүйелерден ауыз су тарту жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 4 302 252 мың теңге қарастырылып отыр, деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен. «Ақ бұлақ» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында жаңа жүйелі әдіс қолға алынып отыр, яғни оған сәйкес тексерулер жүргізу, инвестициялық негіздемелерді әзірлеу, тапсырыс берушілердің (жергілікті атқарушы органдар) жаңа ресурс үнемдеуші және энергетикалық тиімді технологияларды енгізілуін ескере отырып, инвестициялық негіздеменің нәтижесіне сәйкес жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесі қарастырылған. Инвестициялардың негіздемесі елді мекендер мен өңірлердің перспективалық дамуын ескере отырып инвестициялық жобаларды іске асырудың басымдығын анықтайды. http://www.pm.kz/program/event/view/2007

27.04.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша қалалар мен ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде тексерулер жүргізіледі

2011–2020жылдарға арналған «Ақ бұлақ»бағдарламасының аясында ағымдағы жылы қалалар мен елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде тексерулер жүргізу жоспарлануда, деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінен.

«2012 жылы 28 шағын қаланың сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне тексеру жұмыстарына 350 млн. теңге жұмсау жоспарлануда. Оған қоса,356 ауылдық елді мекендегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық тексеруге 500 млн. теңге қарастырылып отыр», делінген хабарламада.

20.04.2012

Аралдың 150 мыңдай тұрғыны «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз сумен қамтамасыз етіледі

«Ақ бұлақ»бағдарламасының арқасында Қызылорда облысының 150 мыңдай тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізеді.

"Қазіргі уақытта «Ақ бұлақ» бағдарламасының 2011–2014 жылдарға арналған бірінші кезегіндегі жобаларды қаржыландыру үшін өңірдің Су ресурстары комитетіне жалпы сметалық құны 12,1 млрд. теңгенің 40 жобасы ұсынылып отыр. Бұл жобалар іске асырылғаннан кейін облыстың 150 мыңдай тұрғыны бар 34 елді мекеніндегі ауыз су жағдайы жақсармақ", — деп хабарлады облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ерлан Жоламанов республикалық БАҚ-тарға берген сұхбатында.

"Жалпы алғанда, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша облыстың 215 елді мекенінде сумен жабдықтау және кәріз желілерін жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірленіп отыр. Су ресурстары комитетіне ұсынылып отырған бұл жобалардың жалпы болжалдық құны 57 млрд. теңгені шамалайды", — деп атап көрсетті Е. Жоламанов. http://www.pm.kz/program/event/view/1926?lang=kz

16.04.2012

Сумен жабдықтау және су бұру нысандарына 113 млрд. астам теңге инвестицияланады"Ақ бұлақ"бағдарламасына сәйкес, сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына 113 млрд. теңгеден астам қаражат көлемінде инвестициялау жоспарланып отыр, деп хабарлады Мәжілістегі үкімет сағатында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

Агенттік басшысының айтуынша, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге шекті тарифтерді қолдану — тарифтік реттеудің озық құралы болып табылады. Сонымен қатар, бұндай шекті тарифтерді қолданудың арқасында активтерді жаңартуға салынатын инвестициялардың өсуі күтіледі. Реттелетін секторға инвестициялаудың нәтижесінде олардың тозуы 2020 жылға қарай 45–55пайызға дейін төмендейтін болады. «Соның нәтижесінде көрсетілетін қызметтердің сапасы артады. Ал саладағы тозу бүгінгі күнгі 65–75 пайыздан 2020 жылға қарай45–55 пайызға дейін төмендейді. Сондықтан да, ТКШ жаңғырту және „Ақ бұлақ“ бағдарламаларына сәйкес, реттелетін салалардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысанына 452 млрд. теңге, сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына 113 млрд. теңгеден астам қаражат көлемінде инвестициялау жоспарланып отыр. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша реттелетін салаларда тариф есебінен 36 млрд. теңге инвестицияланған еді», — дейді М. Оспанов. Сонымен қатар, агенттік басшысының сөзіне қарағанда, шекті тарифтерді барлық бағытта енгізу ұсынылады. http://www.pm.kz/program/event/view/1901

