Көрмелер

2013 жылғы көрмелер

«IETF 2013 – 20-Халықаралық өнеркәсіптік жабдықтар мен технологиялар көрмесі»
2013 жылғы 17 — 19 ақпан аралығында.
Өткізілетін жер: Дели, Үндістан. Көрме 1975 жылдан бастап 2 жылда бір рет өткізіледі.
Тақырыптар: Қоршаған ортаның экологиясы және оны қорғау. Көп салалы көрмелер, Қара металлургия, Машина жасау, Су ресурстары «Water India 2013 – Халықаралық су технологиялары», Автомобиль өнеркәсібі.
Ұйымдастырушы: CII – Үндістан өнеркәсібінің конфедерациясы
IETF көрмесіне әлемнің 17 елінің 450-ден астам компаниясы (180-і шетелдік), оның ішінде ОАР, Бельгияның, Канаданың, Қытайдың, Германияның, Жапонияның, Гонконгтың, Кореяның, Италияның, Ресейдің, Испанияның және т. б. елдердің өкілдері қатысады. Көрменің ауданы 32000 шаршы метрге жуық (12 павильон).
http://www.expoclub.ru/db/exhibition/view/8165/

«ГИДРОСТРОЙ – 2013»
2013 жылғы 26–28 ақпанда.
Өткізілетін жер: Мәскеу облысы, Красногорск қ., МОАЖ-дың 65–66 км.; Мәскеу, КРОКУС ЭКСПО
Үшінші халықаралық мамандандырылған гидроқұрылыс және гидротехникалық құрылыстар көрмесі Федералдық су ресурстары агенттігінің қолдауымен өткізіледі.
http://www.mirexpo.ru/exhibitions/gidrostroy13.shtml

«PVP China 2013. Труба құбырлары мен сорғы жабдықтарының көрмесі»
2013 жылғы 04 наурыз– 2013 жылғы 06 наурыз аралығында
.
Өткізілетін жер: Қытай, Гуанчжоу
Көрме орталығы: Гуанчжоу көрме орталығы (China Import & Export Fair Complex)
Гуанчжоудағы Халықаралық труба құбырлары мен сорғы жабдықтары көрмесі жылына бір рет өтеді. Шара Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің, Сауда министрлігінің және Өнеркәсіп департаментінің қолдауымен өткізіледі.
Осы жылы PVP 2013 көрмесі дәстүрлі түрде Water, Wastewater & Water Treatment China 2013-пен бірлесіп өтеді. http://www.allfairs.ru/exhibitions/pvpchina

«СУ АРНАСЫ-2013 VI Халықаралық көрме және конференция»
«Суды пайдалану: іс жүзіндегі жағдай, проблемалар және келешек»
2013 жылғы 15–17 мамыр аралығында, Қазақстан Республикасы, Астана қ.
«Көрме» көрме орталығы (Сол жағалау, қаланың жаңа әкімшілік орталығы).
Көрме мен конференцияны ұйымдастырушылар: «Қазақстан Су Арнасы» Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындарының қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКК, «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы. Шара Қазақстан Республикасының Үкіметі, ауыл шаруашылығының, Қоршаған ортаны қорғау және Денсаулық сақтау министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
www.astana-expo.com, http://suarnasyexpo.kz/

«Даммандағы сумен жабдықтау, электр энергиясы мен энергия өндірісі мәселелері жөніндегі конференция және көрме»
2013 жылғы 12 мамыр– 2013 жылғы 14 мамыр аралығында.
Өткізілетін жер: Dhahran International Exhibition Centre (DIEC). Сауд Арабиясы, Дахран.
Ұйымдастырушылар: Dhahran International Exhibition Co.
Сумен жабдықтау, электр энергиясы мен энергия өндірісі мәселелері жөніндегі We-Power 2013 конференциясы мен көрме Дамманда, Сауд Арабиясында 12–12 мамыр аралығында 9-рет өтеді. Форум Су және электр министрлігінің, Ұлттық сумен жабдықтау компаниясы мен басқа да реттеуші органдардың жан-жақты қолдауымен өткізіледі. We-Power 2013 конференциясы кезінде сумен жабдықтау, электр энергиясы мен энергия өндірісі саласындағы сарапшылар пікір таластырады. Көрмеде сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау деп аталатын екі негізгі бөлім жұмыс істейді.
http://expo-asia.ru/exhibitions/wepower2013

