Cала бойынша статистикалық мәліметтер

Cала бойынша статистикалық мәліметтер

Қалалық жерлердегі сумен жабдықтау жағдайы

Бүгінгі күні республика қалаларында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде тұр.

Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі мәліметтері бойынша 2011жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қала тұрғындарын орталықтанған сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету -82 % құрайды.

Қазақстан Республикасы тұрғындардың орталықтанған сумен жабдықтау жүйелеріне қолжетімділігі деңгейі бойынша дамыған елдерден төменгі орында, оларда бұл көрсеткіш 90–95 % құрайды.

Республика бойынша қалаларда су құбырлары тізбектерінің жалпы ұзындығы 27 000,3 км, оның ішінде тартылып жатқан су құбырлары тізбектері – 18 173, 7 км, мұнда республика бойынша қазіргі күні 2 188 км «иесіз» тізбек болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі мәліметтері бойынша су құбырлары тізбектерінің көбісінің жағдайы қанағаттанарлықсыз дәрежеде, сенімді қолданудың нормативтік мерзімі 25 жыл деп есептесек, сумен жабдықтау тізбектерінің 36% -ы жұмыс істеу жағдайында, тізбектердің 64%-ға жуығы күрделі жөндеуді және толық ауыстыруды қажет етеді.

Негізінен су құбырлары тізбектері 25–40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті ашық немесе қорғалмаған (көбінесе болат және шойын құбырлар). Сондықтан коррозия әсерінен су тасу және су құбырлары тізбектері тез ескіріп, бітеліп қалған, бұл су құбырларының су өткізу қабілетін төмендетіп, апат санын көбейтеді, судың жоғалып, ауыз судың сапасының нашарлауына әкеліп соғады.

Осының әсерінен, сумен жабдықтау тізбектерінде жыл сайын судың босқа далаға кетуі мөлшері белгіленіп отыр. Мысалы, 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда судың далаға кетуі 10,9 % -ға көбейген.

Сумен жабдықтауды жақсарту шараларын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаржының пайдаланылуы нәтижесінде республика бойынша сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік 5,3 %-ға көбейді, бүкіл республика бойынша сумен жабдықтау тізбектеріндегі апат саны 2004 жылмен салыстырғанда 15,8 %-ға азайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 01 ақпан 2010 жылғы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық даму жоспарына сәйкес ТҮКШ саласындағыстратегиялық мақсаттардың бірі 2015 жылға қарай су тасымалдау барысында суды жоғалтудың нормативтік деңгейін 19%-ға дейін, 2020 жылға қарай- 15%-ға дейін жеткізу болып табылады.

Сонымен, «Қазақстан Су Арнасы» Ассоциациясы мәліметтері бойынша, сумен жабдықтау бойынша қалалық мекемелерде су балансында іс жүзінде коммерциялық судың орташа республикалық жоғалу деңгейі 15-тен 25 %-ға дейін жетеді. Бұдан шығатыны, 2 жыл ішінде сумен жабдықтау секторында үлкен жұмыстар атқару керек – Стратегиялық жоспарда белгіленген индикаторларға қол жеткізу үшін нормадан жоғары жоғалуларды шектеу, сосын нормативті жоғалу деңгейін 2–3%-ға төмендету керек.

Мұнда мынаны түсіну керек, сумен жабдықтау тізбектері су құбырларын 100 %-ға ауыстырудың өзі суалғы суларын түгелдей су көздерінен тұтынушыға дейін құралдар арқылы есептеуді ұйымдастырмай, нормадан артық (коммерциялық) жоғалуларды шектеу мүмкін болмайды, пайдаланылатын мекемелердегі шынайы су тепе-теңдігіне қол жеткізілмейді.

Суды тарату мен пайдаланудың барлық деңгейлерінде су есептеудің қолжетімді мәліметтері ғана мекеменің су тепе-теңдігін қалыптастырады, оған анализ жасау өз кезегінде суды тасымалдау кезіндегі судың жоғалуының төменгі немесе жоғарғы деңгейін көрсетеді.

Суды сапалы түрде есепке алудың бір ғана ұйымының өзі мекеменің су тепе-теңдігіндегі нормадан артық жоғалуды 2–3 есе қысқартуға мүмкіндік береді.

Бос қаржының жоқ кезінде суды есепке алудың жеке құралдарын алу мен орнату міндеттерін орындай отырып, пайдаланылатын мекемелер сатып алынатын және орнатылатын құралдардың дәлдік класына көбінесе назар аудармаған, оларды таңдау критерийі олардың бағасы болған, нәтижесінде суды коммерциялық есепке алудың құралдары паркі өзі арзан, А және В дәлдігінің класы төмен құралдарға толы.