10.04.2012

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның өзендеріндегі су шаруашылығының жағдайы туралы хабардар еттіАуыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Сырдария өзенінің төменгі арнасы төтенше жағдайларсыз толығымен мұздан тазартылды. Қазіргі уақытта Шардара су қоймасына түскен орташа су өтімі 723 м3/с құрайды. Су қоймасындағы судың нақты көлемі 4036млн. м3, жалпы жобалық көлемі 5200 млн. м3. Қоймаға түскен су өтімінің төмендеуіне байланысты Арнасай ойпатына (Өзбекстан Республикасы) су жіберу тоқтатылып, сондай-ақ Сырдария өзенінің төменгі ағысына жіберілетін су өтімін 700 м3/с-ке төмендету белгіленді. 2012 жылдың вегетациялық кезеңіндегі (сәуір-қыркүйек) Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының режимі сәуір айының соңғы онкүндігінде Ашхабад қаласында өтетін Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МҮСК) кезекті отырысында гидрометқызметтің нақты болжамы алынғаннан кейін талқыланбақ. Алдын ала жасалған Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық станциясының талдамасы негізінде 2012 жылдың вегетациялық кезеңінде Сырдария мен Амудария бассейндерінің көптеген өзендерінің сулылығы мөлшер шегінде сақталады деп күтілуде. Еліміздің қалған аумақтарында су шаруашылығының жағдайы бір қалыпты. Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының өзендерінде көктемгі су тасу толқынының дамуы жалғасуда. Су деңгейінің 1–2 м көтерілуі: Орал, Шерубай-Нұра, Есіл, Қалқұтан, Тобыл, Аят, Тоғызақ және Үй өзендерінде байқалды. Соған қоса, сә деңгейінің 2–2,8 м көтерілуі: Ор, Утва, Деркүл, Ілек, Қарақала, Үлкен Хобда, Есіл (Калашы ММ) белгіленді, ал Қосістек және Шаған өзендерінде су деңгейі 3,4 – 4 метрге дейін көтерілген. Қаратомар (Тобыл өз.) және Желқуар (Желқуар өз.) су қоймаларынан жіберілген су өтімі 100-ден 467 м3/с сәйкесінше ұлғайтылды. Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұздың босаңсуы мен бұзылуы жалғасуда, сең жүруі мен су деңгейінің көтерілуі байқалуда. Ертіс өзеніне Шүлбі су қоймасынан жіберілген су өтімі 800 м3/с дейін жоғарылатылды. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына түскен су өтімі 700 және 770м3/с құрады http://www.pm.kz/program/event/view/1844

02.04.2012

Астанада «Коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру секторындағы проблемаларды шешудің жолдары» деген тақырыпқа арналған республикалық кеңес өтті. Онда су шаруашылығы секторын жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлады «ТКШ ҚазОрталық» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

«Кеңес барысында коммуналдық сумен жабдықтау және су бұру секторының проблемалары және оларды шешудің жолдары, аталмыш секторда тәжірибе алмасу үшін арнайы алаңдар құру, сектордағы кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды», — делінген орталықтың хабарламасында.

Кеңес жұмысына республика қалаларындағы су арналары қызметтерінің басшылары мен мамандары, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері үшін жабдықтар шығарумен және олардың қолданысқа енгізумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері қатысты. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

30.03.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасының салалық бағдарламасының аясында2012 жылы 102 қалалық сумен жабдықтау жобасын іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде.

«2012 жылы жалпы сомасы 43,3 млрд. теңгені құрайтын 102 қалалық сумен жабдықтау жобасы жоспарланып отыр», — деді С Нокин өз сөзінде.

Сондай-ақ жалпы сомасы 33,9 млрд теңге болатын 258 ауылдық сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр", --деді С. Нокин.

Агенттік төрағасының айтуынша, «Ақбұлақ» салалық бағдарламасы шеңберінде былтыр 54,7млрд. теңгеге 103 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жобасы, 28,7 млрд. теңгеге 257 ауылдық жердің сумен жабдықтау жобасы іске асырылған. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=kz

16.03.2012

2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам сумен жабдықтау нысаны тұрғызылды

2011 жылы облыста 117 сумен жабдықтау нысаны салынды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов өз есебінде.

