Компания жаңалықтары

08.02.2017 ж.

Осымен, «Қазақ Суарнажоба» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) 2016 жылғы 08 ақпанда Қоғамның 100% жәй акцияларын сатып алу-сату мәмілесінің аяқталғанын және 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 1/36 сатып алу-сату шартына сәйкес Қоғамның жалғыз акционері «Technical providing» ЖШС болып табылатынын хабарлайды. история сделок с ценными бумагамиистория сделок с ценными бумагами (95 KB)

05.12.2016 ж.

«Қазақ Суарнажоба» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 12 желтоқсан № 12 хаттамалық шешіміне «Қазақ Суарнажоба» АҚ сәйкес мынадай электрондық конкурсқа қатысу мақұлданғанын хабарлайды:

1) № 8016700-ОК2 лот бойынша № 1157784 "Өзгені жобалау жөніндегі инженерлік жұмыстар", сатып алуға бөлінген сома 295 927 000,00 теңге, тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазселденқорғау» ММ.

Қоғам нәтижесінде мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің құны (жиынтығында өзара байланысты мәмілелер) Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінің 25%-нан асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2016 жылғы 30 қыркүйекті жағдай бойынша 327 369 195,50 теңгені құрайды.

05.12.2016 ж.

«Қазақ Суарнажоба» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 12 желтоқсан № 12 хаттамалық шешіміне «Қазақ Суарнажоба» АҚ сәйкес мынадай электрондық конкурсқа қатысу мақұлданғанын хабарлайды:

1) № 7839968-ОК1 лот бойынша № 1135273 "Мектептерді жобалау жөніндегі инженерлік жұмыстар", сатып алуға бөлінген сома 54 837 720,54 теңге, тапсырыс беруші «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ;

2) №7839364-ОК1 лот бойынша № 1135273 "Мектептерді жобалау жөніндегі инженерлік жұмыстар", сатып алуға бөлінген сома 31 781 213,38 теңге, тапсырыс беруші «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ.

Қоғам нәтижесінде мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің құны (жиынтығында өзара байланысты мәмілелер) Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінің 25%-нан асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2016 жылғы 30 қыркүйекті жағдай бойынша 327 369 195,50 теңгені құрайды.

31.10.2016 ж.

Акционерлік қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ақпарат.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі Мемлекеттік Аудит Департаменті Республикалық Мемлекеттік Мекемесі.

Мемлекеттік органның әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешімін қабылдаған күні: 31.10.2016.

Әкімшілік жауапқа тартылған акционерлік қоғам және (оның) лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабының реттік нөмірі: пп.2 ч.1 ст. 239 КРКоАП.

21.09.2016 г.

«Қазақ Суарнажоба» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 20 қыркүйекті № 10 хаттамалық шешіміне «Қазақ Суарнажоба» АҚ сәйкес мынадай электрондық конкурсқа қатысу мақұлданғанын хабарлайды:

1) № 2242391-ОК3 лот бойынша № 913112–1 "Өнеркәсіптік кәсіпорындарды және технологиялық процестерді жобалау жөніндегі инженерлік жұмыстар", сатып алуға бөлінген сома 220 821 616 теңге, тапсырыс беруші «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

Қоғам нәтижесінде мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің құны (жиынтығында өзара байланысты мәмілелер) Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінің 25%-нан асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2016 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 284 848 808,99 теңгені құрайды.

17.06.2016 г.

«Қазақ Суарнажоба» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 16 маусымді № 7 хаттамалық шешіміне «Қазақ Суарнажоба» АҚ сәйкес мынадай электрондық конкурсқа қатысу мақұлданғанын хабарлайды:

1) №2242391-ОК1 лот бойынша №691711: Өнеркәсіптік және технологиялық процестерді жобалау жөніндегі инженерлік жұмыстар" «Астана қаласында кәріз тазарту имараттарының құрылысы» объектісі (№2 КТИ) бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары", сатып алуға бөлінген сома 220 821 616 теңге, тапсырыс беруші «Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

Қоғам нәтижесінде мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің құны (жиынтығында өзара байланысты мәмілелер) Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінің 25%-нан асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2016 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 258 135 419,21 (екі жүз елу сегіз миллион жүз отыз елу мың төрт жүз он тоғыз, 21) теңгені құрайды.