«Ресей құбырлары- 2013».
2013 жылғы 25–28 маусым аралығында.
Өткізілетін жер: Мәскеу, «Экспоцентр» ОКК, Краснопресненская жағалауы, 14 үй. Халықаралық құбыр өнеркәсібі мен труба құбырлары көрмесі
http://www.metallurgy-tube-aluminium.ru/

«Aqua-Therm Almaty 2013»
2013 жылғы 3–6 қыркүйек аралығында.
«Атакент» Алматы қ., Тимирязев к., 42, 11-павильон мекенжайы бойынша.
6-Қазақстандық халықаралық көрме «Жылыту және Желдету», Кондиционерлеу, Сумен жабдықтау, Сантехника және Бассейндер жүйелері" http://www.aquatherm-almaty.kz/ru/

2012 жылғы көрмелер

«Сумен жабдықтау мен су бұру» халықаралық көрмесі 2012 жылғы 22–24 мамыр, Бирмингем, Англия http://www.iwex.co.uk/

IWEX-ке жаңаша қарайтын кез келді!

Су шаруашылығы су ресурстарын, судың сапасын және қоршаған орта жағдайын жақсартуда шешуші және маңызды рөл атқарады. IWEX 2012 көрмесінде сумен жабдықтау мен су бұру мекемелері, мердігерлер, кеңес берушілер, өндіріс пен өндіруші осы сала мамандары қатысады, бұл өз қызметтері мен технологияларын көрсететін нағыз орын болып табылады. IWEX 2012 барлық соңғы жылдардағы керемет көрме болады деп күтілуде.



http://www.sustainabilitylive.com/Content/Exhibiting-at-The-International-Water-and-Effluent-Exhibition

____________________________________________________________________________

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жұмысының қорытындысы жинақталған.

Астана, Министрліктер үйі, 2011 жылғы 24 қараша.

Бүгін ведомствоның алқа мәжілісінде ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жұмысының қорытындысы жинақталған. Осы жылы ҚР Үкіметі Агенттік әзірлеген екі бағдарламаны бекіткенін атап өтеміз, бұл — Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011–2014 жылдарға арналған бағдарлама мен ТКШ жаңғырту бағдарламасы. Сонымен қатар, 2020 жылға дейін қарастырылған «Ақ бұлақ» бағдарламасын одан әрі іске асыру Агенттікке тапсырылған.

Осы жылы ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы Жарлығымен Агенттікке жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау (МСҚБ) мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілген. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық органдарын құруға байланысты Агенттік объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асырады, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды ресімдейді және береді, республика бойынша барлық құрылыс объектілерінде қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібін бұзушыларға заңнамалық актілерде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады. Одан басқа, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерінің, жобаларға сараптама жүргізу тәртібінің, құрылысқа рұқсат беретін рәсімдерден өту қағидаларының, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларының сақталуы бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Осыған байланысты Агенттік заңда белгіленген тәртіпте жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиялардың жұмысына қатысатын болады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Агенттікке, сондай-ақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры», «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары берілген. Жоғарыда көрсетілген акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары берілгеннен кейін Агенттік тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету – жаңа функцияны жүзеге асыра бастады.

Алқа жұмысына МСҚБ аумақтық департаменттерінің директорлары, Агенттіктің ведомстволық бағынысты ұйымдары «Мемсараптау» РМК, «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Қазақ Суарнажоба» АҚ, «ҚазСҚҒЗИ» РМК басшылары, сондай-ақ «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ИККҚҚ» АҚ, «ҚИК» ипотекалық ұйымы" АҚ басшылары қатысты.

Жалпы ағымдағы жылы Агенттіктің бюджеті 303,6 млрд. теңге құраған. Ағымдағы жылғы 10 ай ішінде жоспар 238,4 млрд. теңгені, ағымдағы жылғы 10 ай ішінде бюджетті игеру қорытындысы 237,6 млрд. теңге, немесе жоспардың 99,6%, оның ішінде ағымды бюджетті бағдарламалар бойынша – 75,7 млрд. теңге немесе 100%, даму бағдарламалары бойынша – 161,9 млрд. теңге немесе 99,5% құрайды.

ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің баспасөз қызметі

http://www.aic.gov.kz/kz/index.php?option=com_content&view=article&id=611:2011–11–24–11–54–13&catid=118:newskz


___________________________________________________________________________________________________

«Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық индустриясы-2011»

IV Халықаралық мамандандырылған көрмесі

12–13 желтоқсан 2p011 ж. Мәскеуде «Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық индустриясы-2011» IV Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Ол «Рэдиссон Славянская» қонақ үйі залдарында 500 шаршы метр аудан көлемінде өтеді.

Экспозицияда тұрғын үй және коммуналдық кешендердің мекемелерінің жұмыс істеуіне арналған өнімдердің,, технологиялардың және қызметтердің сан алуан түрлері көрсетіледі. Көрме тақырыбы 20 бағыттан асады – энергия үнемдейтін технологиялар мен жабдықтардан бастап консалтинг пен лизингке дейін.

Көрме РФ Сауда-өндіріс палатасы мен «Открытый диалог» ГК ұйымдастырған тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мекемелері Басшыларының VII Бүкілресейлік форумы аясында өтеді.

Көрмеде 60-тан астам жетекші компаниялар өз экспозицияларын көрсетеді. Шараны көруге 3000-ға тарта тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мекемелері басшылары мен мамандары қатысады.

Көрмеде практикалық семинарлар, мастер-кластар, экспоненттер өнімдерінің тұсаукесері өткізіледі, ал бұлар келушілерге ұсынылған материалдармен, технологиялармен және жабдықпен толығырақ танысуға мүмкіндік береді.

Шара аясында экспоненттер арасында конкурс ұйымдастырылады. Көрменің әр тарауы бойынша конкурстық комиссия бір-бір жеңімпаздан анықтайды. Конкурсқа қатысушыларды бағалау критерийі қажеттілік, өнімнің жаңалығы болып табылады. Бұдан басқа, экспоненттер арасында тағы бір конкурс ұйымдастырылады, оның жеңімпазын келушілердің дауыс беруі арқылы анықтайды.

Экспозицияға дайындық барысында кең көлемде жарнамалық және PR-кампаниялар өткізіледі, оның өтуі кезінде шақыру билеттері таратылады. Сондықтан шараға келушілер Форумға қатысушылар ғана болмайды, сонымен бірге Мәскеу, Мәскеу облысы және Орталық федералдық округтың басқа да аймақтарының тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық мекемелері басшылары да болады.

.

Құрылыс индустриясындағы тұрғын үй –коммуналдық шаруашылықтың және жаңа технологиялардың VII Халықаралық көрмесі

2–4 қараша 2011 ж., Астана қ., Қазақстан

Өткізілу орны: «Көрме» көрме кешені, Астана қ., Достық көшесі, 3 (Сол жақ жағалау)

Форум аясында:

● «ЖКХ-Экспо-2011» V Халықаралық көрмесі. Ұйымдастырушы – «Fair Expo» көрме компаниясы.

● II Халықаралық конференция: «Қазақстан Республикасы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы: мәселелер, шешімдер және болашағы». Ұйымдастырушы – «Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты жаңарту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ

Халықаралық конференцияның алдын ала дайындалған бағдарламасы:

Пленарлық мәжіліс:

. ТҮКШ (ЖКХ) реформасының дамуы.

ТҮКШ жаңартудың мемлекеттік стратегиясы.

ТҮКШ дамуының заңды және институционалды негіздері.

ТҮКШ саласының индустриалды-инновациялық дамуы.

ТҮКШ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

ТҮКШ саласында тарифтердің түзілуі.

Коммуналдық тармақтарды жаңалауды және тұрғын үйлердің күрделі жөндеуін қаржыландыру механизмдері.

Мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестиция тарту (ГЧП, инвесторларды мемлекеттік қолдау және т. б.).

Секциялық мәжілістер:

: Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін көтерудің және электр үнемдеудің жаңа технологиялары.

: Сумен жабдықтау және тасымалдау саласында жаңа технологиялар енгізу.

. ТҮКШ жаңартудың қаржылық құралдары. ТҮКШ-те инвестиция тарту: табысты тәжірибе және кедергілер.

«ТҮКШ қайта құру мен жаңалаудың халықаралық тәжірибелері. Кондоминиум объектілерін тиімді басқару».

Ресми қолдау:

● ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі

●Астана қаласы әкімшілігі

●Қазақстан Республикасы сауда-өндірістік палатасы.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013