"2011 жыл «Ауызсу жылы» деп жарияланып, 17,1млрд. теңге ауызсумен қамтамасыз етуге 117 нысанның құрылысы жүргiзiлдi. Нәтижесiнде 70 елдi мекен немесе 320 мың халық ауыз сумен қамтамасыз етiлiп, құбыр суы бар елдi мекендердiң саны 582-ге жеткiзiлді", — деді А. Мырзахметов. Бүгiнгi таңда барлығы 1,8 млн. астам оңтүстiк тұрғындары таза ауызсумен қамтылды. 816,2 млн. теңгеге 43 елдi мекендегi су құбырлары ағымдағы жөндеуден өткiзiлдi. 2011 жылы орнатылуы қажет 32 842 дана су есептегiш құралдары толық орындалды.

11.03.2012

Қызылорда облысында 2008 жылдан бері 76 шақырымдай су құбыры желісі жөнделді

Қызылорда облысында 2008 жылдан бері 76 шақырымдай су құбыры желісі және 49 шақырым канализация желісі жөнделді, — деп хабарлады облыс әкімі Болатбек Қуандықов тұрғындармен болған кездесуде.

«Қызылорда қаласында су құбыры және кәріздік желілерін қайта жаңғырту және ұлғайту бойынша жобасының 4 жыл көлемінде жүзеге асырылғандығы нәтижесінде 76 шақырымнан астам су құбыры, 49 шақырым кәріздік желілер күрделі жөнделіп, 20 КНС салынған. Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап қалалық су жүйесінде қуаттылығы күніне 34 мың текше метр су тазалайтын сүзгілеу стансасы пайдалануға берілді. Біз дәстүрлі сұйық хлор орнына суды техникалық тұзбен тазалау технологиясын пайдалана бастадық. Мұндай станса Алматы мен Астана қалаларында және біздің облыста ғана бер екендігін атап өткен жөн», — деді әкім өз сөзінде.

2009–2010 жылдары біз, Қызылжарма орнының ауыз су қорларын айқындау бойынша жұмыстар жүргіздік. Бұл орынның кепілденген жерасты су қорлары күніне 83 мың текше метр екенін ескерсек, оны игеру бүкіл қаланы таза ауыз сумен қамтамасыз етер еді. Сондықтан, 2012 жылы біз, қолда бар87 ұңғыманың 57-сін барлауға жобалық-сметалық құжаттама әзірлейміз, ал2013–2014 жылдары барлауды бастаймыз, — деді әкім. http://www.pm.kz/program/event/index/10?lang=ru

03.03.2012

Cоңғы төрт жылда Атырау облысында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 44 пайыздан 96 пайызға дейін өсті

Соңғы 4 жылда Атырау облысында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 44 пайыздан 96 пайызға дейін өсті, деп хабарлады облыс әкімі Бергей Рысқалиев.

"2011 жылы қуаттылығы тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтын №5 сүзгілеу стансасының құрылысы аяқталды. Бұл стансаның іске қосылуы қаланың оң жақ жағалау бөлігінің үздіксіз сумен жабдықталуын қамтамасыз етуге, бұдан бөлек келешекте пайда болатын, қаланың мөлтекаудандарында жаңадан салынып жатқан тағы да 10 мың жеке тұрғын үйді қосымша қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Атырау қаласының «Нұрсая-2» және «Көктем» жаңа мөлтекаудандарында ұзындығы 25 шақырымдық сумен жабдықтау желісі салынып және 120 шақырым желі жаңартылды.

Қызылқоға ауданында ұзындығы 125 шақырымдық «Кереген-Сағыз-Жамансор», 9 шақырымдық «Тасшағыл-Қаракөл» топтық су құбырлары пайдалануға берілді. Ал «Игілік» бағдарламасы шеңберінде Құлсары қаласында сусорапты стансасының, ұзындығы 140 шақырымдық кварталішілік су құбырының құрылысы жүзеге асырылды.

25.02.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында қазақстандық қамтуды арттыру тетіктері қолданылады

Тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамтудың үлесін әрі қарай арттыру үшін ұзақмерзімдік ұлттық бағдарламалардың аясында бірқатар тетіктер қарастырылып отыр, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев.