01.06.2016 г.

«Қазақ Суарнажоба» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 30 мамырді № 6 хаттамалық шешіміне «Қазақ Суарнажоба» АҚ сәйкес мынадай электрондық конкурсқа қатысу мақұлданғанын хабарлайды:

1) №2018034-ОК1 лоты бойынша №571952–2: «Басқа жобалау бойынша инженерлiк жұмыстар» "Ақтау қаласындағы өнімділігі 40000 м3/сағ. КСС-2 құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу «2 кезек», сатып алуға бөлінген сома 105 666 071,42 теңге, тапсырысшы «Маңғыстау облысының құрылыс басқармасы» ММ.

Қоғам нәтижесінде мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің құны (жиынтығында өзара байланысты мәмілелер) Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінің 25%-нан асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2016 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 258 135 419,21 (екі жүз елу сегіз миллион жүз отыз елу мың төрт жүз он тоғыз, 21) теңгені құрайды.

02.04.2016 г.

«Қазақ Суарнажоба» Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 5 хаттамалық шешіміне «Қазақ Суарнажоба» АҚ сәйкес мынадай электрондық конкурсқа қатысу мақұлданғанын хабарлайды:

1) №348239–1 №4373547-ОК1 лот: «Өзгені жобалау жөніндегі инженерлік жұмыстар» «Алматы қаласының Наурызбай ауданында орналасқан тұрғын үй ауданының инженерлік желілер мен имараттарының және қызмет көрсету объектілері бар көп қабатты құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу», құрылыстың 2 кезегі (квартал ішіндегі инженерлік желілер) « сатып алуға бөлінген сома 171 330 357 теңге, тапсырыс беруші „Алматы қаласының құрылыс басқармасы“ МКМ

Қоғам нәтижесінде мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің құны (жиынтығында өзара байланысты мәмілелер) Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінің 25%-нан асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 333 758 633, 64 (үш жүз отыз үш миллион жеті жүз елу сегіз мың алты жүз отыз үш, 64) теңгені құрайды.

02.02.2016 ж.

„Қазақ Суарнажоба“ АҚ директорлар Кеңесінің төрағасын сайлау туралы ақпарат.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер туралы ақпарат

„Қазақ Суарнажоба“ АҚ 2016 жылғы 28 қаңтарында жасырын дауыс беру жолымен „Қазақ Суарнажоба“ АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Шаханов Бейбіт Маратханұлы сайланғаны туралы хабарлайды, осыған байланысты акцияны шығару проспектісіне өзгерiстер мен толықтырулар енгізілген.

27.01.2016 ж.

„Қазақ Суарнажоба“ акционерлік қоғамының Директорлар кеңесін сайлау туралы ақпарат.

„Қазақ Суарнажоба“ АҚ Сізге Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті „Қазақ Суарнажоба“ акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 12-нқ бұйрықпен («Қазақ Суарнажоба» АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен) Директорлар кеңесі құрамы өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатқанын және «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшелері мынадай құрамда сайланғаны туралы хабарлайды:

1) Шаханов Бейбіт Маратханұлы– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары.

2) Тойбаев Амангелді Сағынбайұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы, «Қазақ Суарнажоба» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3) Қазиев Ілияс Асанұлы– «Қазақ Суарнажоба» АҚ Президенті, «Қазақ Суарнажоба» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4) Калугин Олег Анатольевич – тәуелсіз заң кеңесшісі, «Қазақ Суарнажоба» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5) Жаңабергенов Тыныштық Сисенбайұлы – «Мирадор Сауда» ЖШС Бас директоры, «Қазақ Суарнажоба» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6) Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі – 5 (бес) жыл болып белгіленсін.

7) Қоғам заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

8) Осы бұйрық Қоғамның жалғыз акционерінің шешімі болып саналсын.

9) Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

27.07.2015 ж.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер туралы ақпарат

«Қазақ Суарнажоба» АҚ «Қазақ Суарнажоба» АҚ Директорлар кеңесі құрамының, сондай-ақ Қоғамның ұйымдастыру құрылымының өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылғы 21 шілдеде тіркеген акциялар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
15.06.2015 ж.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер туралы ақпарат

«Қазақ Суарнажоба» АҚ «Қазақ Суарнажоба» АҚ президентінің 2015 жылғы 01 маусымдағы № 197-л бұйрығына сәйкес «Қазақ Суарнажоба» АҚ-ның ұйымдастыру құрылымына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Осының нәтижесінде «Қазақ Суарнажоба» АҚ акциялар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер мен толықтыру енгізілді, қазіргі сәтте олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркеуде.