Суды тұтыну көрсеткіштері архивациясын ұйымдастыру бойынша қазіргі заманғы бүкіл әлемдегі көрсеткіштерді алыс қашықтықтан көрсету мүмкіндіктері бар технологиялар стационарлық технологиялармен немесе абоненттік қызметтердің тасымалданатын жабдығымен біріккен, ал бұл мекемелерде су есептеудің автоматтанған жүйесін енгізуге негіз болады.

Суды есепке алудың жаңа технологияларына өтуді Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларының сумен жабдықтау бойынша пайдаланылатын мекемелері бастады, көбінесе жаңа тұтынушылардың сумен жабдықтау жүйелеріне қосылуына техникалық талаптар қою арқылы.

Ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау мәселесі

2010 жылы 2002–2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23 қаңтар 2002 жылғы № 93 қаулысымен бекітілген «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды.

Бұл бағдарлама шаралары ауылдық жерлер тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бөлімі бойынша мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді:

бүкіл ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтанған көздерінен суды пайдаланатын тұрғындар саны 20–25 % көбейді;

жалпы сумен қамтамасыз ету деңгейі 80%ға дейін көтерілді.

Бағдарлама аясында барлығы 12 935 км су құбырлары мен ауыз сумен жабдықтау тізбектері салынған, қайта жарақталған және күрделі жөндеуден өткізілген, адам саны 3,5 млннан аса ауылдық жер тұрғындары бар 3 449 елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылған.

Талданып отырған кезеңде тасып ішетін суды пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 6 еседен асаға қысқарды және 71,1 мың адамды құрады. Санитарлық нормаға сәйкес келмейтін су құбырлары 336-дан 133 бірлікке дейін төмендеді.

Бағдарламаны іске асырудың белгілі оң нәтижелеріне қарамастан, осы күнге дейін ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері қалып отыр.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша, 2011 жылғы 1қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі-АЕМ) орталықтандырылған сумен жабдықтау 13,5 %-ға өсті және 42,5% құрады.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметтері бойынша, АЕМ жалпы санынан — 6943 орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмағандарға жатады,3 592 АЕМ 3 млннан аса адамы бар немесе 40 % барлық ауыл тұрғындарынан. Мұндай АЕМ 4 категория бойынша топтастырылған және 1 таблицада берілген.

1таблица

Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмаған АЕМ категориялары

№ р/с АЕМ категориялары АЕМ саны Үлес салмағы, %
1. Тасып әкелетін суды пайдаланатындар 134  3,7 
2. Топтық су құбырларына қосуды талап ететіндер 386  10,7 
3. Топтық су құбырлары (қайта жарақтау және салу) 114  3,2 
4. Орталықтанбаған сумен жабдықтау жүйесі 2958  82,4 

Бүтіндей алғанда, 2002–2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру кезінде бюджеттік қаржыны тиімсіз пайдалану, су тасу құрылыстары мен қайта жарақтандырылуларын сапасыз салу, жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау мерзімдерін бұзу және ауыз су сапасын қамтамасыз етпеу сияқты фактілер орын алды.

Оның басты себебі орталық және жергілікті атқару органдарының арасында сумен жабдықтау жүйелерін дамыту мен жаңарту жұмыстарын жоспарлауда жүйелік ыңғай мен қажетті өзара әрекеттестіктің болмауы болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттен келген қаржы ылғи басымдықтарға сәйкес жүзеге асырылмады. Нәтижесінде, кей жағдайларда аз ғана бюджет қаржысына салынған объектілер көп уақыт бойы салынбай тұрып қалды, ал басқалары қаржының жеткіліксіздігінен аз ғана бөлігі қайта жарақтандырылды.

Сондай-ақ, 2002–2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру нәтижелерін талдау көрсеткендей, ауылдық жерлерде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінде пайдаланылатын мекемелердің жоқтығы және олардың материалдық-техникалық жарықтандырылуының жеткіліксіздігі қол байлайтын факторлардың бірі болды.

Қалалық жерлердегі су бұру жағдайы

Статистика Агенттігінің 2009 жылғы мәліметтері бойынша, қалалық жерлерде тізбектерінің жалпы ұзындығы 12 455, 8 км болатын 186 су тасымалдау мекемесі бар, олардың 8712 км немесе 70% жөндеуді қажет етеді.

Қалаларда су тасымалдау инфрақұрылысына қосу деңгейінің диапазоны өте кең – Аягөз қаласында 12%-дан бастап Сәтбаев қаласында 98%-ға дейін. Облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында тұрғындардың 60–94 %-ы су тасымалдау жүйелеріне қосылған. Көптеген өндірістік бағыттағы қалаларда, мысалы, Риддер, Зыряновск, Қаратау, Сәтбаев, Жезқазған, Жаңатас сияқты қалаларда су тасымалдау жүйелеріне қосу деңгейлері жоғары — 90 %-дан асады.