"Қазақстандық қамтудың үлесін арттыру үшін «Ақ бұлақ» және «ТКШ жаңғырту» бағдарламалары сияқты ұзақмерзімдік ұлттық бағдарламалар мен ұлттық жобалардың аясында жекелеген тетіктер қолданылатын болады", — деді Әсет Исекешев. Министрліктің осы бағытта Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агентікпен және басқа мемлекеттік органдармен сәйкес жұмыс жүргізіп жатқанын атап көрсеткен министр, «қазіргі уақытта Іс-шаралардың бірлескен жобасы келісіліп, жекелеген іс-шаралар бойынша жауапкершіліктер жіктелуде», — деп атап көрсетті.

9.02.2012

«Сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Лицензиялау туралы» заңдардағы өзгерістер күшіне енді.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Лицензирование туралы» Заңдар өзгерістері күшіне енді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі алқа мәжілісінен. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялауы мәселелері бойынша қызметтері мен өкілдіктері ведомствоға берілгенін еске саламыз. «30 қаңтарда „Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы“ және „Лицензирование туралы“ Заңдар өзгерістері күшіне енді. Заңға сәйкес үш категория енгізіледі. Бірінші категория ерекше күрделі объектілерде, сондай-ақ, екінші және үшінші категория объектілерінде жұмыстар орындауға құқық береді.10 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі қажет. Екінші категория орташа күрделіліктегі объектілерде, сондай-ақ, үшінші категория объектілерінде жұмыстар орындауға құқық береді. 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі қажет. Үшінші категория — бұл базалық деңгей, ол жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайтын күрделі емес объектілерінде жұмыстар орындауды қарастырады», — деп хабарлады ведомствода.

Ресми мәліметтер бойынша, 2011 жылы барлық қаржы көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 417,1 млрд теңге (2010 жылмен салыстырғанда өсім -19,2 пайыз), 6,5 миллион шаршы метр тұрғын үй енгізілді (өсім – 1,9 пайыз), енгізілген үй жалпы көлемінің 55 пайызы жеке тұрғын үйге бөлінген, немесе 3,6 миллион шаршы метр (өсім – 13 пайыз). http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/economics/7994068/?frommail=1

07.02.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жер асты суларының қорын іздестіруге байланысты шаралар қабылдау жоспарлануда

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жер асты сулары қорын барлауға байланысты шаралар қабылдау жоспарлануда.

«Ақ бұлақ» Бағдарламасын іске асырудың маңызды мәселелерінің бірі жер асты суларының расталған қорының жоқтығы, деп хабарлады ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасы ведомствоның алқа мәжілісінде. «Сондықтан Агенттік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қосымша шаралар қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу керек деп санайды», — деді С. Нокин. Көбінесе жер асты суларын уақытылы растау, іздестіру және қайта бағалау бойынша, су құбырлары мен тоспалау тізбектерін салу және қайта салуға жобалық-сметалық зерттеуді қаржыландырудың көбеюі бойынша, су шаруашылығы мекемелерін сауықтыруға байланысты шаралар қабылдау ұсынылады. http://www.pm.kz/program/event/index/10

03.02.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2011 жылы МЖС жобаларын іске асыру туралы меморандумға қол қойылды

Мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік (МЖС) аясында 2011 жылы Тараз, Атырау және Семей қалаларында сумен жабдықтау мен су бөлу салаларында МЖС жобаларын әзірлеу бойынша Меморандумға қол қойылды, деп хабарлады ҚР Құрылыс және коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Төрағасы С. Нокин

«Мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік (МЖС) аясында Құрылыс істері Агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі, қайта құру мен даму Еуропалық банкі араларында Тараз, Атырау және Семей қалаларында сумен жабдықтау мен су бөлу салаларында МЖС жобаларын әзірлеу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды», — деді С. Нокин. Бұдан басқа, 2012 жылы жалпы сомасы 43,2 млрд теңге болатын қалалық сумен жабдықтау мен су бөлудің 102 жобасын, сондай-ақ, жалпы сомасы 33,9 млрд теңге болатын ауылдық сумен жабдықтау мен су бөлудің 151 жобасын іске асыру жоспарланған. «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасы аясында өткен жылы 54,7 млрд теңге болатын қалалық сумен жабдықтау мен су бөлудің 103 жобасы, сондай-ақ, 28,7 млрд теңге болатын ауылдық сумен жабдықтау мен су бөлудің 257 жобасы іске асырылды. Қалалық елді мекендерде 714 км су құбырлары мен 60 км тоспалау тізбектерін қайта құру жүзеге асырылды.http://www.pm.kz/program/event/index/10