12.06.2015 ж.

Акционерлік қоғамның ірі мәміле және қоғам жасауға мүдделі мәмілелер жасауы туралы

«Қазақ Суарнажоба» АҚ «Қазақ Суарнажоба» А Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 6 хаттамасына сәйкес мынадай электрондық конкурстарға қатысатынын мақұлданғанын хабарлайды:

1) «Басқа әр түрлі, басқа топтарға кірмеген қызметтер мен жұмыстар» деген № 1 лот бойынша № 794553, сатып алуға бөлінген сома 73 053 794,64 теңге, Тапсырыс беруші Маңғыстау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып табылады;

2) «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу» деген № 1 лот бойынша № 795170, сатып алуға бөлінген сома 83 542 053,57 теңге, Тапсырыс беруші «Қызылорда облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Нәтижесінде Қоғам мүлік сатып алатын немесе шеттететін жоспарланып отырған мәмілелердің (жиынтығында өзара байланысты мәмілелердің) құны Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы көлемінен 25% асады.

Қоғам активтерінің баланстық құны 2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 238 336 422,56 (екі жүз отыз сегіз миллион үш жүз отыз алты мың төрт жүз жиырма екі, 56) теңгені құрайды.

11.06.2015 ж.

Эмитент органы құрамының өзгеруі туралы

«Қазақ Суарнажоба» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 08 маусымдағы № 216-нц бұйрықпен (Қазақ Суарнажоба АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен) «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамынан Әубәкіров Марат Сәкенұлын шығарып, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанын және жалғыз акционердің өкілі ретінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының орынбасары Косачев Михаил Борисовичтің Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын хабарлайды.

2015 жылғы 10 маусымда «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы Косачев Михаил Борисович «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Осының нәтижесінде «Қазақ Суарнажоба» АҚ акциялар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер мен толықтыру енгізілді, қазіргі сәтте олар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркеуде.

13.05.2015 ж.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер туралы ақпарат

«Қазақ Суарнажоба» АҚ Директорлар кеңесі құрамының өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 05 мамырда тіркеген «Қазақ Суарнажоба» АҚ акциялар шығарылымы анықтамалығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

20.04.2015 ж.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің (Қазақ Суарнажоба) АҚ «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 06 сәуірдегі № 123-нц бұйрығымен, шешімімен «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамынан Марайым Марғұлан Зұлхарнайұлы шығарылып, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын және жалғыз акционердің өкілі ретінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының басшысы Әубәкіров Марат Сәкенұлы Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын хабарлайды.

Сондай-ақ жалғыз акционер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 128-нц бұйрығымен, шешімімен («Қазақ Суарнажоба»АҚ Жалғыз акционерінің шешімімен) Табанов Эльдар Рашитұлы «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылып, оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамының Президенті Қазиев Ілияс Асанұлы Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
14.04.2015 ж.

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер туралы

«Қазақ Суарнажоба» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 102-нц бұйрығымен, жалғыз акционердің шешімімен 2015 жылғы 20 наурыздан бастап «Қазақ Суарнажоба» АҚ президенті болып Қазиев Ілияс Асанұлының тағайындалғанын хабарлайды. Осының нәтижесінде акциялар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 10 сәуірде «Қазақ Суарнажоба» АҚ" акциялар шығарылымының анықтамалығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеді.
01.04.2015 ж.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 102-нц бұйрығымен, жалғыз акционердің шешімімен «Қазақ Суарнажоба» АҚ президенті болып Қазиев Ілияс Асанұлының тағайындалғанын, осының нәтижесінде қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркеудегі акциялар шығарылымының анықтамалығына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілгенін хабарлайды. «

31.03.2015 ж.

