Зерттелген НТҚ

Назар аударыңыз!

Қазіргі уақытта «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері Агенттігі тапсырмасымен «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында нормативті-техникалық құжаттарды жетілдіру» 003 республикалық бюджеттік бағдарламасына сәйкес басқа компаниялармен бірге нормативтік-техникалық құжаттамалар жасауға және қайта жасауға қатысады.

2011 ж. «Қазақ Су Арнасы Жобасы» АҚ мердігерлік ұйымдармен бірге төмендегідей нормативті-техникалық құжаттар әзірлейді және қайта әзірлейді:

Елді мекендердегі су пайдалану мен тасымалдаудағы су пайдалану нормаларын анықтау әдістемесі.

Әдістеме халықтың суды пайдаланудағы эксплуатациялық нормасын (ЭНВН) есептеу мен белгілеу ретін анықтайды. ЭНВН тұрғын үйлерде олардың (тұрғын үйлердің) жақсы жабдықталу деңгейімен белгіленетін болады.

ЭНВН негізгі мақсаты –суды ұтымды жұмсау деңгейін анықтау, суды ұтымды пайдаланбауға ерік беретін тұтынушыларды табу, тұрғын үйлерде судың босқа ағып кетуін және суды ұтымсыз жұмсауды азайтуды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралар өткізуге ықпал ету, сумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін пайдалануды жетілдіру.

Сонымен бірге ЭНВН суды сатуды жоспарлағанда пайдалануға да арналған. Бекітілген ЭНВН-дерді пайдалану мекемелері суды есептеу құралы жоқ тұрғындарға сумен жабдықтау және тасымалдауға көрсетілген қызметтерге төлемдік есеп айырысу үшін қолданады.

Ағын суларды тазарту құрылыстары жұмыстарын технологиялық бақылау жүргізу әдістемесі.

Әдістеме ағын суларды тазарту құрылыстары жұмыстарының технологиялық тиімділігін бағалау тәсілін белгілейді. Бұл әдістемені ағын суларды тазарту құрылыстарын пайдаланатын мекемелер қолданады.

Траншеясыз төсем және инженерлік коммуникация санациясы бойынша әдістеме

Әдістеме траншеясыз төсем және инженерлік коммуникация санациясы бойынша

тәсілдерді белгілейді. Әдістемені траншеясыз төсем және инженерлік коммуникация санациясы бойынша жұмыс істейтін мекемелер, сондай-ақ бақылаушы органдар қолданады.

Ауыз су мен тазартылған ағын суларды зарарсыздандыру бойынша нұсқаулық

Нұсқаулық ауыз су мен тазартылған ағын суларды зарарсыздандыру жұмыстарын реттеуге, құбырлар мен сыйымдылық құрылысын дезинфекциялауға арналған.

Нұсқаулық ауыз су мен тазартылған ағын суларды зарарсыздандыру, құбырлар мен сыйымдылық құрылысын дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге негіз бола алады.

Сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері

Сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері жеке меншіктің барлық нысандары ұйымдары мен ұйымдастыру-құқықтық нысандары үшін бірыңғай сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін пайдаланумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын белгілейді.

Қалалық елді мекендерде сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелеріне объект қосуға қатысты техникалық шарттарды дайындау және келісу бойынша нұсқаулық (Қазақстан Республикасы қалалары мен аудан орталықтарында сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелеріне объект қосуға қатысты техникалық шарттарды беру мен келісу тәртібі туралы нұсқаулықтың орнына).

Нұсқау елді мекендерде сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелеріне объект қосуға қатысты техникалық шарттарды дайындау және келісу әрекетін реттейтін болады.

Сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін пайдалану кезінде судың өндірістік жұмсалуы мен нормативті техникалық жойылуын есептеу әдістемесі

Әдістеме коммуналдық сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерінде оны тасымалдау, бөлу және сақтау кезінде есепке алынбаған шығын мен судың жойылуын анықтаудың тиімді тәсілдері мен әдістерін зерттеуге арналған, сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін пайдалану кезінде судың қажетті өндірістік жұмсалуын анықтауға арналған.

Сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерінде коммерциялық есеп құралдарын таңдау, монтаж жасау және пайдалану бойынша әдістемелік нұсқау

Әдістемелік нұсқау сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерінде коммерциялық есеп құралдарын таңдау, монтаж жасау және пайдалану бойынша ұсыныстарды белгілейді.

Әдістеме сумен жабдықтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсететін мекемелерге, кондоминиумдарды басқаратын органдарға, есептеу орталықтарына арналған.

ҚР «Суды тасымалдау. Сыртқы тармақтар және ғимараттар» СНиП (СНиП 2.04.03–85 орнына) қайта әзірлейді.

Норматив елді мекендерге және экономика саласы объектілеріне арналған суды тасымалдаудың (сыртқы су тоспасының) қайта салынып жатқан және қайта құрылып жатқан жүйелерінің жобасын жасауға және оларды салуға арналған.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013