16.01.2012

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 268 ауылдық объектілерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және коммуналдық шаруашылықты дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР ҚжТҮКШІА баспасөз қызметі. «Қазіргі уақытта сумен жабдықтау және коммуналдық шаруашылықты дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша ауылдық елді мекендерде 268 объектіде жалпы сомасы 28 612 622 мың теңге болатын құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде», — деп айтылады Агенттік хабарламасында. Одан басқа ауылдық сумен жабдықтау мен су бөлу саласы бойынша 982 001 мың теңге сомасына 142 жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

9.01.2012

Қазақстанда су шаруашылығы секторын жаппай жаңарту басталды. «2017 жылға қарай барлық қалалар 90 пайызға орталықтанған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етіледі, 30 мыңнан астам коммуналдық тізбек қайта жарақталады», — «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының XIV съезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай атап көрсетті. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бүкіл әлемде өткір қойылып отыр, және энергетика мәселесімен қатар жаңартулар мен жаңа шешімдер қабылдауды талап етеді. Айта кетерлік жайт, көптеген дамушы елдерде (Германия, Дания, Швеция) ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етуде кейбір жеке меншік үйлерде тазарту қондырғылары бар шахталық құдықтар мен терең емес скважиналар кеңінен қолданылады. Қазақстанда жер асты тұщы суларының мол қоры бар және барлау жұмыстарын жүргізуге қажетті ресурстары да бар. «„Ақ Бұлақ“ бағдарламасы бойынша 238 млрд теңге мөлшеріндегі қаржы сумен жабдықтау мен су бөлу жүйесін дамытуға, су шаруашылығы жүйелерін және гидротехникалық құрылғыларды зерттеуге, іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады», деді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы мәжілісінде сөйлеген сөзінде. Қазіргі уақытта 33,7 млн теңге сомасына қалалық сумен жабдықтаудың 82 жобасы және 19 млн теңге сомасына қалалық су бөлудің 19 жобасы іске асырылуда.2012 жылы қалалық сумен жабдықтау мен су бөлудің 102 жобасы, ауылдық сумен жабдықтау мен су бөлудің 151 жобасы жүзеге асырылады.2013 жылға келсек, 21 қалалық, 63 ауылдық сумен жабдықтау мен су бөлудің жобаларын іске асыру жоспарлануда. 2011–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясындағы шараларды жүзеге асыру тереңнен су алатын скважиналардан жоспар бойынша барлық жерлерде бірдей орталықтанған сумен жабдықтауға өтуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ауылдық жерлердегі сумен жабдықтауды дамыту өмірдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту арқылы, денсаулықты сақтау және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жолымен адамдардың ауыруын болдырмау арқылы мультипликативті нәтиже туғызатынын атап өту керек.

26.12.2011 

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011 жылдың 10 айында 714 км су құбырлары тізбектері жөнделіп болды. 2011 жылдың 10 айы ішінде 714 км су құбырлары тізбектері және қалалық елді мекендердегі 59,6 км тоспалау тізбектері жөнделді, — деп хабарлайды ҚР құрылыс және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі баспасөз қызметі.

2012 жылы ауылдардың сумен жабдықтау жүйесін дамытуға

26 млрд теңге қарастырылған

Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін дамытуға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2012 жылы қалалық сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 48 млрд-тан астам теңге қарастырылады, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша Агенттігі Төрағасы С. Нокин хабарлауынша.

«Бұдан басқа, 2012 жылы ауылдардың сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 26 млрд теңге қарастырылған», -деді С. Нокин.

Сонымен бірге осы жылы бұл мақсаттарға 28 млрд теңгеден аса бөлінді.

Әкімшіліктер ұсынған және құжаттық негіздемесі бар инвестициялық жобалардың бәрін бірін қалдырмастан Республикалық бюджеттік комиссия қолдағанын және 2012 жылғы бюджетке енгізілгенін атап өту керек.