»Қазақ Суарнажоба" АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № хаттамалық шешімімен «Қазақ Суарнажоба» АҚ ұйымдастыру құрылымына өзгерістер енгізілгенін және осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 30 наурызда тіркеген №33–3–021/2292 акциялар шығарылымы анықтамалығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды. «

_ «ҚАЗАҚ СУАРНАЖОБА» АҚ-ҒА ТИЕСІЛІ МҮЛІКТІ САТУ ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМ САЙТЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА»ҚАЗАҚ СУАРНАЖОБА" АҚ-ҒА ТИЕСІЛІ МҮЛІКТІ САТУ ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМ САЙТЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (170 KB)
________________________________________________________

20.05.2014

«ҚАЗАҚ СУАРНАЖОБА» АҚ-ҒА ТИЕСІЛІ МҮЛІКТІ САТУ ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМ САЙТЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА«ҚАЗАҚ СУАРНАЖОБА» АҚ-ҒА ТИЕСІЛІ МҮЛІКТІ САТУ ЖӨНІНДЕ ҚОҒАМ САЙТЫНДА ОРНАЛАСТЫРЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА (167 KB)

__________________________________________________

14.11.12

«Қазақ Суарнажоба» АҚ 55-жылдығын тойлау туралы пресс-релиз
Құрметті жорналшылар!
«Қазақ Суарнажоба» АҚ ұжымы Сізді өзінің құрылғанына 55 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға шақырады.
Салтанатты іс-шара 16 қарашада Қазақстанның Жазушылар Одағы үйінде Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105 үй мекенжайы бойынша сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақ Суарнажоба» АҚ Қазақстан Республикасының ірі, орта және шағын қалаларының, Ресей Федерациясының Орал аймағының оңтүстік бөлігінің кей жерлерінің, Орта Азияның, Монғолияның сумен жабдықтау және тасымалдау салаларының барлық жүйелерін, табиғи және ағын суларды тазалау мен зарарсыздандыру жүйелері мен құрылыстарын, су жинау қондырғылары құрылыстарын т. б. салуда іс жүзінде жобалары пайдаланылған жалғыз мемлекеттік салалық институт болып табылады.
«Қазақ Суарнажоба» АҚ елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындардың сумен жабдықталуы мен су бөлуі алаңдарынан тыс инженерлік жүйелерінің, солармен байланысты гидротехникалық құрылғылардың, жылумен жабдықтау жүйелерінің жобаларын жүргізеді, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту жобаларын жасақтайды.
Қоғам нормативтік-техникалық құжаттамаларды (ҚР ҚНжЖ, типтік жобаларды және т. б.), оның ішінде Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау мен кәріз жүйелері мен құрылғыларын жобалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу мен жасақтауға белсенді түрде қатысады.
______________________________________________________________________

Тарихи анықтама
1957 жылы КССР Одағы Министрлер Кеңесінің жарлығымен Алматы қаласында Қазақстан мен Орта Азия республикаларының өндірістік кәсіпорындары үшін алаңнан тыс сумен жабдықтау, кәріз және солармен байланысты гидротехникалық құрылғылардың жүйелерін жобалау бойынша «Союзводоканалпроектінің» Қазақ бөлімшесін ашу туралы шешім қабылданды.
1968 жылы КССРО Госстройының 1968 ж. 18 қаңтардағы №3 бұйрығы бойынша «Союзводоканалпроект» Қазақ бөлімшесі «Союзводоканалниипроект» бірлестігіне кіретін «Казводоканалпроект» жобалау институты болып өзгерді.
Институт сондай-ақ, РСФСР-дің кейбір өндірістік кәсіпорындары үшін (Орынбор газ өңдеу кешені, Орск НПЗ, Краснодар химзаводы және басқалары) жобалау-іздестіру жұмыстарын орындады. Бұдан басқа, институт Монғол Халық Республикасында «Эрдонэт» қалайы-молибден тау-кен байыту комбинаты бойынша алаңнан тыс сумен жабдықтау және кәріз құрылысына жобалау мен авторлық бақылау жүргізді, оның бірінші кезеңі 1977 жылы іске қосылды.