Мұнда су тасымалы бар қалалық тұрғын үй қоры жалпы көлемінің үлес салмағы республика бойынша орташа есеппен – 73,4%.

39 қала мен ауылда тазалау құрылғылары тіпті жоқ, соған сәйкес ағын суды төгу тазалаусыз жүргізіледі.

Тазалаудан өткізілетін ағынсулардың жалпы көлемінің нормативті талаптарға жететіні 64,0%, қалғандары 36,0% тазаланбаған ағынсу тікелей сүзгіалаңына төгіледі, мысалы, Тараз қаласында, ал Көкшетау, Орал, Петропавловск, Қостанай қалаларында су жинайтын жерлерге төгіледі.

Көптеген қолданыстағы тазалау құрылғылары өздерінің пайдаланылу ресурстарын тауысқан және жөндеуді қажет етеді, ал басқалары – шамадан артық жұмыс істейді, ал бұл ағынсулардың тазалау технологиясының жобалық деректерге сәйкес келмеуіне әкеледі.

Осылайша, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыс қалаларында жеткіліксіз тазаланған су пайызы 39-дан 72 %-ға дейін құрайды.

Бұл — қолда бар тазалау құрылғылары шамадан тыс салмақты көтеретінінің дәлелі.

Мұндай тазаланған ағын су жинағыштар қоршаған бөгеттерді бұзудың апатты шегіне жеткенше толтырылады.

Сонымен бірге су тасымалдау тізбектері негізгі қорларының ескіргендігінің салдарынан апатты жағдайлардың деңгейі жоғары болып отыр, мысалы, 2009 жылы су тасымалдау тізбектерінің апатты жағдайда болуы республика бойынша орташа есеппен 1 км-ге 0,2 –ден 29,5 апатқа дейін құрады.

Өндірістік мекемелердің ағынсуларының көптеген бөлігі тікелей қалалық тазалау құрылғыларына келіп түседі, бұл құрылғылар өндірістік ағынсуларды тазалауға есептелмеген. Соңғы уақытта тұрмыстық ағынсуларда шетелдік жуу құралдарының ағындысы көп кездесетін болды, оларды тазалау қиын әрі табиғи ортаға зиянды әсері ұзақ уақыт бойы сақталады, және соған сәйкес су көздерін ластайды.

МООС мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта 43 ірі өндіріс мекемесінің ағынсу төгуі 50%-ы қойылатын талаптарға сәйкес келмейді, су тасымалдау жүйелеріндегі төгінді сулардың құрамындағы зиянды заттардың жиынтығы рұқсат етілетін норма шегінен асып түседі. Бүтіндей алғанда, республика елді мекендерінің көпшілігінде су тасымалдау жүйелері негізгі қорының тозуы 40–70 % құрайды, ал кейбіреулерінде 100 %-ға дейін жетеді.

Ауылдық жерлердегі су бұру жағдайы

Статистика Агенттігінің 2009 жылғы мәліметтері бойынша, ауылдық жерлерде жалпы ұзындығы 2075,5 км болатын оның 1452 км –і жөндеуді қажет ететін су бұру тізбектері бар 163 мекеме бар.

Су бұру жүйесімен ауылдық жерлердегі тұрғын үй қоры жалпы көлемінің салмақ үлесі республика бойынша орташа есеппен -8,8% құрайды.

Ауылдық елді мекендерде ағынсулардың жалпы көлемінен нормативтік талаптарға дейін 45,4% -ы тазаланады, қалған 54,6 % -тазаланбаған науалар.

Бұрын ауылдық жерлерде су бұру объектілері құрылысына жеткілікті көңіл бөлінген жоқ, өйткені сумен жабдықтауға басымдылық берілді. Су бұру жүйелері көбінесе аудан орталықтарында және үлкенірек ауылдарда ғана құрылды. Сонымен қатар ағынсуларды бұру тек әкімшілік-шаруашылық ғимараттарда, мектептерде, ауруханаларда және көпқабатты құрылыстарда

ғана жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде қалдықтарды алысқа төгудің сыртқа шығару жүйесі (ассенизациялық) басым орын алады, канализациялық (балқыту арқылы) азғантай пайызда ғана -3–5 % шегінде.

Сонымен бірге, поселоктардың санитарлық жағдайын, алдағы уақытта күтілетін сумен жабдықтау шығындарын ескере отырып, бірінші кезеңде мүмкін су бұрудың орталықтандырылған жүйесін орнатпай –ақ, локалды тазалау құрылғыларын, қоғамдық және өндірістік объектілердегі септиктерді жетілдіру арқылы жақсарту керек болар.

.