Сонымен, «Ақ бұлақ» бағдарламасының бұл бағыты су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін болады.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру екі бағыт бойынша жүргізілуде: республикалық және жергілікті бюджет есебінен әкімшіліктер арқылы және тариф қалыптастыру есебінен қызмет беруші –мекемелер арқылы. http://www.pm.kz/program/event/view/948

11.08.2011

Қазақстанда суарналарды қаржыландыруға жеке меншік компаниялар тартылады

Астана. BusinessResource.

Қазақстанда сумен жабдықтау жобаларын қаржыландыруға жеке меншік компаниялар тартылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі баспасөз қызметі, KazakhstanToday. таратқан хабары бойынша.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, мемлекет жыл сайын қаланың бүкіл сумен жабдықтау тармақтарының дамуы мен қайта құрылуына 25–30 млрд теңге мөлшерінде жұмсайды. Бюджетке салмақты азайту үшін мемлекеттік- жеке меншіктік серіктестік моделіне суарналардың кезең-кезеңмен өтуі ұсынылады.

Халықаралық қаржы институттарымен бірге гранттық қаржыландыру арқылы суарналардың қаржылық-шаруашылық қызметі мен техникалық жағдайлары көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі сараптама жасау жоспарлануда, соның негізінде әр суарнаға өз моделі дайындалатын болады, -деп нақтылады ведомствода.

Әрі қарай, баспасөз қызметі хабарына қарағанда ҚР заңдары мен халықаралық қаржы институттарының қабылдаған процедураларына сәйкес потенциалды инвестор таңдауға конкурс өткізіледі. «Мұнда бірақ суарналар инвестордың жеке меншігіне өтпейді», деп атап көрсетілген баспасөзде.

09.08.2011

Сумен жабдықтау жобаларын қаржыландыру МЖС моделі бойынша жүзеге асырылады

Астана, 9 тамыз 2011 ж. «Ақ бұлақ» салалық бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жобаларын қаржыландыру мемлекет-жеке меншік серіктестігі моделі бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекет жыл сайын қаланың бүкіл сумен жабдықтау тармақтарының дамуы мен қайта құрылуына 25–30 млрд теңге мөлшерінде жұмсайды. Бюджетке салмақты азайту үшін мемлекет- жеке меншік серіктестігі моделіне суарналардың кезең-кезеңмен өтуі ұсынылады.

Халықаралық қаржы институттарымен бірге гранттық қаржыландыру арқылы суарналардың қаржылық-шаруашылық қызметі мен техникалық жағдайлары көрсеткіштеріне егжей-тегжейлі сараптама жасау жоспарлануда, соның негізінде әр суарнаға өз моделі дайындалатын болады, -деп нақтылады ведомствода.

ҚР Үкіметімен келісілген дайын құжат негізінде әр жобаға мемлекет-жеке меншік серіктестігі моделі анықталғаннан кейін ҚР заңдары мен халықаралық қаржы институттарының қабылдаған процедураларына сәйкес потенциалды инвестор таңдауға конкурс өткізіледі.

Сондай-ақ, инвесторларға бірқатар нақты міндеттемелер жүктеледі. Мысалы, орталықтандырылғын сумен жабдықтау мен тасымалдауға қолжетімділік деңгейін 100 %-ға жеткізу; сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйелерінің сенімділігін арттыру; халықтың суды пайдалану есебін жеке құралдармен қамту -100%; 100 %-ға дейін нормативті-тазаланған су деңгейін көтеру арқылы сумен жабдықтау мен тасымалдау қызметтерінің сапасын арттыру; 15 %-ға дейін суды үнемсіз жұмсаудың нормативті деңгейін азайту; суды коммерциялық есепке алумен 100 % қамтамасыз ету. Бұл жағдайда суарналар инвестордың жеке меншігіне өтпейді.

Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтауға келсек, бүгінгі күні ҚР заңдарымен ауыл тұрғындарына суға субсидия беру мәселесі реттелді, ал бұл ауылдық жерлердегі сумен жабдықтауға кететін шығын мен тұрғындардың табысының арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Құрылыс және ТҮКШ істері Агенттігі Баспасөз қызметі

18.07.2011

Қазақстан Премьер-Министрі тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді

АСТАНА. 18 июня. КАЗИНФОРМ — Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов17 маусымда орталық атқару органдары басшыларының, ҚР Парламент Мәжілісі депу- таттарының, сондай-ақ, жобалау-құрылыс мекемелері мен институттары өкілдерінің қаты- суымен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі баспасөз қызметі.