Қазақстан мен Тәжікстанның барлық ірі қалаларының сумен жабдықталуы мен кәріздері Казводоканалпроект жобалары бойынша жүзеге асырылды.
______________________________________________________________________
Кеш бойы қонақтар 1957 жылдан бастап біздің кезімізге дейінгі уақытқа саяхат жасайды. Сол жылдар белесін театрланған топ еске түсіреді. Одан басқа бағдарламада: ардагерлерді құттықтау, кәсіпорын қызметкерлерін наградтау, концерттік бөлім және мерекелік фуршет!
Іс-шараға Институт басшылары, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі өкілдері, мемлекеттік құрылымдар өкілдері т. б. қатысады.
Баспасөзбен сұқбаттасуға сағат 16.00 -ден 16.40-қа дейінгі уақытты бөлу көзделеді.
Іс-шараға аккредитация талап етілмейді.
Қосымша ақпарат үшін мына телефондар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
PR-менеджер Наталья Панова
Моб: + 7 701 398 02

01.11.2012

«Қазақ Суарнажоба» АҚ (бұдан әрі — Қоғам), Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құрылымдық кәсіпорны бола отырып, «Ақ бұлақ» және 2011–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламаларының аясында (бұдан әрі — Бағдарламалар) сумен жабдықтау, су бөлу және жылумен жабдықтау салаларына жабдықтар мен материалдар шығаратын отандық және шетелдік кәсіпорындар үшін әңгіме-дүкен алаңын ұйымдастырады.

Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жобалардың құжаттамаларын дайындауда жобалау ұйымдарына әдістемелік және техникалық жағынан қолдау көрсету үшін Қоғам материалдардың, жабдықтардың және оларды өндірушілердің Тізімін (бұдан әрі-Тізім) құруды жоспарлап отыр.
Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында жасақталған кестеге сәйкес айына екі рет кеңестер өткізіп тұру қарастырылуда, ал бұл мекемелерге заманауи талаптарға жауап беретін, жоғары қосымша құнды, энергия көздерін үнемдеу критерийлеріне сәйкес келетін, сенімді және жөндеуге жарамды әрі бүкіл пайдалану мерзімі ішінде жүйелер жұмысының экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін өндіретін материалдары мен жабдықтарын таныстыруға бірден-бір мүмкіндік береді.

Тұсаукесер суарналарды пайдаланатын ұйымдардың кәсіби өкілдері ортасында, сондай-ақ, басқа да мүдделі тараптар арасында өткізіледі.
Бұл жұмыстың қорытындысы ретінде жүзеге асырылып жатқан Бағдарламалар аясында объектілерде өнімдерді пайдалану туралы, оның ішінде жабдықты қолданып жатқан жерге бару арқылы, біріккен ұсыныстар мен шешімдерді жасап шығару болмақ.
Тұсаукесер өткізудің ең маңызды ерекшелігі Тізімге келесі кіретін мекемелерді іріктеу, сондай-ақ, ғылыми-техникалық құжаттамаға, оның ішінде Бағалар жиынтығына жасалған шешімдерді енгізу болып табылады.

Әңгіме-дүкен алаңына Бағдарламаларды іске асыруға белсене қатысуға дайын, сондай-ақ, Қазақстанда өз бизнесін ұлғайтқысы келетін барлық мүдделі компаниялар шақырылады.

Толығырақ ақпаратты Астанада мына тел. 742750 немесе эл. мекенжай бойынша алуға болады:

akhmetbekova.s@kzvkp.kz;

Байланысқа шығатын тұлғалар: Светлана Ахметбекова, Дмитрий Чайка.

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында сағат 10–00-де Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 29 үйде, 18 қабатта аталған іс-шара аясында кеңес өтеді, онда мынадай тақырыптар баяндалады: «Қалалық сумен жабдықтау жүйесінде барынша артық жүкті азайту» баяндамашы «Эргономика»ҒӨФ" ЖШС және «Қысымсыз кәріздің тиімді шешімдері», баяндамашы «Бекем Пласт» ЖШС.

Кеңестің негізгі қатысушылары пайдаланушы ұйымдар, балама өнімдердің отандық өндірушілері, тапсырыс берушілер және басқа мүдделі тұлғалар.

