Жобаларды дамыту саласындағы ғылыми-техникалық саясат

Сумен жабдықтау мен тасымалдау жүйелерін дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жүргізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09 қараша 2010 жылғы № 1176 қаулысымен бекітілген 2010–2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі С. Нокин қол қойған Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі жанындағы «Қазақ Суарнажоба» АҚ базасында Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау жүйелерін жаңарту мен дамыту бойынша ұсыныстарды қарастыратын және әзірлейтін кеңестік-мәжілістік орган ретінде Ғылыми-техникалық кеңес құру туралы 22.12.2010 ж. № 564 бұйрық шығарған болатын.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ (бұдан әрі –Қоғам) базасында құрылатын Ғылыми-техникалық кеңес Қазақстан Республикасы сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерін жаңарту мен дамыту бойынша ұсыныстарды қарастыратын және әзірлейтін Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа шылық істері Агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) тұрақты кеңестік-мәжілістік органы болып табылады.

Кеңес өз қызметінде Агенттің бұйрықтарын және жарлықтарын, ҚР заңдарын, сондай-ақ, Ережені басшылыққа алады.

Кеңес жанында Кеңес Төрағасы шешімімен осы салаға маманданған жетекші жобалау, ғылыми ұйымдардың, сараптама ұйымдарының және құрылыс компанияларының басшы/мамандарынан, сумен жабдықтау және тасымалдау ірі мекемелерінің техникалық басшыларынан және сәйкес бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуші ғалымдардан тұратын жұмыс тобы құрылуы мүмкін.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ-ның жобаларды дамыту кешенді бағдарламаларына тартылатын әр түрлі ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру және келістіру мәселелері бойынша негізгі міндеттеріне мыналар кіреді:

· «Қазақ Суарнажоба» АҚ орындаған жұмыстар бойынша субмердігер ретінде аймақтық компанияларды оларға қолдау көрсету, жоба жұмыстары бойынша негізгі техникалық шешімдерді дамыту және үйлестіру мақсатында жұмысқа тарту;

· Бірыңғай салалық нормативтік-техникалық базаны жетілдіру және сумен жабдықтау және тасымалдау бойынша салалық инфрақұрылыстық жобалардың жобалық құжаттамасының бірыңғай республикалық мұрағатын құру.

· салалық инфрақұрылыстық жүйелерді дамытудың кешенділігін қамтамасыз ету, аздаған күрделі шығындармен техникалық шешімдердің сенімділігін арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдануға байланысты ұсыныстарды келісу және жасап шығару үшін жоба алдындағы және жобалық шешімдерді қарастыру;

· Техникалық инфраструктураның салалық жүйелерінің құрылысы мен қайта жарақтандырылуында келісіммен ұсынылатын өнімдер өндіретін мекемелер мен өндірістер тізімін қарастыруға және құруға қатысу.

· Саладағы инновациялық қызмет тиімділігін арттыруға ықпал ететін техникалық саясатты дамытудың басымдық және келешек бағыттарын анықтау.

· Материалдар мен жабдықтар шығаратын қазіргі заманғы мекемелер құрылысы үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту арқылы сумен жабдықтау және тасымалдау жүйелерінің құрылысы, қайта жарақтандырылуы және жаңартылуы жобаларының қазақстандық үлесін көтеру бағдарламасын іс жүзіне асыру.

· Инжиниринг және техникалық инфраструктураны дамыту саласында консультациялық қызмет көрсету.

· Қазақстандағы және шетелдегі алдыңғы қатарлы тәжірибе мен аса тиімді технологияларды анықтау, бағалау, енгізу және таратуға ықпал ету.

· Саланың техникалық мамандарын орталықтандырылған оқыту мен қайта даярлау.

Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013