Кеңес барысында 2002–2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, оның ішінде — еліміздің ірі, шағын қалалары мен ауылдық елді мекендерін сумен жабдықтау мәселелері, жер асты сулары мен оларды барлау, сумен жабдықтау жүйелері мен объектілерінің құрылысы мен оларды қайта салу, сондай-ақ, сумен қамтамасыз ету саласындағы тарифтік саясат мәселелері қарастырылды.

Ауыл шаруашылығы Министрлігі хабарлауынша, бағдарламаны жүзеге асыру аясында 13 288 км су құбырлары мен ауыз сумен жабдықтау тармақтарына құрылыс, қайта салу және күрделі жөндеу жүргізілді, жалпы саны 5 млннан аса халық тұратын (оның ішінде 3,5 млн ауыл тұпғындары) 3,5 мың елді мекенде сумен қамтамасыз ету жақсартылды. Тасып әкелетін су пайдаланушы ауыл тұрғындарының саны (2002 жылы 445,2 мың адамнан 2010 жылы 82,9 мың адамға дейін) азайды.

Биылғы жылы 308 ауыз сумен жабдықтау объектісінің қайта салынуы мен құрылысына қаржы бөлінді.

Су құбырларының жаңасын салу мен істеп тұрғандарын қайта жарақтандыруға жаңа материалдар пайдаланылады және қазіргі заманғы технологиялар енгізіледі. Мұнда Қазақстанда шығарылған өнімнің жиынтық көлемі ауыз сумен жабдықтау саласындағы отандық рынок қажеттіліктерін толық өтейді.

Денсаулық сақтау Министрлігі мәліметтері бойынша, республикада орталық сумен жабдықтау жүйелерінен келетін ауыз судың қауіпсіздік жағдайы тұрақталған, микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге жауап бере алмайтын ауыз су қолдану мөлшері әлдеқайда төмендеген.

Бұдан басқа, Құрылыс және ТҮКШ Агенттігі 2020 жылдарға дейінгі уақытқа арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең көлемде жаңартудың жаңа салалық бағдарламасының жобасын әзірледі, онда 2011–2015 жылдарға ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау мен тасымалдау тарауын енгізу қарастырылады.

Талқылау нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажеттігін атап көрсетті және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша экономикалық даму және сауда министрі орынбасары Қуандық Бишімбаев бастаған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.

К. Мәсімов сонымен бірге аймақтарда «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру барысы шілде айындағы селекторлық кеңес барысында қарастырылатын болады, деп атап көрсетті. Сондай-ақ, Премьер-Министр еліміздің облыстарына жұмыс сапарында «ауыз сумен қамтамасыз етудің ең маңызды мәселесіне ерекше назар аударылатын болады», деп атап көрсетті.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және соған сәйкес бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәселені талқылауға Құрылыс және ТҮКШ Агенттігі Төрағасы Серік Нокин, ҚР табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттігі жауапты хатшысы Александр Конопляный, Парламент Мәжілісі депутаты Иван Черкалин, «ҚазСуарнажоба Институты» АҚ президенті Владислав Галиев және басқалар қатысты.

03.06.2011г.

2011 жылғы маусымның 1-нен 3-не дейін «Көрме» көрме орталығында (Солтүстік жағалау, қаланың жаңа әкімшілік орталығы) «Қазақстан Суарнасы» Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау мен тасымалдау бойынша мекемелер Ассоциациясы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі су ресурстары Комитеті және «Астана-ЭкспоКС» көрме компаниясы «Су арнасы -2011» «Су пайдалану: қазіргісі, мәселелері және келешегі» тақырыбында V Халықаралық көрме және қалалық және ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау мен тасымалдау мәселесі бойынша конференция өткізді.

Конференция бағдарламасында мынадай мәселелер талқыланды: Орталық Азия елдеріндегі сумен жабдықтау мен тасымалдау секторының жағдайы және даму болашағы, Қазақстандағы сумен жабдықтау жүйелерін Санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету, «Ақ бұлақ» бағдарламасы, Қазақстанның су шаруашылығы секторындағы мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің мүмкін варианттары және көптеген басқа мәселелер.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013