2012 жылға тұсаукесерлерді өткізу кестесі (36 KB)

07.11.2011ж.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ-ның кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек туралы кодексінің 60 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес және 2008 жылғы 08 мамырдағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен бекітілген қоғам Жарғысының 36 бабының 6 тармағына сәйкес, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 қарашадағы № 1271 "В. Г. Галиев туралы" қаулысы негізінде:

1. Директорлар кеңесі мүшесі, «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамының төрағасы В. Г. Галиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

2.2011 жылғы 07 қарашадан бастап Директорлар кеңесі мүшесі, акционерлік қоғам төрағасы болып Валиев Рустам Максумович сайланды.

07.11.2011ж. №139-л бұйрықтан.


__________________________________________________________________________________________

01.11.2011ж. Премьер-Министр ҚжТҮКШІА төрағасының орынбасарын тағайындады.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі төрағасының орынбасары етіп Владислав Галиевті тағайындады.

« Владислав Галиев Германовичті Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі төрағасының орынбасары етіп тағайындадым», -деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Бұрын Владислав Галиев Алматы қаласы, «Қазақ Суарнажоба» АҚ басқарған еді.

http://www.pm.kz/ru/blog/3897


___________________________________________________________________________________________
« title=»

Республикалық кеңес

2011 жылғы 28–29 қазанда Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының 56 қаласында сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін инвестициялау негіздемесін әзірлеу аясында техника-технологиялық шешімдердің тұсаукесеріне арналған Республикалық кеңес» болып өтті.

Кеңесті ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің «Қазақ Суарнажоба» АҚ.

Кеңеске қатынасушылар:

· Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі, Жауапты хатшы Дембай Салауат Маханбетұлы.

· Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі Ғылыми-техникалық саясат және реттеу департаментінің Директоры Хамзин Дастан Айтжанұлы.

· Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі «Мемлекеттік ведомствадан тыс жобалар сараптамасы» РММ, Бас директордың бірінші орынбасары Құралбаев Ұлан Дәуіталыұлы.

· ҚР «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және тасымалдау мекемелері Ассоциациясы, Ассоциация Президенті Сюндюков Валерий Владимирович.

· «КазНИИССА» РММ, Бас директор Алпысбаев Мелик Нармұханбетұлы.

· Қалалық және облыстық «Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармалары» басшылары

· ҚР қалалары су арналарының басшылары

· Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі жанындағы «Қазақ Суарнажоба»АҚ негізінде құрылған ҒТК мүшелері.

« title=»

· Компаниялар: «Акваэкология»ҚЖҚ, «Экополимер»компаниялар тобы (Ресей Федерациясы), "Компания «Экос» ЖАҚ (Ресей Федерациясы), «EKO – KONSULTING» (Польша), «Метрополь — Инжиниринг» (Ресей Федерациясы), «Приватагросервис» (Украина), «Локальные Инженерные Системы»ЖШҚ (Ресей Федерациясы), «АҚ „Самғау“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „Компания Мунай-Экология“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), БЕЛЭКПОЛЬ РБ (Беларусь Республикасы), „Eco-treatment systems“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), Суарналар АСУ ТП, „Компания Зеңгір“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „Агрипаип Азия“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „Taza-Su“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „NURSU PLUS“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „Ионообменные технологии“ ЖАҚ (Ресей Федерациясы), „ТЭКО-ФИЛЬТР“ ЖШС (Ресей Федерациясы), „Мембранные технологии С. А.“ЖШС (Қазақстан Республикасы), „Компания Зеңгір“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), НПФ „КРУГ“ ЖШҚ (Ресей Федерациясы), „КазПромПрибор“ЖШС (Қазақстан Республикасы), „АДАМ ГеоСтройПроект“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „СИСТЕМОТЕХНИКА“ ЖШС (Қазақстан Республикасы), „Экологика“ ЖШС (Қазақстан Республикасы).

