Сапа менеджменті жүйесі

СМЖ

Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы өндірістің дамуының елімізде өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен өңдеуші өнеркәсіпке көшу; халықтың өскелең сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру сияқты жаңа басымдықтарын айқындады.

Осыған байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуде жаңа тәсілдемелерді пайдаланудың, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігі мен қауіпсізідігін қамтамасыз ету проблемасын шешудің қажеттілігі туындады. Қазақстандық өнімнің экспортын кеңейту үшін өнімнің сапа деңгейін арттыруға қол жеткізу, қазіргі заманғы басқару жүйелерін енгізу керек.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ басшылығы нақты саяси, тарихи және экономикалық ахуалды негізге алып және Қоғам қызметінің маңызын ескеріп, сапа менеджменті жүйесі мен экологиялық менеджмент жүйесін енгізу жөнінде шешім қабылдады.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ философиясы жауапкершіліктің жоғары санаттағы және маңызды жобалар әзірлеу жөнінде жұмыстар мен қызметтер көрсетуге негізделген.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ тапсырыс берушілердің, меншік иелерінің, менеджменттің және қызметкерлердің, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен сұранысын жүйелі әрі теңгерімді қанағаттандырудың арқасында ұзақ мерзімді тұрақты табысқа жетуді көздейді.

Сапа менеджменті жүйесі қойылған мақсаттар мен міндеттерді тиімді орындауға, қызметтің барлық бағыттарын іске асыруға, барлық ұйымдастыру процестерінің сапасын ұдайы арттыруға арналған

ҚР СТ ИСО 9001:2009 (сапа менеджменті), ҚР СТ ИСО 14001:2006 (қоршаған ортаны қорғау стандарттарына сәйкестік сертификаттары «QS Azia Sertik» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі тәуелсіз органнан 2016 жылғы маусымда алынды.

ҚР СТ ИСО 14001:2006 "Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі басшылық" талаптарына сәйкес «Қазақ Суарнажоба» АҚ әкімшілік ғимараты бойынша экологиялық аспектілер сәйкестендірілді және қоршаған ортаға жасалатын әсерді барынша азайту шаралары, сондай-ақ жағымсыз жағдайлардың туындауына жол бермеу жөніндегі шаралар әзірленді

ҚР СТ ИСО 9001:2009 "Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар" талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі ішкі нормативтік құжаттардың базасы өзара байланыстылық, өзара толықтыру және қайшылық етпеу қағидасы бойынша әзірленіп, енгізілді.

«Қазақ Суарнажоба» АҚ барлық деңгейдегі басшылары сапа менеджменті жүйесінде белгіленген барлық талаптардың сақталуы үшін жауп береді.

> Сертификат СМК от 21.06.2016г. проектные, изыс. работы (1.4 MB)

Сертификат СЭМ от 21.06.16г. проектные, изыск. работы (1.4 MB)

Мемлекеттік рәміздер

Мамыр 24, 2013
Мемлекеттік рәміздер

Басшы туралы ақпарат

Қазан 9, 2013
АҚ Президенті

Заң шығару базасы

Маусым 1, 2013
Заң