·

Таныстырылған материалдар тізімі

Компания Баяндамашы Т. А. Ә. Тақырып Қалалар
Тоспа тазалау құрылғылары
1 „ЭкоТОН“ ЖАҚ ҒӨФ (РФ) Лунин Сергей Васильевич „Алматы қаласы тоспа тазалау құрылғыларын жаңарту бойынша технологиялық шешім“ Алматы
2 „Акваэкология“ ҚЖҚ (Белорусь Республикасы) Плавский Владимир Вячеславович „Ағынсулар тоспасы және тазалау құрылғылары“ Жалпы таныстыру
3 »Компания «Экос» ЖАҚ (РФ) Зубов Михаил Геннадьевич «Тоспа тазалау құрылғыларының технологиялық шешімдері» Жалпы таныстыру
4 «ЭКОЛАЙН» ЖШҚ (РФ) Горев Алексей Владимирович «Ағынсуларды тазалауға және қайта ағызуға арналған жабдықтар» Жаңартуға арналған шешімдер Науаларды қотарып құю жүйелері: Шу, Жаркент, Қапшағай, Қаскелең, Сарань. Ағынсуларды тазалау жүйелерін жаңарту және салу бойынша шешімдер: Талғар, Жаркент, Есік, Шардара, Қандыағаш, Арал.
5 «Метрополь — Инжиниринг» Компаниясы Зайцев Борис Александрович «Коммуналдық шаруашылық пен өндірістік мекемелерге арналған Combi USBF технологиясы бойынша тазалау құрылғылары кешендерін құру» Астана, Семей
6 «Локальные инженерные сети» ЖШҚ (РФ) Ли Илья Сергеевич «Ағынсуларды тазалау. Кавитациялық-ферментациялық ТТҚ» Жалпы таныстыру
7 БЕЛЭКПОЛЬ БР Ракевич Иван Леонидович «Өндірістік және қалалық ағынсуларды тазалауға арналған су сору станциялары мен тазалау құрылғыларын жобалау, салу және пайдалануға беру» Жалпы таныстыру
8 «Компания Мунай-Экология» ЖШС Есілбаева Айжан и Князев Андрей «Қазақстан Республикасында қазіргі заманғы экологиялық қауіпсіз материалдар мен инновациялық, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы экологиялық жағдайды жақсарту. Далаға зая кетірмеуді нөлге келтіру саясаты»" Жалпы таныстыру
9 «Компания Зеңгір» ЖШС Сұлтанбаев Бейбіт Еркенұлы « Тұрмыстық-шаруашылық пен өндірістік ағынсуларды тазалауға арналған AQUAPORE МБР мембрандық биореактор технологиясы. Астана, Алматы
10 »Taza-Su" ЖШС Тохтибакиев Равиль Кармелович «Циолит негізінде ауыз су мен ағынсуды тазалау» Жалпы таныстыру
11 «Экополимер» компаниялар тобы Демкин Юрий Александрович «Талдықорған қаласы тоспасының тазалау құрылғылары үлгісінде тоспалық ағынсуларды тазалау технологиясы» Талдықорған
12 «Экологика» ЖШС Палагин Евгений Дмитриевич "«Эколос» МК өндірістік құрылғыларындағы ағынсуларды биологиялық тазалау". Жалпы таныстыру
13 «Приватагросервис» компаниясы ЖК Покотыло Анатолий Николаевич «Биоинженерлік тазалау құрылыстары» Үштөбе, Қаратау, Атбасар
14 «Eco-treatment systems» ЖШС Сөйлемей-ақ қабылданды «ҚР –ндағы тоспалау тазалау құрылыстары» Жалпы таныстыру
15 «345 механический завод» ААҚ (RESETYLOVS un CO) Сөйлемей-ақ қабылданды «Блоктық-модульдік орындалған тұрмыстық ағынсуларды биологиялық тазалаудың құрылыстары» Жалпы таныстыру
16 Pöyry Finland Oy Сөйлемей-ақ қабылданды «Биогендік элементтерді жою мен көтеру тиімділігін арттыруға арналған ағынсуларды тазалау технологиялық шешімдері» Жалпы таныстыру
17 «Техносфера» ЖАҚ Сөйлемей-ақ қабылданды «Тоспалаудағы су сору станциялары» Жалпы таныстыру
Су тазалау құрылыстары
18 ОДО «Акваэкология» Белорусь Республикасы) Плавский Владимир Вячеславович «Сумен жабдықтау мен тасымалдау саласындағы кешенді шешімдер Жалпы таныстыру
19 Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Қасымбеков Жүзбай »Сумен жабдықтау мен тасымалдау саласындағы инновациялық жұмыстар" Жалпы таныстыру
20 «Ионообменные технологии» ЖАҚ Чернов Сергей Владимирович «Су дайындау мен науаларды тазалаудың алдыңғы қатарлы технологиялары» Теміртау, Құлсары, Ақтау, Риддер, Астана, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Орал
21 «ТЭКО-ФИЛЬТР» ЖШС Барышников Роман Михайлович «Су тазалауға арналған тиімділігі жоғары жабдықтар» Жалпы таныстыру
22 «Мембранные технологии С. А.» ЖШС (ҚР) Цхай Александр Алексеевич «Су тазалайтын станциялар» Ақсу, Екібастұз, Қарағанды, Жезқазган, Балқаш, Қапшағай, Жаркент, Арыс
23 «Компания Зеңгір» ЖШС Сұлтанбаев Бейбіт Еркенұлы « Ауызсуды тазалауға арналған AQUAPORE -UF мембрандық ультрафильтрация технологиясы». Жалпы таныстыру
24 «АДАМ ГеоСтройПроект» ЖШС (ҚР) Шпигун Андрей Федорович «Су дайындау және су тазалау құрылыстары» Астана
25 «Агрипаип Азия» ЖШС Тамаш Бакош « AQUINNO технологиялары. Қазақстандық ауызсу мен ағынсу тазалау станцияларында еуропалық шешімдерді қолданудың типтік үлгілері». Жалпы таныстыру
26 «NURSU PLUS» ЖШС Құсайынов Шағрап Ғазизұлы «Қызылорда қаласының жер үсті суларын тұщыландыру технологиясы». Қызылорда
27 «Экологияны Тазарту» ЖШС («ДиАрКласс» компаниясы ААҚ) Аспацатуров Виктор Николаевич «Су дайындау мен абоненттерге ауызсу беру жүйелері», «Балық шаруашылығына арналған суаттарға су жібергенде ДКВВ-ға дейінгі коммуналдық және аралас науаларды тазалау және әбден тазалау жүйелері» Өскемен, Павлодар, Семей, Құлсары, Зыряновск, Жезқазған, Ақсу, Атырау, Ақтау, Теміртау, Екібастұз, Аягөз.
28 «Отечественные водные технологии» компаниясы
«Су тазалау, темірсіздендіру және деманганация станциясы өндірісі» Жалпы таныстыру
29 «Эйкос» ЖШС Сөйлемей-ақ қабылданды «ҚР табиғи және ағынсуларды тазалау, тұзсыздандыру және зарарсыздандыру жабдықтары». Жалпы таныстыру
30 ECONET OY and ONNINEN (Финляндия) Сөйлемей-ақ қабылданды «Сумен жабдықтау мен тасымалдау объектілерін салу мен жаңарту» Қарағанды, Текелі, Арқалық, Павлодар (Нақты шешімдер әзірленген)
Типтік жобаларды басқару жүйелерін автоматтандыру (ТЖ БЖА)
31 «Круг» ЖШҚ ҒӨФ Прошин Александр Иванович «Су арналарды кешенді түрде автоматтандыру». Жалпы таныстыру
32 «КазПромПрибор» ЖШС Идиятулин Равиль «Су-жылу жабдықтары мен су тасымалындағы ТЖ БЖА» Жалпы таныстыру
33 «СИСТЕМАТЕХНИКА» ЖШС Коршунов Петр Петрович «Су дайындау мен су тазалау әрекеттері ТЖ БЖА» Жалпы таныстыру
34 «Eco-treatment systems» ЖШС Сөйлемей-ақ қабылданды «Сумен жабдықтау мен тасымалдаудың автоматты жүйелерін құру концепциясы». Жалпы таныстыру







ҚР қалалары суарналарының, ТҮКШ облыстық және қалалық басқармаларының, әкімшіліктердің өкілдері кеңес материалдары бойынша мына телефон арқылы сұрау сала алады: (7272) 276 26 83.



2012 жылы «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ өзінің 55 жылдығын тойлайды!

«Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ 2012 жылы өзінің 55 жылдығын тойлайды!

Адамдар мен компания өмірімен бірге ілесіп жүретін мерейтой күндері қадірлеу бағдарламаларында ерекше орын алады, себебі дәл осындай күндер адамдарға көпшіліктің құрметіне ие болуға жеткізетін іс-қимыл параметрлерін: жинақталған тәжірибе, толысып кемеліне келу, беделге ие болу сияқты маңызды параметрлерін анық көрсетеді.

33

(37 KB)

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013